Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламентов государственных услуг

Қаулы · № 522 · қабылданған 20.03.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-79445/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об утверждении регламентов государственных услуг Күшін жойған Қаулы ·№ 522 ·20.03.2014
13.11.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.11.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламентов государственных услуг

Күшін жойған Қаулы ·№ 522 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламентов государственных услуг
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
522
Қабылданған күні
20.03.2014
Көрсетілген редакция
13.11.2014 AI79445_2.kaz
Соңғы өзгеріс
13.11.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14L0004648
ЭКБ идентификаторы
79445
Редакция идентификаторы
AI79445_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:24

0 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған:

"Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
"Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
"Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
"Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары А.Ш. Әлназароваға жүктелсін.

3

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ "Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы N 137 қаулысы қолданысқа енгізілгеннен бұрын емес.

4 Қызылорда облысы әкімдігінің

2014 жылғы "20" наурыздағы
N 522 қаулысымен бекітілген
"Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Қызмет берушінің атауы: облыстың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру "Қызылорда облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – басқарма) арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы N 137 қаулысымен бекітілген "Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша миссионерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік) немесе стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап (бұдан әрі - бас тарту).

4 4. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме: көрсетілетін қызметті алушының басқармаға стандарттың 2-қосымшасына сәйкес өтініш ұсынуы.

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) басқармаға стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;

2

2) басқарманың кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдап алған тұлғаның тегі, аты-жөні, құжаттардың қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, құжаттар пакетінің қабылдап алынғанын растайтын мөртаңба қойылған көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесін береді және құжаттарды басқарма басшысына ұсынады (отыз минуттан аспайды);

3 3) басқарма басшысы құжаттарды қарайды және орындаушыға жолдайды (отыз минуттан аспайды);

4 4) орындаушы құжаттарды қарайды, құжаттар стандарттың 10-тармағындағы осы мемлекеттік қызметті көрсету үшін белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда бас тартуды әзірлейді және көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды (екі жұмыс күні ішінде);

5 5) көрсетілетін қызметті беруші бас тартуға қол қояды және басқармаға жолдайды (екі жұмыс күні ішінде);

6 6) басқарманың кеңсе қызметкері бас тартуды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға (не сенімхат бойынша оның өкіліне) береді (отыз минуттан аспайды);

7 7) құжаттар белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, орындаушы куәлікті әзірлейді және көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды (күнтізбелік жиырма төрт күн ішінде);

8 8) көрсетілетін қызметті беруші куәлікке қол қояды және басқармаға жолдайды (екі жұмыс күні ішінде);

9 9) басқарманың кеңсе қызметкері куәлікті тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға (не сенімхат бойынша оның өкіліне) береді (отыз минуттан аспайды).

Материалдар бойынша қорытынды алу үшін дінтану сараптамасын жүргізу кезінде тіркеу немесе қайта тіркеу мерзімі тоқтатыла тұрады. Сараптама жүргiзу мерзiмі сараптама объектісі келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайды. Сараптама жүргiзу үшiн сарапшының (сарапшылардың) қосымша материалдар мен ақпаратты зерделеуі қажет болған жағдайда, сараптама жүргiзу мерзiмi күнтiзбелiк отыз күнге ұзартылуы мүмкiн.
Көрсетілген негіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тоқтатылған (дінтану сараптамасы ұзартылған) жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші тоқтатылғаннан (дінтану сараптамасы ұзартылған) бастап екі жұмыс күні ішінде оның мерзімін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуді уақытша тоқтату туралы хабарлайды.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:

1 1) басқарманың кеңсе қызметкері;

2 2) басқарма басшысы;

3 3) орындаушы;

4 4) көрсетілетін қызметті беруші.

8 8. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігі мен ұзақтығы көрсетілген рәсімдер (іс-қимылдар) сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.

9 9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) өту блок-схемасында келтірілген.

4 4. Мемлекеттік қызметті көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

10 10. Басқарма басшысы мен көрсетілетін қызметті беруші (бұдан әрі - лауазымды тұлғалар) мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты тұлға болып табылады.

Лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапкершілікте болады.

11 11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша әрекеттерге (әрекетсіздікке) шағымдану стандарттың 3-бөліміне сәйкес жүргізіледі.

12 12. Қызмет көрсету жөніндегі ақпарат алуға, сондай-ақ, оның сапасын бағалау (оның ішінде шағымдану) қажет болған жағдайда ақпарат алу үшін байланыс телефонының нөмірі 8(7242) 605328, бірыңғай байланыс-орталығы (1414).

34 "Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын

тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша
Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігі мен ұзақтығы көрсетілген рәсімдер (іс-қимылдар) сипаттамасы
1
Іс-әре­кет­тің (ба­ры­сы, жұ­мыс ағы­ны) нө­мі­рі
1
2
3
4
5
6
7
8
2
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­лер­дің ата­уы
Бас­қар­ма­ның кең­се қыз­мет­ке­рі
Бас­қар­ма бас­шы­сы
Орын­да­у­шы
Көр­се­ті­ле­тін
қыз­мет­ті бе­ру­ші
Бас­қар­ма­ның кең­се қыз­мет­ке­рі
Орын­да­у­шы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші
Бас­қар­ма­ның кең­се қыз­мет­ке­рі
3
Іс-әре­кет­тер­дің ата­уы (үде­рі­стің, опе­ра­ция рә­сі­мі­нің) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
құ­жат­тар­ды тір­кей­ді және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға (не се­нім­хат бой­ын­ша оның өкі­ліне) өті­ніш­тің кө­шір­ме­сін бе­ре­ді
құ­жат­тар­ды қа­рай­ды
құ­жат­тар­ды қа­рай­ды және құ­жат­тар бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­ген жағ­дай­да бас тар­ту­ды әзір­лей­ді
бас тар­ту­ға қол қо­яды
бас тар­ту­ды тір­кей­ді
құ­жат­тар бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ген жағ­дай­да ку­ә­лік­ті әзір­лей­ді
ку­ә­лік­ке қол қо­яды
ку­ә­лік­ті тір­кей­ді
4
Аяқ­тау ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­стыр- әкім­ші­лік ше­шім)
құ­жат­тар­ды бас­қар­ма бас­шы­сы­на ұсы­на­ды
құ­жат­тар­ды орын­да­у­шы­ға жол­дай­ды
бас тар­ту­ды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге жол­дай­ды
бас тар­ту­ды бас­қар­ма­ға жол­дай­ды
бас тар­ту­ды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға (не се­нім­хат бой­ын­ша оның өкі­ліне) бе­ре­ді
ку­ә­лік­ті көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге жол­дай­ды
ку­ә­лік­ті бас­қар­ма­ға жол­дайы
ку­ә­лік­ті көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға (не се­нім­хат бой­ын­ша оның өкі­ліне) бе­ре­ді
5
Орын­дау мер­зі­мі
30 ми­нут­тан ас­пай­ды
30 ми­нут­тан ас­пай­ды
2 жұ­мыс кү­ні ішін­де
2 жұ­мыс кү­ні ішін­де
30 ми­нут­тан ас­пай­ды
күн­тіз­бе­лік 24 күн ішін­де
2 жұ­мыс кү­ні ішін­де
30 ми­нут­тан ас­пай­ды

35 "Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын

тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігі сипаттамасының өту блок-схемасы

36 Қызылорда облысы әкімдігінің

2014 жылғы "20" наурыздағы
N 522 қаулысымен бекітілген
"Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Қызмет берушінің атауы: облыстың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру "Қызылорда облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – басқарма) арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу хат (бұдан әрі – келісу хаты) не Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы N 137 қаулысымен бекітілген "Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру" (бұдан әрі – стандарт) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап (бұдан әрі – бас тарту).

4 4. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме: көрсетілген қызметті алушының басқармаға мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес өтініш беруі.

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) басқармаға стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;

2

2) басқарманың кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдап алған тұлғаның тегі, аты-жөні, құжаттардың қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, мөртаңба қойылған құжаттар топтамасының қабылданғанын растайтын көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесін береді және құжаттарды басқарма басшысына ұсынады (отыз минуттан аспайды);

3 3) басқарма басшысы құжаттарды қарайды және орындаушыға жолдайды (отыз минуттан аспайды);

4 4) орындаушы құжаттарды қарайды, құжаттар стандарттың 10-тармағындағы осы мемлекеттік қызметті көрсету үшін белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда бас тартуды әзірлейді және көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды (екі жұмыс күні ішінде);

5 5) көрсетілетін қызметті беруші бас тартуға қол қояды және басқармаға жолдайды (екі жұмыс күні ішінде);

6 6) басқарманың кеңсе қызметкері бас тартуды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға (не сенімхат бойынша оның өкіліне) береді (отыз минуттан аспайды);

7 7) құжаттар белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, орындаушы келісім-хатты әзірлейді және көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды (күнтізбелік жиырма төрт күн ішінде);

8 8) көрсетілген қызметті беруші келісім-хатқа қол қояды және басқармаға жолдайды (екі жұмыс күні ішінде);

9 9) басқарманың кеңсе қызметкері келісім-хатты тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға (не сенімхат бойынша оның өкіліне) береді (отыз минуттан аспайды).

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:

1 1) басқарманың кеңсе қызметкері;

2 2) басқарма басшысы;

3 3) орындаушы;

4 4) көрсетілетін қызметті беруші.

8 8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы сипатталған құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлер) Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігі мен ұзақтығы көрсетілген рәсімдер (іс-қимылдар) сипаттамасы осы регламенттің 1–қосымшасында келтірілген.

9 9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) өту блок-схемасында келтірілген.

4 4. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

10 10. Басқарма басшысы мен көрсетілетін қызметті беруші (бұдан әрі - лауазымды тұлғалар) мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғалар болып табылады.

Лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуде жауапкершілікте болады.

11 11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша әрекеттерге (әрекетсіздікке) шағымдану стандарттың 3-бөліміне сәйкес жүргізіледі.

12 12. Қызмет көрсету жөніндегі ақпарат алуға, сондай-ақ, оның сапасын бағалау (оның ішінде шағымдану) қажет болған жағдайда ақпарат алу үшін байланыс телефонының нөмірі 8(7242) 605328, бірыңғай байланыс-орталығы (1414).

66 "Діни іс-шараларды өткізуге арналған

үй-жайларды ғибадат үйлерінен
(ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға
келісу туралы шешім беру"
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
1-қосымша
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілен құрылымдық бөлімшелердің (қызметкердердің) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдың) реттілігінің сипаттамасы
1
Іс-әре­кет­тің (ба­ры­сы, жұ­мыс ағы­ны) нө­мі­рі
1
2
3
4
5
6
7
8
2
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­лер­дің ата­уы
Бас­қар­ма­ның кең­се қыз­мет­ке­рі
Бас­қар­ма бас­шы­сы
Орын­да­у­шы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші
Бас­қар­ма­ның кең­се қыз­мет­ке­рі
Орын­да­у­шы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші
Бас­қар­ма­ның кең­се қыз­мет­ке­рі
3
Іс-әре­кет­тер­дің ата­уы (үде­рі­стің, опе­ра­ция рәс­мі­нің) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
құ­жат­тар­ды тір­кей­ді және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға (не се­нім­хат бой­ын­ша оның өкі­ліне) өті­ніш­тің кө­шір­ме­сін бе­ре­ді
құ­жат­тар­ды қа­рай­ды
құ­жат­тар­ды қа­рай­ды, құ­жат­тар бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­ген жағ­дай­да бас тар­ту­ды әзір­лей­ді
бас тар­ту­ға қол қо­яды
бас тар­ту­ды тір­кей­ді
құ­жат­тар­ды қа­рай­ды, құ­жат­тар бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ген жағ­дай­да ке­лі­сім-хат­ты әзір­лей­ді
ке­лі­сім-хат­қа қол қо­яды
ке­лі­сім-хат­ты тір­кей­ді
4
Аяқ­тау ны­са­ны (де­ректер, құ­жат ұй­ым­да­сты­ру – әкім­ші­лік. ше­шім)
құ­жат­тар­ды бас­қар­ма бас­шы­сы­на ұсы­на­ды
құ­жат­тар­ды орын­да­у­шы­ға жол­дай­ды
бас тар­ту­ды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге жол­дай­ды
бас тар­ту­ды бас­қар­ма­ға жол­дай­ды
бас тар­ту­ды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға (не се­нім­хат бой­ын­ша оның өкі­ліне) бе­ре­ді
ке­лі­сім-хат­ты көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге жол­дай­ды
ке­лі­сім-хат­ты бас­қар­ма­ға жол­дайы
ке­лі­сім-хат­ты көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға (не се­нім­хат бой­ын­ша оның өкі­ліне) бе­ре­ді
5
Орын­дау мер­зі­мі
30 ми­нут­тан ас­пай­ды
30 ми­нут­тан ас­пай­ды
2 жұ­мыс кү­ні ішін­де
2 жұ­мыс кү­ні ішін­де
30 ми­нут­тан ас­пай­ды
күн­тіз­бе­лік 24 күн ішін­де
2 жұ­мыс кү­ні ішін­де
30 ми­нут­тан ас­пай­ды

67 "Діни іс-шараларды өткізуге арналған

үй-жайларды ғибадат үйлерінен
(ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға
келісу туралы шешім беру"
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
2-қосымша
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігі сипаттамасының өту блок-схемасы

68 Қызылорда облысы әкімдігінің

2014 жылғы "20" наурыздағы
N 522 қаулысымен бекітілген
"Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Қызмет берушінің атауы: облыстың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру "Қызылорда облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – басқарма) арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім (бұдан әрі – шешім).

4 4. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

5

5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме: көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) басқармаға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпанындағы N 137 қаулысымен бекітілген "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) қосымшасына сәйкес өтініш беруі.

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) басқармаға стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;

2

2) басқарманың кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға (не сенімхат бойынша оның өкіліне) құжаттарды қабылдап алған тұлғаның тегі, аты-жөні, құжаттардың қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп мөртаңба қойылған, құжаттар пакетінің қабылдап алынғанын растайтын көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесін береді және құжаттарды басқарма басшысына ұсынады (отыз минуттан аспайды);

3 3) басқарма басшысы құжаттарды қарайды және орындаушыға жолдайды (отыз минуттан аспайды);

4 4) орындаушы құжаттарды қарайды, шешімді әзірлейді және көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды (күнтізбелік жиырма алты күн ішінде);

5 5) көрсетілетін қызметті беруші шешімге қол қояды және басқармаға жолдайды (екі жұмыс күні ішінде);

6 6) басқарманың кеңсе қызметкері шешімді тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға (не сенімхат бойынша оның өкіліне) береді (отыз минуттан аспайды).

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:

1 1) басқарманың кеңсе қызметкері;

2 2) басқарма басшысы;

3 3) орындаушы;

4 4) көрсетілетін қызметті беруші.

8 8. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігі мен ұзақтығы көрсетілген рәсімдер (іс-қимылдар) сипаттамасы осы регламенттің 1–қосымшасында келтірілген.

9 9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) өту блок-схемасында келтірілген.

4 4. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

10 10. Басқарма басшысы мен көрсетілетін қызметті беруші (бұдан әрі - лауазымды тұлғалар) мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғалар болып табылады.

Лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуде жауапкершілікте болады.

11 11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша әрекеттерге (әрекетсіздікке) шағымдану стандарттың 3-бөліміне сәйкес жүргізіледі.

12 12. Қызмет көрсету жөніндегі ақпарат алуға, сондай-ақ, оның сапасын бағалау (оның ішінде шағымдану) қажет болған жағдайда ақпарат алу үшін байланыс телефонының нөмірі 8 (7242) 605328, бірыңғай байланыс-орталығы(1414).

95 "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату

үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын
бекіту туралы шешім беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігі мен ұзақтығы көрсетілген рәсімдер (іс-қимылдар) сипаттамасы
1
Іс-әрекеттің (барысы, жұмыс ағыны) нөмірі
1
2
3
4
5
2
Құрылымдық бөлімшелердің атауы
Басқарманың кеңсе қызметкері
Басқарма басшысы
Орындаушы
Көрсетілетін қызметті беруші
Басқарманың кеңсе қызметкері
3
Іс-әрекеттердің атауы (үдерісі, операция рәсімінің) атауы және олардың сипаттамасы
құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға (не сенімхат бойынша оның өкіліне) өтініштің көшірмесін береді
құжаттарды қарайды
құжаттарды қарайды және шешімді әзірлейді
шешімге қол қояды
шешімді тіркейді
4
Аяқтау нысаны (деректер, құжат) ұйымдастыру – әкімшілік шешім)
құжаттарды басқарма басшысына ұсынады
құжаттарды орындаушыға жолдайды
шешімді көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды
шешімді басқармаға жолдайды
шешімді көрсетілетін қызметті алушыға (не сенімхат бойынша оның өкіліне) береді
5
Орындау мерзімі
30 минуттан аспайды
30 минуттан аспайды
күнтізбелік 26 күн ішінде
2 жұмыс күні ішінде
30 минуттан аспайды

96 "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де

ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы
заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігі сипаттамасының өту блок-схемасы

97 Қызылорда облысы әкімдігінің

2014 жылғы "20" наурыздағы
N 522 қаулысымен бекітілген
"Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Қызмет берушінің атауы: облыстың жергілікті атқарушы органы ("Қызылорда облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – басқарма) келісімі бойынша "Қызылорда облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – облыстың жергілікті атқарушы органының ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау, немесе үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешімі (бұдан әрі - шешім) немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы N 137 қаулысымен бекітілген "Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелдеген жауабы (бұдан әрі – бас тарту).

4 4. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме: көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің көрсетілетін қызметті берушіге стандарттың 1 немесе 2-қосымшаларына сәйкес өтініш ұсынуы.

6 6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің процесіне кіретін, әрбір рәсімнің (іс - қимылдың) мазмұны, оларды орындаудың ұзақтығы:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;

2

2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға (не сенімхат бойынша оның өкіліне) құжаттарды қабылдап алған тұлғаның тегі, аты-жөні, құжаттардың қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, мөртаңба қойылған көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесін береді және құжаттарды басқарманың басшысына ұсынады (отыз минуттан аспайды);

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және орындаушыға жолдайды (отыз минуттан аспайды);

4 4) орындаушы құжаттарды қарайды, құжаттар стандарттың 10-тармағындағы осы мемлекеттік қызметті көрсету үшін белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды (екі жұмыс күн ішінде);

5 5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бас тартуға қол қояды және кеңсе қызметкеріне жолдайды (отыз минуттан аспайды);

6 6) кеңсе қызметкері бас тартуды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға (не сенімхат бойынша оның өкіліне) береді (отыз минуттан аспайды);

7 7) құжаттар белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда орындаушы шешімнің жобасын дайындайды және келісім алуға басқармаға жолдайды (жеті күнтізбелік күн ішінде);

8 8) басқарма шешімнің жобасымен келіседі (бұдан әрі - келісім) немесе келісуден бас тартады және көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды (он төрт күнтізбелік күн ішінде);

9 9) кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (отыз минуттан аспайды);

10 10) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және орындаушыға жолдайды (отыз минуттан аспайды);

11 11) орындаушы құжаттарды қарайды, шешімді немесе бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (жеті күнтізбелік күн ішінде);

12 12) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы шешімге немесе бас тартуға қол қояды және кеңсе қызметкеріне жолдайды (отыз минуттан аспайды);

13 13) кеңсе қызметкері шешімді немесе бас тартуды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға (не сенімхат бойынша оның өкіліне) береді (отыз минуттан аспайды).

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі;

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3 3) орындаушы;

4 4) басқарма.

8 8. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігі мен ұзақтығы көрсетілген рәсімдер (іс-қимылдар) сипаттамасы осы регламенттің 1–қосымшасында келтірілген.

9 9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) өту блок-схемасында келтірілген.

4 4. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

10 10. Көрсетілетін қызметті беруші мен басқарма басшысы (бұдан әрі – лауазымды тұлғалар) мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге жауапты тұлғалар болып табылады.

Лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапкершілікте болады.

11 11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша әрекеттерге (әрекетсіздікке) шағымдану стандарттың 3-бөліміне сәйкес жүргізіледі.

12 12. Қызмет көрсету жөнінде ақпарат алуға, сондай-ақ, оның сапасын бағалау (оның ішінде шағымдану) қажет болған жағдайда ақпарат алу үшін байланыс телефондарының нөмірі: 8 (7242) 605347, бірыңғай байланыс орталығы (1414).

131 "Дін қызметі саласындағы уәкілетті органмен келісім

бойынша ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және
олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді
(ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары)
етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы
шешім беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігі мен ұзақтығы көрсетілген рәсімдер (іс-қимылдар) сипаттамасы
1
Іс-әре­кет­тің (ба­ры­сы, жұ­мыстар ағы­ны) нө­мі­рі
1
2
3
4
5
6
2
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­лер­дің ата­уы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се қыз­мет­ке­рі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы
Орын­да­у­шы
Бас­қар­ма
бас­шы­сы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се қыз­мет­ке­рі
Орын­да­у­шы
3
Іс-әре­кет­тер­дің (үде­рі­стің, опе­ра­ция рә­сі­мі­нің) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
құ­жат­тар­ды тір­кей­ді, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға (не се­нім­хат бой­ын­ша оның өкі­ліне) өті­ніш­тің кө­шір­ме­сін бе­ре­ді
құ­жат­тар­ды
қа­рай­ды
құ­жат­тар­ды қа­рай­ды, құ­жат­тар бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­ген жағ­дай­да бас тар­ту­ды
дай­ын­дай­ды
бас тар­ту­ға
қол қо­яды
бас тар­ту­ды тір­кей­ді
құ­жат­тар бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ген жағ­дай­да ше­шім жо­ба­сын дай­ын­дай­ды
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру-әкім­ші­лік ше­шім)
құ­жат­тар­ды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы­на ұсы­на­ды
орын­да­у­шы­ға жол­дай­ды
бас тар­ту­ды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы­на жол­дай­ды
кең­се қыз­мет­ке­ріне жол­дай­ды
бас тар­ту­ды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға (не се­нім­хат бой­ын­ша оның өкі­ліне) бе­ре­ді
ше­шім жо­ба­сын бас­қар­ма­ға жол­дай­ды
5
Орын­да­лу мер­зі­мі
30 ми­нут­тан ас­пай­ды
30 ми­нут­тан ас­пай­ды
2 жұ­мыс кү­ні ішін­де
30 ми­нут­тан ас­пай­ды
30 ми­нут­тан ас­пай­ды
7 күн­тіз­бе­лік күн ішін­де
1
Іс-әре­кет­тің (ба­ры­сы, жұ­мыстар ағы­ны) нө­мі­рі
7
8
9
10
11
12
2
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­лер­дің ата­уы
Бас­қар­ма
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се қыз­мет­ке­рі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы
Орын­да­у­шы
Бас­қар­ма
бас­шы­сы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се қыз­мет­ке­рі
3
Іс-әре­кет­тер­дің (үде­рі­стің, опе­ра­ция рә­сі­мі­нің) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
ше­шім жо­ба­сы­мен ке­лі­се­ді неме­се ке­лі­су­ден
бас тар­та­ды
құ­жат­тар­ды тір­кей­ді
құ­жат­тар­ды
қа­рай­ды
ше­шім­ді неме­се
бас тар­ту­ды дай­ын­дай­ды
ше­шім­ге неме­се бас тар­ту­ға қол қо­яды
құ­жат­тар­ды
тір­кей­ді
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру-әкім­ші­лік ше­шім)
ке­лі­сі­л­ген ше­шім жо­ба­сын неме­се ке­лі­су­ден бас тар­ту­ды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге жол­дай­ды
құ­жат­тар­ды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы­на ұсы­на­ды
орын­да­у­шы­ға жол­дай­ды
ше­шім­ді неме­се
бас тар­ту­ды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы­на ұсы­на­ды
кең­се қыз­мет­ке­ріне жол­дай­ды
ше­шім­ді неме­се бас тар­ту­ды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға (не се­нім­хат бой­ын­ша оның өкі­ліне) бе­ре­ді
5
Орын­да­лу мер­зі­мі
14 күн­тіз­бе­лік күн ішін­де
30 ми­нут­тан ас­пай­ды
30 ми­нут­тан ас­пай­ды
7 күн­тіз­бе­лік күн ішін­де
30 ми­нут­тан ас­пай­ды
30 ми­нут­тан ас­пай­ды

132 "Дін қызметі саласындағы уәкілетті органмен келісім

бойынша ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және
олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді
(ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары)
етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы
шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігі сипаттамасының өту блок-схемасы

Қолданыстағы