Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламентов государственных услуг "Выдача удостоверений лицам без гражданства и видов на жительство иностранцам, постоянно проживающим в Республике Казахстан", "Регистрация и выдача разрешений иностранцам и лицам без гражданства на постоянное жительство в Республике Казахстан", "Регистрация приема и выхода из гражданства Республики Казахстан", "Присвоение и продление статуса беженца в Республике Казахстан"

Бұйрық · № 152 · қабылданған 11.03.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-79477/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении регламентов государственных услуг "Выдача удостоверений лицам без гражданства и видов на жительство иностранцам, постоянно проживающим в Республике Казахстан", "Регистрация и выдача разрешений иностранцам и лицам без гражданства на постоянное жительство в Республике Казахстан", "Регистрация приема и выхода из гражданства Республики Казахстан", "Присвоение и продление статуса беженца в Республике Казахстан" Күшін жойған Бұйрық ·№ 152 ·11.03.2014
30.05.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламентов государственных услуг "Выдача удостоверений лицам без гражданства и видов на жительство иностранцам, постоянно проживающим в Республике Казахстан", "Регистрация и выдача разрешений иностранцам и лицам без гражданства на постоянное жительство в Республике Казахстан", "Регистрация приема и выхода из гражданства Республики Казахстан", "Присвоение и продление статуса беженца в Республике Казахстан"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 152 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламентов государственных услуг "Выдача удостоверений лицам без гражданства и видов на жительство иностранцам, постоянно проживающим в Республике Казахстан", "Регистрация и выдача разрешений иностранцам и лицам без гражданства на постоянное жительство в Республике Казахстан", "Регистрация приема и выхода из гражданства Республики Казахстан", "Присвоение и продление статуса беженца в Республике Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер мен шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар беру", "Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру", "Қазақстан Республикасының азаматтығына Қабылдауды және одан шығуды тiркеу", "Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
152
Қабылданған күні
11.03.2014
Көрсетілген редакция
30.05.2015 AI79477_4.kaz
Соңғы өзгеріс
30.05.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400009320
ЭКБ идентификаторы
79477
Редакция идентификаторы
AI79477_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:33

0

"Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер мен шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар беру", "Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру", "Қазақстан Республикасының азаматтығына Қабылдауды және одан шығуды тiркеу", "Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер мен шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

2 2) «Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

3 3) «Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды және одан шығуды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

4 4) «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2 2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Көші-қон полициясы департаменті (С.С. Сайынов):

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми жариялауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаментіне (С.С. Сайынов) жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер мен шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 11 наурыздағы
№ 152 бұйрығымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер мен шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер мен шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 111 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер мен шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер мен шетелдіктің тұруға ықтиярхаттарын беру рәсімін айқындайды.

2

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында «Iшкi iстер органдарының қызметi туралы» бөлiмінде көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аумақтық көші-қон полициясы бөліністері (бұдан әрі – көші-қон полициясының бөліністері) көрсетеді.

3 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде.

4

4. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет нәтижесi «Қазақстан Республикасының азаматы паспортының, Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың, азаматтығы жоқ адамның куәлігінің, босқын куәлігінің үлгілерін және оларды қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 шілдедегі № 684 қаулысымен бекітілген үлгілер бойынша Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер мен шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар беру болып табылады.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністері (жұмыскерлері) іс-әрекеттері тәртібінің сипаттамасы

5 5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне аудандық, қалалық, облыстық ішкі істер органдары көші-қон полициясы бөлімінің (бөлімшесінің, тобының) қызметкері қатысады.

6 6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көші-қон полициясы бөліністері көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тұрғылықты жері бойынша көрсетеді.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен көрсетіледі.

7 7. Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау көші-қон полициясы бөліністерінде «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, онда көші-қон полициясы инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетіледі.

8

8. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) mvd.gov.kz интернет-ресурсында «Iшкi iстер органдарының, облыстардағы, Алматы, Астана қалаларындағы ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі – ІІД) қызметi туралы» бөлiмінде, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және көші-қон полициясы бөліністерінде орналасқан стендтерде орналастырылады.

9 9. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 30 (отыз) жұмыс күні.

3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы

10 10. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатысады:

1 1) қалалық, аудандық, қаладағы аудандық, кенттік ішкі істер органдары көші-қон полициясы бөлімінің, бөлімшесінің, тобының қызметкері;

2 2) облыстың, Алматы және Астана қалаларының ІІД көші-қон полициясы басқармасының (бұдан әрі – КҚПБ) қызметкері;

3 3) Көші-қон полициясы департаментінің (бұдан әрі – КҚПД) қызметкері;

4 4) «Ақпараттық-өндірістік орталық» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – «АӨО» РМК).

11 11. Әрбір әкімшілік іс-әрекетті орындау мерзімін көрсете отырып, әрбір ҚФБ-ның әкімшілік іс-әрекеттері (рәсімдері) реттілігінің және өзара іс-қимыл жасасуының мәтіндік кестелік сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшада келтірілген.

12 12. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы осы регламентке 2-қосымшада келтірілген.

13

13. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимыл жасасуы дәйектілігінің нақты сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығында көрінеді. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында және ІІМ-нің mvd.gov.kz, облыстардың, Алматы, Астана қалаларының интернет-ресурсында, сондай-ақ ресми ақпарат көздері мен көші-қон полициясы бөліністерінің ғимараттарында орналасқан стенділерде орналастырылады.

0.1 Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер мен шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар берудің әкімшілік іс-әрекеттері және рәсімдері реттілігінің және өзара іс-қимыл жасасуының сипаттамасы

« Қазақстан Республикасында тұрақты
тұратын азаматтығы жоқ адамдарға
куәлiктер мен шетелдiктерге тұруға
ықтиярхаттар беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер мен шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар берудің әкімшілік іс-әрекеттері және рәсімдері реттілігінің және өзара іс-қимыл жасасуының сипаттамасы
Кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы. Негізгі процесс.
Негіз­гі про­це­стің (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­ны­ның) іс-әре­кет­те­рі
1
Іс-әре­кет­тің (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­ны­ның) №
1
2
2
ҚФБ ата­уы
ІІО
ІІО
3
Іс-әре­кет­тің (про­це­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның құ­жат­тар топ­та­ма­сын қа­был­дау және тек­се­ру
Фор­му­ляр­лар­ды тол­ты­ру, дер­бес код бе­ру, кү­нін және қо­лын қою
4
Аяқ­тау ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық-өкім­дік ше­шім)
Н-2 ны­сан бой­ын­ша кі­тап­та тір­кеу
Өті­ніш ие­сіне фор­му­ляр­дың тү­бір­те­гін бе­ру
5
Орын­дау мер­зім­де­рі
10 ми­нут
10 ми­нут
6
Ке­ле­сі іс-әре­кет­тің нө­мі­рі
2
3
Кестенің жалғасы
Негіз­гі про­це­стің (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­ны­ның) іс-әре­кет­те­рі
1
3
4
5
6
2
ІІО
КҚПБ
КҚПД
КҚПД
3
ІІО-ның 3 да­на­да­ғы ті­зі­лі­мін қа­лып­та­сты­ру, оның бі­ре­уі но­мен­кла­ту­ра­лық іс­ке тігі­ле­ді, екін­ші­сі, үшін­ші­сі – Н-1 өті­ніш­тер­мен бір­ге КҚПБ-ға жі­бе­рі­ле­ді.
Фор­му­ляр­ды тол­ты­ру дұ­ры­стығы мен негіз­ді­лі­гін тек­се­ру, 3 да­на­да­ғы жиын­тық ті­зі­лім­ді қа­лып­та­сты­ру, оның бі­ре­уі но­мен­кла­ту­ра­лық іс­ке тігі­ле­ді, екін­ші­сі, үшін­ші­сі – фор­му­ляр­ла­мен бір­ге КҚПД-ға жі­бе­рі­ле­ді.
КҚПБ-дан алын­ған жиын­тық ті­зі­лім­дер­ді ІІД КҚПБ-дан ке­ліп түс­кен кі­ріс жиын­тық ті­зі­лім­дер­ді есеп­ке алу кі­та­бын­да тір­кеу
Жиын­тық ті­зі­лім­ге қо­сы­л­ған фор­му­ляр­ды тол­ты­ру дұ­ры­стығы мен негіз­ді­лі­гін тек­се­ру
4
Ті­зі­лім
Жиын­тық ті­зі­лім
Кі­ріс тір­кеу нө­мі­рі
Жиын­тық ті­зі­лім­ді өз қо­лы­мен рас­тау
5
2 күн
5 күн
1 күн
5 күн
6
5
5
6
7
Кестенің жалғасы
Негіз­гі про­це­стің (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­ны­ның) іс-әре­кет­те­рі
1
8
9
10
11
2
КҚПД
АӨО
КҚПД
КҚПД
3
Үшін­ші да­на­ны фор­му­ляр­лар­мен бір­ге «АӨО» РМК-ға жі­бе­ру
Дай­ын­дал­ған құ­жат­тар, олар­ды фор­му­ляр­лар­мен бір­ге КҚПД-ға жі­бе­ру
Дай­ын­дал­ған құ­жат­тар­дың ті­зі­лім­де­рін тір­кеу, ті­зі­лім­ді жі­бе­ру­ге қа­лып­та­сты­ру
Жі­бе­ру ті­зі­лі­мін дай­ын­дал­ған құ­жат­тар­дың ті­зі­лім­де­рі­мен, дай­ын құ­жат­тар­мен бір­ге
4
Іле­с­пе хат
Дай­ын құ­жат­тар
Жі­бе­ру ті­зі­лі­мі
Жі­бе­ру ті­зі­лі­мін КҚПБ-ға жі­бе­ру
5
1 күн
10 күн
2 күн
2 күн
Кестенің жалғасы
Негіз­гі про­це­стің (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­ны­ның) іс-әре­кет­те­рі
1
11
12
13
14
2
КҚПБ
КҚПБ
ІІО
ІІО
3
Жі­бе­ру ті­зі­лі­мі мен жиын­тық ті­зі­лім­нің үшін­ші да­на­сын но­мен­кла­ту­ра­лық іс­ке тігу
Дай­ын­дал­ған құ­жат­тар­дың ті­зі­лім­де­рін дай­ын құ­жат­тар­мен бір­ге КҚПб-ға жі­бе­ру
Өті­ніш ие­сіне құ­жат­тар­дың дай­ын еке­ні ту­ра­лы ха­бар­лау
Өті­ніш ие­сіне дай­ын­дал­ған құ­жат­тар­ды бе­ру және фор­му­ляр­лар­ды әлі­п­би­лік-анық­та­ма­лық кар­то­те­ка­ға ен­гі­зу
4
Іле­с­пе ті­зі­лім
Іле­с­пе хат
Өті­ніш ие­сіне ха­бар­лау
5
1 күн
1 күн
2 күн
10 ми­нут

0.2 Әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық қисындылығының арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба

Қазақстан Республикасында тұрақты
тұратын азаматтығы жоқ адамдарға
куәлiктер мен шетелдiктерге тұруға
ықтиярхаттар беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық қисындылығының арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба

0.3 «Азаматтығы жоқ адамдарға және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге куәліктер беру» мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процесінің анықтамасы

«Азаматтығы жоқ адамдарға
және Қазақстан Республикасында
тұрақты тұратын шетелдіктерге
куәліктер беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша
«Азаматтығы жоқ адамдарға және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге куәліктер беру» мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процесінің анықтамасы

1 «Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 11 наурыздағы
№ 152 бұйрығымен
бекітілген
«Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 111 қаулысымен бекітілген «Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер мен шетелдіктің тұруға ықтиярхаттарын беру рәсімін айқындайды.

2

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында «Iшкi iстер органдарының қызметi туралы» бөлiмінде көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аумақтық көші-қон полициясы бөліністері (бұдан әрі – көші-қон полициясының бөліністері) көрсетеді.

3 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде.

4 4. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет нәтижесi Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру (бұдан әрі - рұқсат) және Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес болжанатын тұрғылықты жері бойынша не Стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша дәлеледі бас тарту болып табылады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністері (жұмыскерлері) іс-әрекеттері тәртібінің сипаттамасы

5 5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне аудандық, қалалық, облыстық ішкі істер органдары көші-қон полициясы бөлімінің (бөлімшесінің, тобының) қызметкері қатысады.

6 6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көші-қон полициясы бөліністері шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) уақытша тіркелген жері бойынша көрсетеді.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен көрсетіледі.

7 7. Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау көші-қон полициясы бөліністерінде «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, онда көші-қон полициясы инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетіледі.

8

8. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) mvd.gov.kz интернет-ресурсында «Iшкi iстер органдарының, облыстардағы, Алматы, Астана қалаларындағы ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі – ІІД) қызметi туралы» бөлiмінде, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және көші-қон полициясы бөліністерінде орналасқан стендтерде орналастырылады.

9 9. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері Стандарттың 4-тармағында көрсетілген.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы

10 10. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатысады:

1 1) ҚАІІб – қалалық, аудандық, қаладағы аудандық, кенттік ішкі істер органдары басқармасы (бөлімі) көші-қон полициясы бөлімінің (бөлімшесінің, тобының) қызметкері;

2 2) КҚПД – облыстың, Астана және Алматы қалаларының Ішкі істер департаменті (бұдан әрі – ІІД) Көші-қон полициясы басқармасының қызметкері;

3 3) ҰҚКД – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыс, Алматы және Астана қалалары бойынша департаменті;

4 4) ҚСжАЕКБ – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің басқармасы.

11 11. Әрбір әкімшілік іс-әрекетті орындау мерзімін көрсете отырып, әрбір ҚФБ-ның әкімшілік іс-әрекеттері (рәсімдері) реттілігінің және өзара іс-қимыл жасасуының кестелік мәтіндік сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшада келтірілген.

12 12. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде әкімшілік іс-әрекет логикалық реттілігі мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы осы регламентке 2-қосымшада келтірілген.

13

13. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимыл жасасуы дәйектілігінің нақты сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығында көрінеді. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында және ІІМ-нің mvd.gov.kz, облыстардың, Алматы, Астана қалаларының интернет-ресурсында, сондай-ақ ресми ақпарат көздері мен көші-қон полициясы бөліністерінің ғимараттарында орналасқан стенділерде орналастырылады.

1.1 «Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды

тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында
тұрақты тұруға рұқсаттар беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
1-нұсқа. Қазақстан Республикасына «тұрақты тұруға» санатындағы визамен келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу.
1-кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы. Негізгі процесс.
Негіз­гі про­це­стің (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­ны­ның) іс-әре­кет­те­рі
1
Іс-әре­кет­тің (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­ны­ның) №
1
2
2
ҚФБ ата­уы
КҚПБ
КҚПБ
3
Іс-әре­кет­тің (про­це­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Өті­ніш бе­ру­ші­нің құ­жат­та­рын қа­был­дау және тек­се­ру
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұ­рақ­ты тұ­ру­ға рұқ­сат бе­рі­ле­ді
4
Аяқ­тау ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық-өкім­дік ше­шім)
Жур­нал­да тір­кеу және алу ту­ра­лы та­лон бе­ру
Тір­кеу есе­біне қою
5
Орын­дау мер­зім­де­рі
10 ми­нут
10 ми­нут
2-нұсқа. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алу туралы өтініштерін қарау.
2-кесте.
Негіз­гі про­це­стің (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­ны­ның) іс-әре­кет­те­рі
1
Іс-әре­кет­тің (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­ны­ның) №
1
2
2
ҚФБ ата­уы
ІІО
ІІО
3
Іс-әре­кет­тің (про­це­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Өті­ніш бе­ру­ші­нің құ­жат­та­рын қа­был­дау және тек­се­ру
Іс­ті қа­лып­та­сты­ру және оны КҚПБ-ға жі­бе­ру
4
Аяқ­тау ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық-өкім­дік ше­шім)
Жур­нал­да тір­кеу және алу ту­ра­лы та­лон бе­ру
Іле­с­пе хат
5
Орын­дау мер­зім­де­рі
10 ми­нут
3 күн
2-кестенің жалғасы
Негіз­гі про­це­стің (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­ны­ның) іс-әре­кет­те­рі
1
3
4
5
6
2
КҚПБ
ҰҚКД
ҚСжА­Е­АКБ
КҚПБ
3
Іс­тің ма­те­ри­ал­да­рын тек­се­ру, ҰҚКД-ге және ҚСжА­Е­АКБ-ға сұ­рау са­лу­лар жі­бе­ру
Өті­ніш ие­сін ар­найы есеп­тер бой­ын­ша тек­се­ру
Өті­ніш бе­ру­ші­нің ар­найы есеп­тер бой­ын­ша тек­се­ру
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұ­рақ­ты тұ­ру мүм­кін­ді­гі ту­ра­лы дәлел­ді қо­ры­тын­ды шы­ға­ру, ІІД бас­шы­лы­ғы­на жі­бе­ру
4
Сұ­рау са­лу жі­бе­ру
КҚПБ-ға жа­у­ап
КҚПБ-ға жа­у­ап
Дәлел­ді қо­ры­тын­ды
5
3 күн
30 күн
15 күн
7 күн
2-кестенің жалғасы
Негіз­гі про­це­стің (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­ны­ның) іс-әре­кет­те­рі
1
7
8
9
10
2
ІІД бас­шы­лы­ғы
КҚПБ
ІІО
ІІО
3
Іс­тің ма­те­ри­ал­да­рын тек­се­ру, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұ­рақ­ты тұ­ру мүм­кін­ді­гі ту­ра­лы қо­ры­тын­ды бе­кі­ту
Өті­ніш ие­сіне шы­ға­ры­л­ған қо­ры­тын­ды­ның нәти­же­ле­рі ту­ра­лы ха­бар­лау. Те­ріс ше­шім қа­был­дан­ған кез­де өті­ніш ие­сіне жа­з­ба­ша түр­де дәлел­ді бас тар­ту жол­дау
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұ­рақ­ты тұ­ру­ға рұқ­сат бе­рі­ле­ді /не рұқ­сат бе­ру­ден дәле­ле­ді бас тар­ту
Тір­кеу есе­біне қою/не рұқ­сат бе­ру­ден дәле­ле­ді бас тар­ту
4
Бе­кі­ті­л­ген қо­ры­тын­ды
Өті­ніш ие­сіне ха­бар­лау
Рұқ­сат бе­ру
5
10 күн
3 күн
10 ми­нут
3 күн
3-кесте. Балама процесс – шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасында қалдыру туралы теріс шешім қабылдау
ҚА­І­ІО
КҚПБ
ІІД бас­шы­лы­ғы
Өті­ніш ие­сі­нің құ­жат­тар топ­та­ма­сын қа­был­дау және тек­се­ру
Іс­тің ма­те­ри­ал­да­рын тек­се­ру, ҰҚКД-ге және ҚСжА­Е­АКБ-ға сұ­рау са­лу­лар жі­бе­ру
Іс­тің ма­те­ри­ал­да­рын тек­се­ру, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұ­рақ­ты тұ­ру­ға рұқ­сат бе­ру­ден бас тар­ту ту­ра­лы қо­ры­тын­ды бе­кі­ту
Іс­ті қа­лып­та­сты­ру және оны КҚПБ-ға жі­бе­ру
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұ­рақ­ты тұ­ру­ға рұқ­сат бе­ру­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді қо­ры­тын­ды шы­ға­ру, ІІД бас­шы­лы­ғы­на жі­бе­ру
Өті­ніш ие­сіне жа­з­ба­ша түр­де дәлел­ді бас тар­ту жі­бе­ру
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұ­рақ­ты тұ­ру­ға рұқ­сат бе­ру­ден бас тар­ту ту­ра­лы те­ріс қо­ры­тын­ды­ның кө­шір­ме­ле­рін жі­бе­ру
Ба­ла­ма про­цесс (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­ны)
ҰҚКД
ҚСжА­Е­АКБ
Өті­ніш ие­сін ар­найы есеп­тер бой­ын­ша тек­се­ру
Өті­ніш ие­сін ар­найы есеп­тер бой­ын­ша тек­се­ру

1.2 Әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық реттілігінің арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба

«Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды
тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында
тұрақты тұруға рұқсаттар беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық реттілігінің арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба

1.3 «Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға және Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар беру» мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процесінің анықтамасы

«Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ
адамдарға және Қазақстан Республикасында
тұрақты тұруға рұқсаттар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша
«Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға және Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар беру» мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процесінің анықтамасы

2 «Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды және одан шығуды тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 11 наурыздағы
№ 152 бұйрығымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды және одан шығуды тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды және одан шығуды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 111 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды және одан шығуды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды және одан шығуды ресімдеу рәсімін айқындайды.

2

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында «Iшкi iстер органдарының қызметi туралы» бөлiмінде көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аумақтық көші-қон полициясының бөліністері (бұдан әрі – көші-қон полициясы бөліністері) көрсетеді.

3 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: қағаз түрінде.

4

4. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет нәтижесi өтініш иесіне Стандартқа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы анықтамалар беру не Стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тарту туралы дәлеледі жауап болып табылады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністері (жұмыскерлері) іс-әрекеттері тәртібінің сипаттамасы

5 5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне аудандық, қалалық, облыстық ішкі істер органдары көші-қон полициясы бөлімінің (бөлімшесінің, тобының) қызметкері қатысады.

6 6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көші-қон полициясы бөліністері шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тұрақты тіркеу есебінің жері бойынша көрсетеді.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен көрсетіледі.

7 7. Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау көші-қон полициясы бөліністерінде «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, онда көші-қон полициясы инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетіледі.

8

8. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) mvd.gov.kz интернет-ресурсында «Iшкi iстер органдарының, облыстардағы, Алматы, Астана қалаларындағы ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі – ІІД) қызметi туралы» бөлiмінде, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және көші-қон полициясы бөліністерінде орналасқан стендтерде орналастырылады.

9 9. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері Стандарттың 4-тармағында көрсетілген.

3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы

10 10. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатысады:

5 5) ҚАІІО – қалалық, аудандық, қаладағы аудандық, кенттік ішкі істер органдары көші-қон полициясы басқармасының (бөлімінің, бөлімшесінің, тобының) қызметкері;

6 6) КҚПБ – облыстардың, Алматы және Астана қалаларының Ішкі істер департаменттері (бұдан әрі – ІІД) көші-қон полициясы басқармасының қызметкері;

7 7) ҰҚКД – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыс, Алматы және Астана қалалары бойынша департаменті;

8 8) ҚСжАЕАКБ – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшесі;

9 9) ІІД басшылығы – Ішкі істер департаменті бастығы, бастығының орынбасары;

10 10) КҚПД – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы департаментінің Азаматтық, иммиграция және босқындармен жұмыс басқармасы;

11 11) ПӘ – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіндегі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия.

11 11. Әрбір әкімшілік іс-әрекетті орындау мерзімін көрсете отырып, әрбір ҚФБ-ның әкімшілік іс-әрекеттері (рәсімдері) реттілігі және өзара іс-қимыл жасасуының мәтіндік кестелік сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшада келтірілген.

12 12. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы осы регламентке 2-қосымшада келтірілген.

13

13. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимыл жасасуы дәйектілігінің нақты сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығында көрінеді. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында және ІІМ-нің mvd.gov.kz, облыстардың, Алматы, Астана қалаларының интернет-ресурсында, сондай-ақ ресми ақпарат көздері мен көші-қон полициясы бөліністерінің ғимараттарында орналасқан стенділерде орналастырылады.

2.1 «Қазақстан Республикасының азаматтығына

қабылдауды және одан шығуды тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша
1-нұсқа. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу мәселелерін қарастыру (азаматтыққа жеңілдетілген тәртіппен қабылдайтын Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының азаматтарынан, оралмандардан басқа)
1-кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы. Негізгі процесс.
Негіз­гі про­це­стің (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­ны­ның) іс-әре­кет­те­рі
1
Іс-әре­кет­тің (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­ны­ның) №
1
2
2
ҚФБ ата­уы
ҚА­І­ІО
ҚА­І­ІО
3
Іс-әре­кет­тің (про­це­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Өті­ніш ие­сі­нің құ­жат­тар топ­та­ма­сын қа­был­дау және тек­се­ру
Іс­ті қа­лып­та­сты­ру және оны КҚПБ-ға жі­бе­ру
4
Аяқ­тау ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық-өкім­дік ше­шім)
Жур­нал­да тір­кеу және ал­ға­ны ту­ра­лы анық­та­ма бе­ру
Іле­с­пе хат
5
Орын­дау мер­зім­де­рі
10 ми­нут
15 күн
6
Ке­ле­сі іс-әре­кет­тің нө­мі­рі
2
3
1-кестенің жалғасы
Негіз­гі про­це­стің (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­ны­ның) іс-әре­кет­те­рі
1
3
4
5
6
2
КҚПБ
ҰҚКД
ҚСжА­ЕККБ
КҚПБ
3
Іс­тің ма­те­ри­ал­да­рын тек­се­ру, ҰҚКД-ге және ҚСжА­Е­АКБ-ге сұ­рау са­лу­лар жол­дау
Өті­ніш ие­сін ар­найы есеп­тер бой­ын­ша тек­се­ру
Өті­ніш ие­сін ар­найы есеп­тер бой­ын­ша тек­се­ру
Ма­те­ри­ал­дар­ды қа­лып­та­сты­ру, іс­ті КҚПД-ға жі­бе­ру
4
Сұ­рау са­лу­ды жол­дау
КҚПБ-ға жа­у­ап
КҚПБ-ға жа­у­ап
Іле­с­пе хат
5
15 күн
30 күн
30 күн
30 күн
6
4,5
6
6
7
1-кестенің жалғасы
Негіз­гі про­це­стің (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­ны­ның) іс-әре­кет­те­рі
1
7
8
9
10
2
КҚПД
ПӘ
КҚПД
КҚПБ
3
Ма­те­ри­ал­дар­ды тек­се­ру, іс бой­ын­ша қо­ры­тын­ды шы­ға­ру, іс­ті ПӘ-ге жі­бе­ру
Өті­ніш­ті қа­рау, Пре­зи­дент­тің Жар­лық жо­ба­сын дай­ын­дау
Іс­ті және Пре­зи­дент Жар­лы­ғы­ның кө­шір­ме­сін КҚПБ-ға жі­бе­ру
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­тығ­ы­на қа­был­дау неме­се шы­ғу ту­ра­лы анық­та­ма ре­сім­деу және іс­пен бір­ге анық­та­ма­ны ҚА­І­ІО-ға жол­дау
4
Іле­с­пе хат
Пре­зи­дент­тің Жар­лы­ғы
Іле­с­пе хат
Іле­с­пе хат
5
30 күн
30 күн
10 күн
10 күн
6
8
13
10
11
1-кестенің жалғасы
Негіз­гі про­це­стің (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­ны­ның) іс-әре­кет­те­рі
1
11
12
2
ҚА­І­ІО
ҚА­І­ІО
3
Өті­ніш ие­сіне өті­ніш­ті қа­рау нәти­же­ле­рі ту­ра­лы ха­бар­лау
Бі­ру­а­қыт­та аза­мат­тығы жоқ адам­ның ұлт­тық пас­пор­тын, ку­ә­лі­гін (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның же­ке ку­ә­лі­гін және пас­пор­тын) алып қоя оты­рып, өті­ніш ие­сіне Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­тығ­ы­на қа­был­дау неме­се шы­ғу ту­ра­лы анық­та­ма­лар неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет ұсы­ну­да бас тар­ту ту­ра­лы дәле­ле­ді жа­у­ап бе­ру
4
Өті­ніш ие­сіне ха­бар­лау
5
10 күн
10 ми­нут
6
12
2-нұсқа. Азаматтықты жеңілдетілген тәртіппен қабылдайтын Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының азаматтарын және оралмандарды Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау мәселелерін қарастыру
2-кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы. Негізгі процесс.
Негіз­гі про­це­стің (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­ны­ның) іс-әре­кет­те­рі
1
Іс-әре­кет­тің (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­ны­ның) №
1
2
2
ҚФБ-ның ата­уы
ҚА­І­ІО
ҚА­І­ІО
3
Іс-әре­кет­тің (про­це­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Өті­ніш ие­сі­нің құ­жат­тар топ­та­ма­сын қа­был­дау және тек­се­ру
Іс­ті қа­лып­та­сты­ру және оны КҚПБ-ға жі­бе­ру
4
Аяқ­тау ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық-өкім­дік ше­шім)
Жур­нал­да тір­кеу және ал­ға­ны ту­ра­лы та­лон бе­ру
Іле­с­пе хат
5
Орын­дау мер­зім­де­рі
10 ми­нут
3 күн
6
Ке­ле­сі іс-әре­кет­тің нө­мі­рі
2
3
2-кестенің жалғасы
Негіз­гі про­це­стің (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­ны­ның) іс-әре­кет­те­рі
1
3
4
5
6
2
КҚПБ
ҰҚКД
ҚСжА­Е­АКБ
КҚПБ
3
Іс­тің ма­те­ри­ал­да­рын тек­се­ру, ҰҚКД-ге және ҚСжА­Е­АКБ-ге сұ­рау са­лу­лар жол­дау
Өті­ніш ие­сін ар­найы есеп­тер бой­ын­ша тек­се­ру
Өті­ніш ие­сін ар­найы есеп­тер бой­ын­ша тек­се­ру
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­тығ­ы­на қа­был­дау ту­ра­лы дәлел­ді қор­тын­ды шы­ға­ру, ІІД бас­шы­лы­ғы­на жі­бе­ру неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет ұсы­ну­да бас тар­ту ту­ра­лы дәле­ле­ді жа­у­ап ен­гі­зу
4
Сұ­рау са­лу­ды жол­дау
КҚПБ-ға жа­у­ап
КҚПБ-ға жа­у­ап
Дәлел­ді қо­ры­тын­ды
5
3 күн
30 күн
15 күн
7 күн
6
4,5
6
6
7
2-кестенің жалғасы
Негіз­гі про­це­стің (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­ны­ның) іс-әре­кет­те­рі
1
7
8
9
10
2
ІІД бас­шы­лы­ғы
КҚПБ
ҚА­І­ІО
ҚА­І­ІО
3
Іс­тің ма­те­ри­ал­да­рын тек­се­ру, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­тығ­ы­на қа­был­дау ту­ра­лы қо­ры­тын­ды бе­кі­ту
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­тығ­ы­на қа­был­дау ту­ра­лы іс­ті ҚА­І­ІО-ға жі­бе­ру
Өті­ніш ие­сіне шы­ға­ры­л­ған қо­ры­тын­ды ту­ра­лы ха­бар­лау.
Ше­шім те­ріс ше­ші­л­ген кез­де өті­ніш ие­сіне жа­з­ба­ша түр­де дәлел­ді бас тар­ту жол­дау
Бі­ру­а­қыт­та ұлт­тық пас­пор­тын алып қоя оты­рып, өті­ніш ие­сіне Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­тығ­ы­на қа­был­дау және шы­ғу ту­ра­лы анық­та­ма бе­ру
4
Бе­кі­ті­л­ген қо­ры­тын­ды
Іле­с­пе хат
Өті­ніш ие­сіне ха­бар­лау
5
10 күн
2 күн
3 күн
10 ми­нут
6
8
9
10
Пайдалану нұсқалары
1-нұсқа. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу мәселелерін қарастыру (азаматтықты жеңілдетілген тәртіппен қабылдайтын Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының азаматтарынан және оралмандардан басқа)
3-кесте. Негізгі процесс – азаматтыққа қабылдау және одан шығу мәселесі бойынша оң шешім қабылдау
Негіз­гі про­цесс (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­ны)
ҚА­І­ІО
КҚПБ
1. Өті­ніш ие­сі­нің құ­жат­тар топ­та­ма­сын қа­был­дау және тек­се­ру
3. Іс­тің ма­те­ри­ал­да­рын тек­се­ру, ҰҚКД-ге және ҚСжА­Е­АКБ-ге сұ­рау са­лу­лар жол­дау
2. Іс­ті қа­лып­та­сты­ру және оны КҚПБ-ға жі­бе­ру
6. Ма­те­ри­ал­дар­ды қа­лып­та­сты­ру, оны КҚПБ-ға жі­бе­ру
11. Өті­ніш ие­сіне шы­ға­ры­л­ған қо­ры­тын­ды­ның нәти­же­ле­рі ту­ра­лы ха­бар­лау
10. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­тығ­ы­на қа­был­дау неме­се шы­ғу ту­ра­лы анық­та­ма ре­сім­деу және іс­пен бір­ге анық­та­ма­ны ҚА­І­ІО-ға жол­дау
Бі­ру­а­қыт­та аза­мат­тығы жоқ адам­ның ұлт­тық пас­пор­тын, ку­ә­лі­гін (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның же­ке ку­ә­лі­гін және пас­пор­тын) алып қоя оты­рып, өті­ніш ие­сіне Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­тығ­ы­на қа­был­дау неме­се шы­ғу ту­ра­лы анық­та­ма бе­ру
Негіз­гі про­цесс (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­ны)
ҰҚКД
ҚСжА­Е­АКБ
4. Өті­ніш ие­сін ар­найы есеп­тер бой­ын­ша тек­се­ру
5. Өті­ніш ие­сін ар­найы есеп­тер бой­ын­ша тек­се­ру
Негіз­гі про­цесс (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­ны)
КҚПД
ҚСжА­Е­АКБ
7. Ма­те­ри­ал­дар­ды тек­се­ру, іс бой­ын­ша қо­ры­тын­ды шы­ға­ру, іс­ті ПӘ-ге жі­бе­ру
8. Өті­ніш­ті қа­рау, Пре­зи­дент­тің Жар­лық жо­ба­сын дай­ын­дау
9. Іс­ті және Пре­зи­дент Жар­лы­ғы­ның кө­шір­ме­сін КҚПБ-ға жі­бе­ру
2-нұсқа. Азаматтықты жеңілдетілген тәртіппен қабылдайтын Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының азаматтарын және оралмандарды Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау мәселелерін қарастыру
4-кесте. Негізгі процесс – жеңілдетілген тәртіппен азаматтыққа қабылдау және одан шығу мәселесі бойынша оң шешім қабылдау
Негіз­гі про­цесс (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­ны)
ҚА­І­ІО
КҚПБ
ІІД бас­шы­лы­ғы
1. Өті­ніш ие­сі­нің құ­жат­тар топ­та­ма­сын қа­был­дау және тек­се­ру
3. Іс­тің ма­те­ри­ал­да­рын тек­се­ру, ҰҚКД-ге және ҚСжА­Е­АКБ-ге сұ­рау са­лу­лар жол­дау
7. Іс­тің ма­те­ри­ал­да­рын тек­се­ру, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­тығ­ы­на қа­был­дау ту­ра­лы қо­ры­тын­ды бе­кі­ту
2. Іс­ті қа­лып­та­сты­ру және оны КҚПБ-ға жі­бе­ру
6. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­тығ­ы­на қа­был­дау ту­ра­лы дәлел­ді қор­тын­ды шы­ға­ру, ІІД бас­шы­лы­ғы­на жі­бе­ру
9. Өті­ніш ие­сіне шы­ға­ры­л­ған қо­ры­тын­ды­ның нәти­же­ле­рі ту­ра­лы ха­бар­лау
8. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­тығ­ы­на қа­был­дау ту­ра­лы іс­ті ҚА­І­ІО-ға жі­бе­ру
10. Бі­ру­а­қыт­та ұлт­тық пас­пор­тын алып қоя оты­рып, өті­ніш ие­сіне Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­тығ­ы­на қа­был­дау және шы­ғу ту­ра­лы анық­та­ма бе­ру
Негіз­гі про­цесс (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­ны)
ҰҚКД
ҚСжА­Е­АКБ
4. Өті­ніш ие­сін ар­найы есеп­тер бой­ын­ша тек­се­ру
5. Өті­ніш ие­сін ар­найы есеп­тер бой­ын­ша тек­се­ру
5-кесте. Балама процесс – Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы теріс шешім қабылдау
Ба­ла­ма про­цесс (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­ны)
ҚА­І­ІО
КҚПБ
ІІД бас­шы­лы­ғы
1. Өті­ніш ие­сі­нің құ­жат­тар топ­та­ма­сын қа­был­дау және тек­се­ру
3. Іс­тің ма­те­ри­ал­да­рын тек­се­ру, ҰҚКД-ге және ҚСжА­Е­АКБ-ге сұ­рау са­лу­лар жол­дау
7. Іс­тің ма­те­ри­ал­да­рын тек­се­ру, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­тығ­ы­на қа­был­да­удан бас тар­ту ту­ра­лы қо­ры­тын­ды бе­кі­ту
2. Іс­ті қа­лып­та­сты­ру және оны КҚПБ-ға жі­бе­ру
6. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­тығ­ы­на қа­был­да­удан бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді қор­тын­ды шы­ға­ру, ІІД бас­шы­лы­ғы­на жі­бе­ру
9. Өті­ніш ие­сіне шы­ға­ры­л­ған қо­ры­тын­ды­ның нәти­же­ле­рі ту­ра­лы ха­бар­лау.
8. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­тығ­ы­на қа­был­дау ту­ра­лы іс­ті ҚА­І­ІО-ға жі­бе­ру
10. Өті­ніш ие­сіне жа­з­ба­ша түр­де дәлел­ді бас тар­ту жі­бе­ру
Негіз­гі про­цесс (жұ­мыс ағы­ны, ба­ры­сы)
ҰҚКД
ҚСжА­Е­АКБ
4. Өті­ніш ие­сін ар­найы есеп­тер бой­ын­ша тек­се­ру
5. Өті­ніш ие­сін ар­найы есеп­тер бой­ын­ша тек­се­ру

2.2 Әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық реттілігінің арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба

«Қазақстан Республикасының азаматтығына
қабылдауды және одан шығуды тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 2-қосымша
Әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық реттілігінің арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба
«Қазақстан Республикасының
азаматтығына қабылдауды және одан
шығуды тіркеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша
«Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды және одан шығуды тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-процесінің анықтамасы

3 «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 11 наурыздағы
№ 152 бұйрығымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 111 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту рәсімін айқындайды.

2

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында «Iшкi iстер органдарының қызметi туралы» бөлiмінде көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аумақтық көші-қон полициясы бөліністері (бұдан әрі – көші-қон полициясының бөліністері) көрсетеді.

3 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: қағаз түрінде.

4

4. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет нәтижесi Қазақстан Республикасында шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға мемлекеттік қызмет ұсынуда босқын мәртебесін беру және босқынның куәлігін беру, босқынның мәртебесін ұзарту не Стандарттық 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тарту болып табылады.

4 4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністері (жұмыскерлері) іс-әрекеттері тәртібінің сипаттамасы

5 5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне аудандық, қалалық, облыстық ішкі істер органдары көші-қон полициясы бөлімінің (бөлімшесінің, тобының) қызметкері қатысады.

6 6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көші-қон полициясы бөліністері шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) уақытша тіркелген немесе жүрген жері бойынша көрсетеді.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен көрсетіледі.

7 7. Көші-қон полициясы бөлімшелерінде құжаттарды қабылдау «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, онда көші-қон полициясы инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетіледі.

8

8. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі–ІІМ) mvd.gov.kz интернет-ресурсында «Iшкi iстер органдарының, облыстардағы, Алматы, Астана қалаларындағы ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі – ІІД) қызметi туралы» бөлiмінде, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және көші-қон полициясы бөліністерінде орналасқан стендтерде орналастырылады.

9 9. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 90 (тоқсан) жұмыс күн.

5 5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы

10.Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ)қатысады:

1 1) қалалық, аудандық, қаладағы аудандық, кенттік ішкі істер органдары бөлімінің, бөлімшесінің, тобының көші-қон полициясы бөлімшесінің қызметкері;

2 2) облыстың, Алматы және Астана қалаларының ІІД Көші-қон полициясы басқармасының қызметкері.

3 3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыс, Алматы және Астана қалалары бойынша департаменті (бұдан әрі – ҰҚКД) – Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру бойынша материалдарды келісу.

11 11. Әрбір әкімшілік іс-әрекетті орындау мерзімін көрсете отырып, әрбір ҚФБ-ның әкімшілік іс-әрекеттері (рәсімдері) реттілігі және өзара іс-қимыл жасасуының мәтіндік кестелік сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшада келтірілген.

12 12. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы осы регламентке 2-қосымшада келтірілген.

13

13. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимыл жасасуы дәйектілігінің нақты сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығында көрінеді. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында және ІІМ-нің mvd.gov.kz, облыстардың, Алматы, Астана қалаларының интернет-ресурсында, сондай-ақ ресми ақпарат көздері мен көші-қон полициясы бөліністерінің ғимараттарында орналасқан стенділерде орналастырылады.

3.1 Әкімшілік іс-әрекеттердің және Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту рәсімінің реттілігі мен өзара іс-қимыл жасасуының сипаттамасы

«Қазақстан Республикасында босқын
мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Әкімшілік іс-әрекеттердің және Қазақстан Республикасында
босқын мәртебесін беру және ұзарту рәсімінің реттілігі
мен өзара іс-қимыл жасасуының сипаттамасы
Негіз­гі про­це­стің (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­ны­ның) іс-әре­кет­те­рі
1
Іс-әре­кет (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­ны­ның) №
1
2
2
ҚФБ ата­уы
КҚПБ
КҚПБ
3
Іс-әре­кет­тің (про­це­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Өті­ніш бе­ру­ші­нің құ­жат­та­рын қа­был­дау және тек­се­ру
ар­найы есеп­тер бой­ын­ша тек­се­ру
4
Аяқ­тау ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық-өкім­дік ше­шім)
бо­сқын мәр­те­бе­сін бе­ру жө­нін­де­гі ко­мис­си­яда қа­рау не дәлел­ді түр­де бас тар­ту
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да ше­тел­дік­тер­ге, аза­мат­тығы жоқ адам­дар­ға мем­ле­кет­тік қыз­мет ұсы­ну­да бо­сқын мәр­те­бе­сін бе­ру және бо­сқын­ның ку­ә­лі­гін бе­ру, бо­сқын­ның мәр­те­бе­сін ұзар­ту неме­се бо­сқын мәр­те­бе­сін бе­ру ту­ра­лы дәлел­ді түр­де бас тар­ту
5
Орын­дау мер­зім­де­рі
3 ай
күн­тіз­бе­лік 3 күн

3.2 Әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық реттілігінің арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба

«Қазақстан Республикасында босқын
мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық реттілігінің арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба

3.3 «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процесінің анықтамасы

«Қазақстан Республикасында босқын
мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша
«Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процесінің анықтамасы

4 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 11 наурыздағы
№ 152 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

1

1) «Азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар беру» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 17 қарашадағы № 610 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 20 желтоқсанда № 7346 тіркелді,«Егемен Қазақстан» 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 178-187 (27256), 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 195-200 (27274) жарияланды);

2

2) «Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар беру» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 14 маусымдағы № 352 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 28 маусымда № 7775 тіркелді,«Егемен Қазақстан» газеті 2012 жылғы 22 тамыздағы № 534-539 (27612) жарияланды);

3

3) «Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауды және одан шығуды тіркеу» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 12 қарашадағы № 658 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 26 желтоқсанда № 8220 тіркелді,«Егемен Қазақстан» 2013 жылғы 28 ақпандағы № 74 (28013) жарияланды);

4

4) «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 642 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 24 желтоқсанда № 8208 тіркелді, «Егемен Қазақстан» 2013 жылғы 16 қаңтарда № 22 (27961) жарияланды).

Қолданыстағы