Құжат мәтініне өту

Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятых категорий получателей к памятным датам и праздничным дням

Өзге акт · № 134-30-5 · қабылданған 30.04.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-79487/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятых категорий получателей к памятным датам и праздничным дням Күшін жойған Өзге акт ·№ 134-30-5 ·30.04.2014
14.12.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятых категорий получателей к памятным датам и праздничным дням

Күшін жойған Өзге акт ·№ 134-30-5 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятых категорий получателей к памятным датам и праздничным дням
Атауы (қаз.)
Атаулы және мереке күндеріне жеке алынған санаттағы алушылар үшін әлеуметтік көмек мөлшерлерін белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
134-30-5
Қабылданған күні
30.04.2014
Көрсетілген редакция
14.12.2020 79487_499592.kaz
Соңғы өзгеріс
14.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14PG003786
ЭКБ идентификаторы
79487
Редакция идентификаторы
79487_499592
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:49

0 Атаулы және мереке күндеріне жеке алынған санаттағы алушылар үшін әлеуметтік көмек мөлшерлерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 10-тармағына сәйкес, Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1 1. Жеке алынған санаттағы алушылар үшін атаулы және мереке күндеріне біржолғы әлеуметтік көмек мөлшерлері белгіленсін, атап айтқанда:

1 1) Жеңіс күніне - 9 мамыр:

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне (бұдан әрі- ҰОС) 500000 (бес жүз мың) теңге мөлшерінде, сондай-ақ азық-түлік жиынтығына
5 АЕК мөлшерінде;
жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан ҰОС қатысушыларға теңестiрiлген адамдарға, атап айтқанда:
қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтарға, концлагерлердің жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарға 10 АЕК мөлшерінде;
Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
1986-1987, 1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясы апатының зардаптарын жоюға қатысқан тұлғаларға 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан ҰОС қатысушыларға теңестiрiлген басқа да санаттарға:
қаза тапқан әскери қызметшілердің қайталап некеге отырмаған зайыбына (жұбайға), ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдарға 10 АЕК мөлшерінде;
1941 жылғы 22 маусымынан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет атқарған) және ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендері мен медальдерімен наградталмаған адамдарға 5 АЕК мөлшерінде;

2 2) Халықаралық әйелдер күніне - 8 наурыз, төрт және одан да көп жасы кәмелетке толмаған балалары бар аз қамтылған көпбалалы аналарға 2,4 АЕК мөлшерінде;

3 3) Халықаралық егде адамдар күніне -1 қазан, ең аз мөлшердегі зейнетақы және жәрдемақы алушы сексен жастағы және одан асқан азаматтарға 2,9 АЕК мөлшерінде;

4 4) Қазақстан Республикасының мүгедектер күніне - қазан айының екінші жексенбісі - он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға, бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге, кәмелетке толмаған балалары бар мүгедек әйелдерге (ерлерге) 2,3 АЕК мөлшерінде.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ертіс аудандық мәслихатының экономика, бюджет және әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

"КЕЛІСІЛГЕН"
Павлодар облысы әкімінің
міндетін атқарушы
Д. Тұрғанов
2014 жылғы "18" сәуір

Қолданыстағы