Құжат мәтініне өту

Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятой категории получателей к памятным датам и праздничным дням

Өзге акт · № 166/32 · қабылданған 30.04.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-79491/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятой категории получателей к памятным датам и праздничным дням Күшін жойған Өзге акт ·№ 166/32 ·30.04.2014
06.05.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.05.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятой категории получателей к памятным датам и праздничным дням

Күшін жойған Өзге акт ·№ 166/32 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятой категории получателей к памятным датам и праздничным дням
Атауы (қаз.)
Жекелеген санаттағы алушыларға мерекелік және атаулы күндерге әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
166/32
Қабылданған күні
30.04.2014
Көрсетілген редакция
06.05.2021 79491_528672.kaz
Соңғы өзгеріс
06.05.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14PE003790
ЭКБ идентификаторы
79491
Редакция идентификаторы
79491_528672
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:49

0 Жекелеген санаттағы алушыларға мерекелік және атаулы күндерге әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 10-тармағына сәйкес, Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек атаулы күндерге және мерекелік күндерге келесі мөлшерлерде белгіленсін:

1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай:
зейнетақының, жәрдемақының ең төменгі мөлшерін алатын немесе зейнетақының, жәрдемақының ең төменгі мөлшерінен төмен алатын, зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтарға, атап айтқанда, 80 жастағы және жасы үлкен зейнеткерлер – 2,9 АЕК.
қазанның екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасы мүгедектер күніне орай:
18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, 1, 2 топтағы мүгедектерге - 2,3 АЕК мөлшерінде;
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай, атаулы әлеуметтік мемлекеттік жәрдемақы алатын және 18 жасқа дейінгі балалары бар мемлекеттік жәрдемақы алатындар санынан кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары бар, аз қамтамасыз етілген, көп балалы аналарға - 2,4 АЕК мөлшерінде;
9 мамыр - Жеңіс күніне орай:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне (бұдан әрі – ҰОС) 500000 (бес жүз мың) теңге, сондай-ақ азық-түлік жиынтығына 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан ҰОС қатысушыларына теңестірілген адамдарға, атап айтқанда:
Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарға – 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
1986 - 1987 жылдары Чернобыль атомдық электростанциясындағы (бұдан әрі – Чернобыль АЭС) апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай–ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар –
50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан ҰОС қатысушыларына теңестiрiлген басқа да санаттардағы тұлғаларға, атап айтқанда:
ҰОС (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің жесірлеріне; қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (күйеулері), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдері (күйеулері) – 10 АЕК мөлшерінде;
ҰОС жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСРО ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдарға – 10 АЕК мөлшерінде;
1941 жылғы 22 маусымнан бастап - 1945 жылғы 9 мамырды аралығында кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға - 5 АЕК мөлшерінде;

2 2. Шешімнің орындалуын бақылау Баянауыл аудандық мәслихаттың әлеуметтік–экономикалық даму мәселелері жоспар мен бюджет және әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

"КЕЛІСІЛДІ"
Павлодар облысы
әкімінің м.а.
Д. Тұрғанов
2014 жылғы "18" сәуір

Қолданыстағы