Об утверждении норматива отчисления части чистого дохода районных коммунальных государственных предприятий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении норматива отчисления части чистого дохода районных коммунальных государственных предприятий
- Атауы (қаз.)
- Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 34
- Қабылданған күні
- 19.03.2014
- Көрсетілген редакция
- 15.06.2015 79495_80078.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.06.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14MC002405
- ЭКБ идентификаторы
- 79495
- Редакция идентификаторы
- 79495_80078
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:26
0 Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін бекіту туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 140 бабы 2-тармағына сәйкес және «Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін бекіту туралы» 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 382 Маңғыстау облысының әкімдігінің Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2354 нөмірімен тіркелген қаулысы негізінде аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған аудандық коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың (бұдан әрі-кәсіпорындар) таза табысының бір бөлігін аудару нормативi бекiтiлсiн.
2
2. Кәсіпорындардың уәкілетті органдары жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейінгі мерзімде мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға алдағы үшжылдық кезеңге арналған аудандық бюджетке аударылуы тиіс таза табыстың бір бөлігінің болжамды сомаларын, сондай-ақ есепті жылы кәсіпорындардың аудандық бюджетке аударған таза табысының мөлшерін берсін.
3
3. «Бейнеу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне (Ү.Әмірханова) осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде орналастыруды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Машырықовқа жүктелсін.
5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Аудандық әкімдіктің
2014 жылғы 19 наурыздағы
№ 34 қаулысына қосымша
Мемлекеттік коммуналдық кәсiпорындардың таза табысының бір
бөлігін аудару нормативі
Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудандық бюджетке аудару нормативі былайша айқындалады:
Таза табыс
500 000 теңгеге дейін
таза табыс сомасынан 3 пайыз
Таза табыс 1 000 000 теңгеге дейін
таза табыс сомасынан 5 пайыз
Таза табыс 2 000 000 теңгеге дейін
таза табыс сомасынан 7 пайыз
Таза табыс 3 000 000 теңгеге дейін
таза табыс сомасынан 10 пайыз
Таза табыс 3 000 001 теңгеден 10 000 000 теңгеге дейін
300 000 теңге+3 000 000 теңге мөлшеріндегі таза табыстан асқан сомадан 12 пайыз
Таза табыс 10 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін
1 140 000 теңге+10 000 000 теңге мөлшеріндегі таза табыстан асқан сомадан 15 пайыз
Таза табыс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін
7 140 000+50 000 000 теңге мөлшеріндегі таза табыстан асқан сомадан 20 пайыз
Таза табыс 250 000 001 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін
47 140 000+250 000 000 теңге мөлшеріндегі таза табыстан асқан сомадан 25 пайыз