О приватизации имущества коммунальной собственности Макатского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О приватизации имущества коммунальной собственности Макатского района
- Атауы (қаз.)
- Мақат ауданының коммуналдық меншігіндегі мүліктерін жекешелендіру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 93
- Қабылданған күні
- 15.04.2014
- Көрсетілген редакция
- 31.05.2017 79497_196690.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.05.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14TG002907
- ЭКБ идентификаторы
- 79497
- Редакция идентификаторы
- 79497_196690
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:04
0 Мақат ауданының коммуналдық меншігіндегі мүліктерін жекешелендіру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Атырау облысы әкімдігінің алдын-ала келісіміне сәйкес, аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктер осы қаулының қосымшасына сәйкес жекешелендірілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Тухфатовқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 №
Аудан әкімдігінің 2014 жылғы
15 сәуірдегі № 93 қаулысына
қосымша
Жекешелендірілуге жататын аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктердің тізбесі
№
Мүлік атауы
Шығарылған (салынған) жылы
Теңгерім ұстаушысы
1
"Б. Досбаева атындағы №3 Байшонас орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты, жалпы ауданы 1 193,4 шаршы метр
1963
"Мақат аудандық білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі
2
"Аудандық білім бөлімінің "Балдырған" балалар бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның ғимараты, жалпы ауданы 417,1 шаршы метр
1936
"Мақат аудандық білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі
3
УАЗ-39099 автокөлігі, тіркеу нөмірі Е 929 BN
2007
"Мақат аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі
4
УАЗ-390902 автокөлігі, тіркеу нөмірі Е 072BC
2002
"Мақат аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі
5
ВАЗ-21053 автокөлігі, тіркеу нөмірі Е 097AE
1994
"Муса Баймұханов атындағы орта мектеп" мемлекеттік мекемесі