Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
16-бап. Коммерциялық емес акционерлiк қоғам
О некоммерческих организациях · № 142-II
1. Өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын, кiрiстерi тек қана осы қоғамды дамытуға пайдаланылатын заңды тұлға коммерциялық емес акционерлiк қоғам деп танылады.
2. Коммерциялық емес акционерлiк қоғамдардың артықшылықты акциялар, туынды және айырбасталатын бағалы қағаздар шығаруды жүзеге асыруға құқығы жоқ.
3. Коммерциялық емес акционерлiк қоғамның құрылтай шарты осы шартқа әрбiр құрылтайшының немесе оның уәкiлеттi өкiлiнiң қол қоюы арқылы жасалады.
4. Коммерциялық емес ұйым ретiнде құрылған қоғамның коммерциялық ұйым болып қайта құрыла алмайтыны сияқты коммерциялық ұйым ретiнде құрылған қоғам да коммерциялық емес ұйым болып қайта құрыла алмайды.
Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi талаптар:
1) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына сәйкес құрылған қор биржаларының қайта құрылу;
2) коммерциялық акционерлік қоғамдардың "Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектептері" және "Назарбаев Қоры" мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес білім беру ұйымдары болып, сондай-ақ
«Астана Хаб» инновациялық кластері туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес дербес кластерлік қор болып қайта құрылуы;
2-1) коммерциялық ұйымдар ретінде құрылған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қайта құрылуы;
3) Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасына сәйкес құрылған кредиттік бюролардың қайта құрылуы;
4) мемлекет қатысатын жинақтаушы зейнетақы қорының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры болып
қайта құрылуы;
5) кепілдік беру жағдайы басталған кезде құрылысты аяқтауға және көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесті үлескерлерге беруге кепілдік беретін, жарғылық капиталына мемлекет тікелей немесе жанама қатысатын, акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйымның қайта құрылуы жағдайларына қолданылмайды.
Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.21 № 309, 2011.01.19 № 395-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 № 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2014 № 208-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.06.2020 № 341-VI (01.07.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 204-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
27.09.2025 № 220-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-7950/st-16/