Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
17-бап. Коммерциялық емес ұйымның өзге де ұйымдық-құқықтық нысаны
О некоммерческих организациях · № 142-II
1. Коммерциялық емес ұйымдар өзге де ұйымдық-құқықтық нысанда құрылуы мүмкін.
2. Дербес білім беру ұйымдары, дербес кластерлік қор, нотариаттық палаталар, адвокаттар алқалары, адвокаттық кеңселер, Республикалық заң консультанттары алқасы, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстан Республикасының Сот сарапшылары палатасы, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы, Қазақстанның төрелік палатасы, кәсiби аудиторлық ұйымдар, аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес,
пәтерлер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелерінің кооперативі, көппәтерлі тұрғын үйлер мүлкінің меншік иелері бірлестіктері, жоғары ғылыми ұйым және басқа да коммерциялық емес ұйымдар өзге ұйымдық-құқықтық нысанда құрылуы мүмкін.
3. Өзге де ұйымдық-құқықтық нысандардың құқықтық жағдайының ерекшелiктерi заңдармен реттеледi.
Ескерту. 17-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.05.05 № 139; 2003.07.09 № 482; 2010.04.02 № 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі); 2011.01.19 № 395-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 10.06.2014 № 208-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 08.04.2016 № 489-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.02.2017 № 45-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2018 № 177-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 284-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 03.07.2020 № 358-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі) 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.07.2024 № 104-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
15.07.2025 № 207-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-7950/st-17/