Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
19-бап. Коммерциялық емес ұйымды құру
О некоммерческих организациях · № 142-II
1. Коммерциялық емес ұйым, оны қалыптастыру арқылы, сондай-ақ бұрын бар коммерциялық емес ұйымды қайта ұйымдастыру нәтижесiнде құрылуы мүмкін.
Жоғары ғылыми ұйымның немесе дербес білім беру ұйымының ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйым «Ғылым және технологиялық саясат туралы» немесе «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда акционерлік қоғам болып қайта құрылуы нәтижесінде құрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес акционерлік қоғамның немесе мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйым коммерциялық ұйым ретінде құрылған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын қайта құру нәтижесінде құрылуы мүмкін.
Дербес кластерлік қор ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйым
«Астана Хаб» инновациялық кластері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайда акционерлік қоғам болып қайта құрылуы нәтижесінде құрыла алады.
2. Коммерциялық емес ұйымды (қоғамдық және діни бірлестіктерді қоспағанда) оны қалыптастыру арқылы құру құрылтайшылардың (құрылтайшының) шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Қоғамдық және діни бірлестіктерді құру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Заңды тұлға ретiнде коммерциялық емес ұйымның құқық қабiлеттiлiгi ол мемлекеттiк тiркелуден өткен кезден бастап туындайды.
Коммерциялық емес ұйымның айналысуға лицензия алу қажет болатын қызмет саласындағы құқық қабiлеттiлiгi осындай лицензияны алған кезден бастап туындайды.
Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.19 № 395-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), ҚР 2011.10.11 № 484-ІV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 10.06.2014 № 208-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2014 N 212-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2023 № 49-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
01.07.2024 № 104-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
27.09.2025 № 220-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-7950/st-19/