Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
20-бап. Коммерциялық емес ұйымның құрылтайшылары (қатысушылары)
О некоммерческих организациях · № 142-II
Ескерту. 20-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 02.08.2015 № 343-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Коммерциялық емес ұйымның ұйымдық-құқықтық нысанына қарай, егер осы Заңда, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында өзгеше белгiленбесе, жеке және (немесе) заңды тұлғалар оның құрылтайшылары бола алады.
2. Коммерциялық емес ұйымды, тұтыну кооперативiн, қауымдастықтарды (одақтарды) құру жағдайларын және коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген түрлерi туралы заңдарда көзделген өзге де жағдайларды қоспағанда, жеке тұлға құруы мүмкiн.
3. Жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізілген тұлға коммерциялық емес ұйымның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
Ескерту. 20-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 02.08.2015 № 343-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-7950/st-20/