О некоммерческих организациях Қолданыста Заң ·№ 142-II ·16.01.2001
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

21-бап. Коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттары

О некоммерческих организациях · № 142-II

1. Коммерциялық емес ұйымдардың құрылтай құжаттары:
1) мекеме үшiн - меншiк иесi (меншiк иелерi) бекiткен ереже (жарғы) және меншiк иесiнiң (меншiк иелерiнiң) құру туралы шешiмi;
2) қор, тұтыну кооперативi, коммерциялық емес акционерлiк қоғам қауымдастық (одақ) нысанындағы, өзге де ұйымдық-құқықтық нысандардағы заңды тұлғалар бiрлестiктерi үшiн - құрылтайшылар бекiткен жарғы және құрылтай шарты;
3) қоғамдық бiрлестiк, дiни бiрлестiк үшiн - жарғы болып табылады.
2. Коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарының талаптары коммерциялық емес ұйымның өзiнiң, оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) орындауы үшiн мiндеттi.
3. Коммерциялық емес ұйымның бiрiнiң құрылтай шарты мен жарғысы арасында қарама-қайшылықтар болған жағдайда:
1) егер олар құрылтайшылардың өзара қатынастарына қатысты болса, құрылтай шартының;
2) егер олардың қолданылуы заңды тұлғаның үшiншi тұлғалармен қатынасы үшiн маңызды болса, жарғының талаптары қолданылуға тиiс. Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.02.2017 № 49-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-7950/st-21/