Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
3-бап. Коммерциялық емес ұйымдар туралы заңдар
О некоммерческих организациях · № 142-II
1. Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Азаматтық кодекстен, осы Заңнан және басқа да заңдардан тұрады.
2. Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және әрекет ететiн шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң (оқшауланған бөлiмшелерiнiң) кез-келген ұйымдық-құқықтық нысандағы коммерциялық емес ұйымының қызметiне қолданылады.
3. Жекелеген коммерциялық емес ұйымдардың құрылуына, қызметiне, қайта ұйымдастырылуына және таратылуына байланысты ерекшелiктер осы Заңмен және өзге де заңдармен реттеледi.
4. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.06.2025 № 200-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-7950/st-3/