Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
4-бап. Коммерциялық емес ұйымдар қызметiнiң мақсаттары
О некоммерческих организациях · № 142-II
Коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтiк, мәдени, ғылыми, бiлiм беру, қайырымдылық, басқару мақсаттарына қол жеткiзу;
жалпыұлттық бірлік пен ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық татулық қағидаттарын нығайту; азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерiн қорғау; даулар мен жанжалдарды шешу; азаматтардың рухани және өзге қажеттiлiктерiн қанағаттандыру; азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, дене шынықтыру мен спортты дамыту заң көмегiн көрсету үшiн, сондай-ақ қоғамдық игiлiктердi және өз мүшелерiнiң (қатысушылардың) игiлiктерiн қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттарда құрылуы мүмкiн.
Коммерциялық емес ұйымдар қызметiнiң мақсаттары құрылтай құжаттармен айқындалады.
Ескерту. 4-бапқа өзгеріс
енгізілді - ҚР 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-7950/st-4/