О некоммерческих организациях Қолданыста Заң ·№ 142-II ·16.01.2001
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

32-бап. Коммерциялық емес ұйымның қызмет түрлерi

О некоммерческих организациях · № 142-II

1. Коммерциялық емес ұйым Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған және коммерциялық емес ұйымның мақсаттарына сәйкес келетiн, оның құрылтай құжаттарында көзделген бiр немесе бiрнеше қызмет түрiн жүзеге асыра алады.
2. Жекелеген ұйымдық-құқықтық нысандағы коммерциялық емес ұйымдар айналысуға құқылы қызмет түрлерiне Қазақстан Республикасының заңдарында шектеулер қойылуы мүмкiн.
3. Коммерциялық емес ұйымдар заңдарға сәйкес жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялар негiзiнде ғана жүзеге асыра алады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-7950/st-32/