О некоммерческих организациях Қолданыста Заң ·№ 142-II ·16.01.2001
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

33-бап. Коммерциялық емес ұйымның кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға құқығы

О некоммерческих организациях · № 142-II

1. Коммерциялық емес ұйым өзiнiң жарғылық мақсаттарына сәйкес келетiндей ғана кәсiпкерлiк қызметпен айналыса алады.
2. Жекелеген ұйымдық-құқықтық нысандағы коммерциялық емес ұйымдардың кәсiпкерлiк қызметiне Қазақстан Республикасының заңдарында шектеулер қойылуы мүмкiн.
3. Коммерциялық емес ұйым кәсіпкерлiк қызметі бойынша кірістер мен шығыстардың есебiн жүргiзедi.
4. Коммерциялық емес ұйымдардың кәсiпкерлiк қызметiне салық салу Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Коммерциялық емес ұйымдардың кәсiпкерлiк қызметiнен алынатын кiрiстердi коммерциялық емес ұйымдардың мүшелерi (қатысушылары) арасында бөлiсуге болмайды, ол жарғылық мақсаттарға жұмсалады. Қоғамдық және дiни бiрлестiктердiң, қорлардың өз қаражаттарын қайырымдылық көмекке пайдалануына жол берiледi. Ескерту. 33-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.11.2015 № 403-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-7950/st-33/