О некоммерческих организациях Қолданыста Заң ·№ 142-II ·16.01.2001
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

35-бап. Коммерциялық емес ұйымның мүлкiн құрау көздерi

О некоммерческих организациях · № 142-II

1. Мыналар:
1) құрылтайшылардан (қатысушылардан, мүшелерден) түскен түсiмдер;
2) ерiктi мүлiктiк жарналар мен қайырмалдықтар;
2-1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда міндетті мүліктік жарналар;
3) заңдарда белгiленген жағдайларда тауарлар сатудан, жұмыстардан, қызмет көрсетуден түскен түсiмдер (кiрiс);
4) акциялар, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар және салымдар (депозиттер) бойынша алынған дивидендтер (кiрiстер, сыйақы (мүдде);
5) заңмен тыйым салынбаған басқа да түсiмдер, заңдарға сәйкес, коммерциялық емес ұйымның мүлкін ақшалай және өзге де нысандардағы құрау көздерi болып табылады.
2. Коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген түрлерiнiң кiрiс көздерiне заңдармен шектеулер қойылуы мүмкiн.
3. Құрылтайшылардан (қатысушылардан, мүшелерден) түсетiн қаржы және өзге де қаражат түсiмдерiнiң тәртiбi коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарында белгiленедi.
4. Коммерциялық емес ұйымның мүлкiн, ақшалай нысаннан басқа, заттай және өзге нысандарда құрауға құрылтайшылардың салымдары барлық құрылтайшылардың келiсiмi бойынша ақшалай нысанда бағаланады. Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық есептiк көрсеткiшке тең сомадан асып кетсе, оны бағалауды аудиторлық ұйым растауға тиiс. Ескерту. 35-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.05.05 N 139; 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-7950/st-35/