Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
34-бап. Коммерциялық емес ұйымның мүлкi
О некоммерческих организациях · № 142-II
1. Коммерциялық емес ұйымның меншiгiнде немесе оралымды басқаруында оның жарғысында көзделген қызметiн материалдық жағынан қамтамасыз етуге қажеттi, заңдарға сәйкес коммерциялық емес ұйымдардың меншiгiнде болуға болмайтын мүлiктiң жекелеген түрлерiн қоспағанда, объектiлер, мүлiк, сондай-ақ өзiнiң қаражаты есебiнен құрылған ұйымдар болуы мүмкiн.
Дiни бiрлестiктердiң өз қаражаты есебiнен иемденiп алған немесе өздерi құрған, азаматтар, ұйымдар қайырмалдық ретiнде берген, немесе мемлекет берген және заңдарға қайшы келмейтiн басқа да негiздер бойынша иемденiп алынған мүлiкке меншiк құқығы болады.
Мекеменің өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi және оған смета бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiнше иелiктен айыруға немесе өзгеше әдiспен оған билiк етуге құқығы жоқ.
2. Коммерциялық емес ұйым (мекемелердi қоспағанда) өз мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен жауап бередi.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-7950/st-34/