Құжат мәтініне өту

Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Қаулы · № 103 · қабылданған 10.04.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-79506/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Күшін жойған Қаулы ·№ 103 ·10.04.2014
11.01.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.01.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Күшін жойған Қаулы ·№ 103 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Атауы (қаз.)
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
103
Қабылданған күні
10.04.2014
Көрсетілген редакция
11.01.2016 79506_95681.kaz
Соңғы өзгеріс
11.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14LF004652
ЭКБ идентификаторы
79506
Редакция идентификаторы
79506_95681
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:08

0 Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабының 3-тармағына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi осы қаулының қосымшасынасәйкес айқындалсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Е.Өмірсеріковке жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Жалағаш аудандық
мәслихатының хатшысы
____________ К.Сүлейменов
"10" сәуір 2014 жыл.

4 Жалағаш ауданы әкімдігінің

2014 жылғы "10" сәуірдегі
N 103 қаулысына қосымша
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

1 1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар лауазымдары:

1 1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын, оның ішінде зертхана басшысы мен басшысының орынбасары (оның ішінде бірінші);

2 2) бөлімше (сектор), бөлімше бөлігі (бөлім), филиал), оның ішінде: зертхана басшысы;

3 3) бөлімше (сектор), бөлімше бөлігі (бөлім), филиал), оның ішінде: зертхана басшысының орынбасары;

4 4) дәріхана меңгерушісі;

5

5) мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандықтағы дәрігерлер, барлық мамандықтағы инженер, акушер, емдәм бикесі, тіс дәрігері, тіс технигі, зертханашы, медициналық бике, медициналық статистик, медициналық зертханашы, денсаулық сақтау менеджері, провизор, психолог, рентген зертханашысы, мамандандырылған медициналық бике, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, фармацевт, фельдшер (зертханашы).

2 2. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдары:

1 1) үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімшесі (орталығы) меңгерушісі;

2 2) мамандар (бас, аға), оның ішінде: күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, консультант (оның ішінде әлеуметтік жұмыс жөніндегі), арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

3 3) жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік мекемесінің басшысы;

4 4) мамандар (бас, аға): біліктілігі жоғары деңгейлі маман, маман, консультант.

3 3. Білім беру саласындағы мамандар лауазымдары:

1 1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын, оның ішінде мектепке дейінгі мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы мен басшысының орынбасары (оның ішінде бірінші);

2 2) бөлімше (сектор), бөлімше бөлігі (бөлім), филиал), оның ішінде: көркемдік жетекші, әдістемелік кабинет басшысы;

3 3) мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандықтағы мұғалімдер, кітапханашы, жетекші, тәрбиеші, емдәм бикесі, инспектор, нұсқаушы, зертханашы, шебер, медициналық бике, әдістемеші, музыкалық жетекші, музыкатанушы, психолог, үйірме жетекшісі, хореограф, хормейстер.

4 4. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:

1 1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын, оның ішінде мәдениет және мұрағат ісі басшысы мен басшысының орынбасары (оның ішінде бірінші);

2 2) бөлімше (сектор), бөлімше бөлігі (бөлім), филиал), оның ішінде: көркемдік жетекші басшысы;

3 3) мұрағат, мұрағат қоймасы, кітапхана, клуб, мұражай меңгерушісі;

4

4) мамандар (бас, аға), оның ішінде: аккомпаниатор, мұрағатшы, балетмейстер, библиограф, кітапханашы, инспектор, нұсқаушы, өнертанушы, мәдени ұйымдастырушы, әдістемеші, музыкалық жетекші, бағдарламашы, редактор, режиссер, үйірме жетекшісі, хормейстер, сақтаушы (оның ішінде мұражайлардағы қорларды), барлық атаудағы суретшілер, экскурсовод, аудармашы, барлық атаудағы техниктер, барлық мамандықтағы инженер;

5 5) техникалық орындаушылар, оның ішінде: архивариус, мұражай қараушысы.

5 5. Спорт саласындағы мамандар лауазымдары:

1 1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын, оның ішінде спорт басшысы мен басшысының орынбасары (оның ішінде бірінші);

2 2) бөлімше (сектор, бөлімше бөлігі (бөлім), филиал) басшысы;

3 3) оқу ісінің меңгерушісі;

4 4) мамандар (бас, аға), оның ішінде: нұсқаушы, әдістемеші, жаттықтырушы, медициналық бике.

6 6. Ветеринария саласындағы мамандар лауазымдары:

1 1) мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы мен басшысының орынбасары (оның ішіндегі бірінші);

2 2) бөлімше (сектор, бөлімше бөлігі (бөлім), филиал) басшысы;

3 3) мамандар (бас, аға), онын ішінде; мал дәрігері, мал фельдшері, эпизоотолог (оның ішінде ветеринарлық зертхананың), зоотехник.

Қолданыстағы