Об утверждении Правил исполнения судебных актов за счет государственного бюджета по возмещению вреда, причиненного в результате незаконного осуждения, незаконного привлечения к уголовной ответственности, незаконного применения в качестве меры пресечения заключения под стражу, домашнего ареста, подписки о невыезде, незаконного наложения административного взыскания в виде ареста или исправительных работ, незаконного помещения в психиатрическое или другое лечебное учреждение
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил исполнения судебных актов за счет государственного бюджета по возмещению вреда, причиненного в результате незаконного осуждения, незаконного привлечения к уголовной ответственности, незаконного применения в качестве меры пресечения заключения под стражу, домашнего ареста, подписки о невыезде, незаконного наложения административного взыскания в виде ареста или исправительных работ, незаконного помещения в психиатрическое или другое лечебное учреждение
- Атауы (қаз.)
- Заңсыз соттау, қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тарту, бұлтартпау шарасы ретінде камауға, үйқамаққа алуды, ешқайда кетпеу туралы қолхат беруді заңсыз қолдану, қамаққа алу немесе түзеу жұмыстары түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолдану, психиатриялық немесе басқа да емдеу мекемесіне заңсыз орналастыру салдарынан келтірілген зиянды өтеу бойынша сот актілерін мемлекеттік бюджет есебінен орындау қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 448
- Қабылданған күні
- 04.05.2014
- Көрсетілген редакция
- 10.08.2015 AI79517_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1400000448
- ЭКБ идентификаторы
- 79517
- Редакция идентификаторы
- AI79517_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:47
0
Заңсыз соттау, қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тарту, бұлтартпау шарасы ретінде камауға, үйқамаққа алуды, ешқайда кетпеу туралы қолхат беруді заңсыз қолдану, қамаққа алу немесе түзеу жұмыстары түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолдану, психиатриялық немесе басқа да емдеу мекемесіне заңсыз орналастыру салдарынан келтірілген зиянды өтеу бойынша сот актілерін мемлекеттік бюджет есебінен орындау қағидаларын бекіту туралы
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қоса беріліп отырған Заңсыз соттау, қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тарту, бұлтартпау шарасы ретінде камауға, үйқамаққа алуды, ешқайда кетпеу туралы қолхат беруді заңсыз қолдану, қамаққа алу немесе түзеу жұмыстары түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолдану, психиатриялық немесе басқа да емдеу мекемесіне заңсыз орналастыру салдарынан келтірілген зиянды өтеу бойынша сот актілерін мемлекеттік бюджет есебінен орындау қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Заңсыз соттау, қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тарту, бұлтартпау шарасы ретінде камауға, үйқамаққа алуды, ешқайда кетпеу туралы қолхат беруді заңсыз қолдану, қамаққа алу немесе түзеу жұмыстары түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолдану, психиатриялық немесе басқа да емдеу мекемесіне заңсыз орналастыру салдарынан келтірілген зиянды өтеу бойынша сот актілерін мемлекеттік бюджет есебінен орындау қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 4 мамырдағы
№ 448 қаулысымен
бекітілген
Заңсыз соттау, қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тарту, бұлтартпау шарасы ретінде камауға, үйқамаққа алуды, ешқайда кетпеу туралы қолхат беруді заңсыз қолдану, қамаққа алу немесе түзеу жұмыстары түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолдану, психиатриялық немесе басқа да емдеу мекемесіне заңсыз орналастыру салдарынан келтірілген зиянды өтеу бойынша сот актілерін мемлекеттік бюджет есебінен орындау қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Заңсыз соттау, қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тарту, бұлтартпау шарасы ретінде камауға, үйқамаққа алуды, ешқайда кетпеу туралы қолхат беруді заңсыз қолдану, қамаққа алу немесе түзеу жұмыстары түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолдану, психиатриялық немесе басқа да емдеу мекемесіне заңсыз орналастыру салдарынан келтірілген зиянды өтеу бойынша сот актілерін мемлекеттік бюджет есебінен орындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Атқарушылық іс жүргізу туралы заң) 6-бабының 3-1-тармағына сәйкес әзірленді және сот актілері бойынша міндеттемелердің уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында 010 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві» республикалық бюджеттік бағдарламасы (бұдан әрі – бюджеттік бағдарлама) шеңберінде сот актілерін орындаудың бірыңғай тәртібін белгілейді.
2 2. Бюджеттік бағдарлама шеңберінде сот актілерін орындау тәртібі
2
2. Мемлекеттік сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді қозғағаннан кейін бюджеттік бағдарлама әкімшісіне Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 236-бабының және тиісті сот актілерінің талаптарына сәйкес ресімделген атқару парағының көшірмелерін қоса бере отырып, атқарушылық іс қозғау туралы қаулының көшірмесін жібереді немесе береді, одан кейін бюджеттік бағдарлама әкімшісі мемлекеттік сот орындаушысын көрсетілген құжаттарды алған күні мен сот актілерінің орындалу сатысы туралы хабарлайды.
Бюджеттік бағдарлама әкімшісі атқарушылық құжатты атқарушылық іс жүргізуді қорғау туралы қаулының көшірмесі және қоса берілген құжаттар түскен күннен бастап бір ай мерзімде орындамаған жағдайда, мемлекеттік сот орындаушысы заңнамада белгіленген тәртіппен инкассалық өкімді шығару жөнінде шаралар қабылдайды.
3
3. Сот актілері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің міндеттемелерін орындау Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде сот атқарушылық құжаттары болған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімінің жобасын әзірлеу және келісу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
4
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша бөлінген қаражатты бюджеттік бағдарлама әкімшісі заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімде тиісті мемлекеттік мекеме – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитеті аумақтық органының қолма-қол ақшаны бақылау шотына (ақшаны уақытша орналастыру шоты) аударады.