Об утверждении Положения коммунального государственного учреждения "Управление строительства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог акимата Жамбылской области" Күшін жойған
Басқа 0
"Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Басқарма) Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Басқарма заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б. Орынбековке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8
Жамбыл облысы әкімдігінің
2014 жылғы «27» наурыздағы
«Жамбыл облысы әкімдігінің
құрылыс, жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары басқармасы»
коммуналдық мемлекеттік мекеменің
ережесін бекіту туралы
№ 75 қаулысымен бекітілген
«Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі –Басқарма) – құрылыс, жолаушылар көлігі және облыстық мәндегі автомобиль жолдары саласында мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын орындауға уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммуналдық мемлекеттік мекеме заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде атауы, жазылған мөрлері және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.
Тармақ 6
6. Басқармаға егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері - Пошталық индексі: 080012, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би даңғылы, 35.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 11
11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады
Тармақ 12
12. Басқарманың қызметін каржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Басқарма кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Басқарма заңнамалық актілермен кірістер өкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Басқарманың миссиясы:
Тармақ 14
14. Құрылыс, жолаушылар көлігін және облыстық мәндегі автомобиль жолдарын басқарудың тиімділігін арттыру, облыстағы құрылыс мерзімдері мен сапасын, жолаушылар тасымалдаудың тиімділігін қамтамасыз ету, облыстық жол инфрақұрылымын дамыту, жол жүйесін сақтау және дамыту.
Тармақ 15
15. Міндеттері:
Тармақ 15.1
15.1. Құрылыс басқару саласындағы міндеттері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік «тұрғын үй құрылысы» бағдарламасын іске асыру, құрылысы жоспарланған нысандарды уақытылы тапсырумен оған іргелес аумақтарды орнықтыру;
Тармақша 2
2) жобадағы шешім талаптарының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) Басқарма тапсырушы болып табылатын жағдайларында қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жобалау және құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға мемлекеттік сатып алу (тендерлер) өткізу, жеңімпаздармен келісім-шарттар жасасу және олардың орындалуына бақылау жасау;
Тармақша 4
4) мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында, материалды және еңбек ресурстары мен қаржыларды жоспарлау;
Тармақша 5
5) Жамбыл облысында көп қабатты үйлердің және қоғамдық мақсаттағы ғимараттарды сейсмикалық нығайту іс-шараларын жасау;
Тармақша 6
6) облыс аумағында инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту және жайластыру.
Тармақ 15.2
15.2. Жолаушылар көлігін басқару саласындағы міндеттері:
Тармақша 1
1) тұрақты қала маңындағы, қалааралық облысішілік және елді-мекендерді: кенттерді, ауылдарды (селоларды) өзара және облыстың бір ауданынан тыс аудан орталықтарымен, сондай-ақ облыс орталығымен байланыстыратын бағыттардың жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау қызметтерін көрсету құқығына жұмыстар мен конкурстарды ұйымдастыру және олармен келісім-шарттар жасасу;
Тармақша 2
2) меншік нысанынан тәуелсіз заңды тұлғалардың оның ішінде, тасымалдаушылардың, қызмет көрсетуші автобекеттер мен автостанциялардың жұмысын үйлестіру, реттеу, бақылау және бағыттар бойынша қозғалыстар кестелерін бекіту;
Тармақша 3
3) автобекеттер мен автостанциялардың, тұрақты қала маңындағы, қалааралық облысішілік және елді мекендерді: кенттерді, ауылдарды (селоларды) өзара және облыстың бір ауданынан тыс аудан орталықтармен, сондай-ақ облыс орталығымен байланыстыратын бағыттардың тізілімін жүргізу;
Тармақша 4
4) дүлей апаттар мен төтенше жағдайларды жоюға іс-шаралар қолдануға жолаушылар көлігін тарту туралы мәселелерді қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешу;
Тармақша 5
5) жолаушылар мен жүк тасымалын атқаратын автобус қозғалысына диспетчерлік басқаруды ұйымдастыру;
Тармақша 6
6) тасымалдаушылар мен тұрғындар тарапынан, маршруттарды ашу, жабу немесе автокөліктердің қозғалыс жиілігі аралығын ұзарту /қысқарту/, олардың жұмыс уақытының тәртіптері сияқты басқа да мәселелер бойынша түскен ұсыныстарды қарау;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес лицензиялауға жататын қызыметтің жеке түрлерін лицензиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 8
8) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық), тасымалдаулар маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту;
Тармақша 9
9) Аумақ аралығында көліктер және тіркемесі бар көліктердің міндетті техникалық байқаудан өткізудің графиктеріне келісім беру;
Тармақша 10
10) Техникалық байқаудың халықаралық сертификаттарын беру;
Тармақша 11
11) Тахографтарды орнату және қызмет көрсету әрекетін жүзеге асыруды бастайтын хабарландыру хат берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу.
Тармақ 15.3
15.3. Автомобиль жолдарын басқару саласындағы міндеттері:
Тармақша 1
1) жалпы қолданымдағы облыстық мәндегі автомобиль жолдарын салу, жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарын ұйыдастыру, аталған жұмыс түрлеріне тапсырыс берушінің функцияларын орындау;
Тармақша 2
2) автомобиль жолдарын салу, жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарын орындау сапасын бақылауды жүзеге асыру, оларды қаржыландыру және қабылдау;
Тармақша 3
3) конкурс нәтижесінде анықталған жеңімпаздарымен келісім-шарттар жасасу және олардың орындалуына бақылау жасау;
Тармақша 4
4) заңды және жеке тұлғаларға жалпы қолданымдағы облыстық мәндегі автомобиль жолдарының бойында сервис және жарнама объектілерін орналастыру бойынша объект паспорттарын қарау және келісім беру (немесе негізделген келісім бермеу);
Тармақша 5
5) жалпы қолданымдағы облыстық мәндегі автомобиль жолдарының және олардағы құрылымдардың техникалық және қолданымдық жағдайын тексеруді қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 6
6) аймақтық (Жамбыл облысы бойынша) басқармалық, ұйымдастырушылық және орындау функцияларын атқаратын салалық, немесе басқа уәкілеттік түрінен тәуелсіз субъектілердің автожол саласы бойынша мәселелерін басшылыққа алу, жоғарғы органдардың тапсырмаларын орындау мақсатында, немесе өз қажеттілігімізге сай, олардан сала бойынша бастамалық ұсыныстық тәртіппен аса қажетті мәліметтерді талап ету;
Тармақша 7
7) автомобильдік жолдар және жолдар саласында мемлекеттік саясатын жүзеге асыру.
Тармақ 16
16. Функциялары:
Тармақша 1
1) тұрғын үй құрылысы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары инфрақұрылымын дамыту, облыс әкімдігіне осы мәселелер бойынша, оның ішінде бюджеттік қаражат бөлу туралы ұсыныстар беру;
Тармақша 2
2) кешендік желіс және тұрғын үй құрылысын дамыту, жол қозғалысын ұйымдастыру жобалары мен автомобиль жүйесін дамыту бағдарламаларын дайындау;
Тармақша 3
3) құрылыс, автомобиль жолы жүйесінің, жол құрылымдарының, бақылау орындарының, аялдамалардың, айналма және отырғызу алаңдарының жағдайын бақылау, оларды уақтылы жөндеу мен қалпына келтіру бойынша шаралар қолдану;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, облыс Әкімі мен әкімдіктің кесімдерін, және де басқа құрылыс, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдарына қатысты нормативтык құқықтық актілердің орындалуын ұйымдастыру және бақылау;
Тармақша 5
5) дүлей апаттар мен төтенше жағдайлар салдарын жою жұмыстарын жұмылдырып ұйымдастыруға тікелей және міндетті түрде қатысу;
Тармақша 6
6) осы Ережеге және қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы мекемеге жүктелген функцияларына ұқсас қалалық, аудандық деңгейдегі әкімдіктердің бөлімшелеріне әдістемелік және жедел түрде көмек көрсету, олардан осы Ережемен белгіленген Басқарма функцияларын орындауға қажетті ақпараттар талап ету, оның ішінде трансферттердің уақтылы және тиімді игерілуін бақылау;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ішкі бақылау қызметі жұмысын жүзеге асыру;
Тармақша 8
8) Басқарма тапсырыс беруші немесе бірыңғай конкурс өткізуші болып табылған жағдайында, Республикалық және облыстық бюджеттер есебінен қаржыландырылатын объектілерді жобалау мен салуға, жұмыстарды мемлекеттік сатып алуға Қазақстан Республикасы “Мемлекеттік сатып алу туралы” Заңына сәйкес конкурстарды ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 9
9) заңнамамен, облыс әкімдіктің қаулыларымен немесе облыс Әкімінің шешімдерімен өзіне жүктелген басқа да функцияларды орындау.
Тармақша 10
10) елді мекендер үшін жерасты суларына іздестіру-барлау жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді.
Тармақ 17
17. Құқықтары және міндеттері:
Құқықтары:
Тармақша 1
1) құрылыс, жолаушылар көлігі және жол шаруашылығы мәселелерінде жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) меншік түрінен тәуелсіз құрылыс, көлік, жол, байланыс, телекоммуникация, басқа да салалардан Басқарма фунқцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұрату;
Тармақша 3
3) заңдылықта белгіленген тәртіппен Басқармаға жүктелген функцияларын немесе уәкілетті органның тапсырмаларын орындау үшін, сараптамалар және басқа мамандар реттерінде де өндірістің басқа салаларының, ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық ұйымдар мамандарын тартуға;
Тармақша 4
4) Басқарма салаларының мәселелері бойынша қызметтік, ведомстволық комиссиялар кеңестерін құруға;
Тармақша 5
5) заңдылықта белгіленген тәртіппен Басқарманың құзіретіне кіретін мәселелерімен, өз мамандарының уәкілеттігімен әр-бір объектілерге еш кедергісіз кіруге;
Тармақша 6
6) өз құзыры шегінде заңнамамен және осы Ережемен белгіленген құрылыс, жолаушылар тасымалы, жол, телекоммуникациялар мен байланыс салаларындағы қызмет мәселелері бойынша келісім–шарттардың, нормалар мен стандарттар талаптарының сақталуына бақылау жасауды жүзеге асыру;
Тармақша 7
7) Басқарма ұстанымындағы коммуналдық және басқа да мемлекеттік кәсіпорындардың мемлекеттік басқарушы органы болып саналады;
Тармақша 8
8) Басқарма Жамбыл облысы бойынша салынып жатқан құрылыстарда, көлік құралдарында сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беретін уәкілетті органы болып табылады.
Міндеттері:
Тармақша 1
1) өз құзыры шегінде заңнамамен және осы Ережемен белгіленген құрылыс, жолаушылар тасымалы, жол, телекоммуникациялар мен байланыс салаларындағы қызмет мәселелері бойынша келісім – шарттардың, нормалар мен стандарттар талаптарының сақталуына бақылау жасауды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) құрылыс, жолаушылар көлігі мен жол саласын басқаруды жақсарту жөнінде облыс әкімдігі мен орталық орындаушы органдарға ұсыныстар енгізу;
Тарау 3. 3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
Тармақ 18
18. Басқарма басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Басқарманың бірінші басшысын Жамбыл облыс Әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 20
20. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 21
21. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;
Тармақша 2
2) заңдарға (жекелеген жағдайларда және облыс Әкімі бекітетін лауызымдардың номенклатурасына) сәйкес Басқарманың қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) заңдарда белгіленген тәртіппен Басқарманың қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 4
4) Басқарманың актілеріне қол қояды;
Тармақша 5
5) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
Тармақша 6
6) сенім-хатсыз міндетін атқарады, мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Басқарманы білдіреді;
Тармақша 7
7) Басқарманың мүлкісіне басшылық жасайды, келісім-шарттарды жасайды, сенім-хаттарды береді;
Тармақша 8
8) Бөлім басшыларын лауазымдарына тағайындайды және босатады;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Басқармаға бағынышты кәсіпорындардың басшыларын лауазымдарына тағайыдайды және босатады;
Тармақша 10
10) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тармақ 22
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының тағайындайды және босатады, міндеттері мен өкілеттігін және өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органның мүлкі
4. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 23
23. Басқарма заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 24
24. Басқармада бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 25
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқықы жоқ.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 26
26. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.