Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества Егиндыкольского района

Ереже · № 5С24-6 · қабылданған 31.03.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-79560/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества Егиндыкольского района Күшін жойған Ереже ·№ 5С24-6 ·31.03.2014
24.12.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества Егиндыкольского района

Күшін жойған Ереже ·№ 5С24-6 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества Егиндыкольского района
Атауы (қаз.)
Егіндікөл ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
5С24-6
Қабылданған күні
31.03.2014
Көрсетілген редакция
24.12.2016 79560_138137.kaz
Соңғы өзгеріс
24.12.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14BH004141
ЭКБ идентификаторы
79560
Редакция идентификаторы
79560_138137
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:18

0 Егіндікөл ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Егіндікөл ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Егіндікөл ауданының әкімі
А. Тайжанов
2014 жылғы 31 наурыз

3 Егіндікөл аудандық мәслихатының

2014 жылғы 31 наурыздағы
№ 5С24-6 шешімімен
бекітілген
Егіндікөл ауданының
бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің
қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Егіндікөл ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес әзірленді және Егіндікөл ауданының, ауылдардың, ауылдық округтердің аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйлердің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2 2. Егіндікөл ауданының ауылдардың, ауылдық округтердің аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

3 3. Бөлек жиынды ауылдың, ауылдық округтің әкімі шақырады.

Егіндікөл ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

4 4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы аудандық «Егіндікөл» газеті арқылы олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

5 5. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді ауылдың, ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.

6 6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

7 7. Бөлек жиынды ауыл, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Ауыл, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

8

8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын ауылдың, және ауылдық округтің аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жалпы санының 1 % мөлшерінде ұсынады. Жергілікті қоғамдастық жиыны мен жергілікті қоғамдастық жиналысына кәмелетке толмаған адамдардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың қатысуға құқығы жоқ.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

9 9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

10 10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны ауыл, ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.

Қолданыстағы