Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятой категории получателей к памятным датам и праздничным дням
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятой категории получателей к памятным датам и праздничным дням
- Атауы (қаз.)
- Атаулы және мереке күндеріне орай алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 216/27
- Қабылданған күні
- 28.04.2014
- Көрсетілген редакция
- 28.04.2021 79567_525627.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14PC003791
- ЭКБ идентификаторы
- 79567
- Редакция идентификаторы
- 79567_525627
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:51
0 Атаулы және мереке күндеріне орай алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 - бабы, 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы N 504 қаулысымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 10-тармағына сәйкес, Екібастұз қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Атаулы және мереке күндеріне орай алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің келесі мөлшерлері белгіленсін:
9 мамыр - Жеңіс Күніне орай:
Ұлы Отан соғысының (бұдан әрі - ҰОС) қатысушылары мен мүгедектеріне 500000 (бес жүз мың) теңге мөлшерінде, сондай-ақ 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) сомасындағы азық-түлік жинақтары;
жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестiрiлген адамдарға (Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдары қатысушыларынан, Ауғанстанда әскери мiндетiн өтеу кезiнде мүгедек болған әскери қызметшiлерден, 1986 - 1987 жылдары Чернобыль атом электростанциясындағы (бұдан әрі - ЧАЭС) апаттың зардаптарын жоюға тiкелей қатысқан адамдардан, ЧАЭС апаттың салдарынан мүгедек болған адамдардан басқа) 10 (он) АЕК мөлшерінде;
Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдары қатысушыларына, Ауғанстанда әскери мiндетiн өтеу кезiнде мүгедек болған әскери қызметшiлеріне, 1986 - 1987 жылдары ЧАЭС апаттың зардаптарын жоюға тiкелей қатысқан адамдарға, ЧАЭС апаттың салдарынан мүгедек болған адамдарға 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға 5 АЕК мөлшерінде;
жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнiнен соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа да санаттарына 10 АЕК мөлшерінде;
1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай:
ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын жасына байланысты зейнетақы мен жәрдемақы алатын азаматтарға, атап айтқанда:
ең төменгі мөлшерде зейнетақы мен жәрдемақы алатын азаматтарға – 1,2 АЕК;
80-нен және одан да жоғары жас мөлшеріндегі азаматтарға – 2,9 АЕК;
қазанның 2 жексенбісі - Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне орай:
18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, 1,2-топтағы мүгедектерге, кәмелетке толмаған балалары бар мүгедектерге 2,3 АЕК мөлшерінде;
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар арасынан көп балалы аналарға 2,4 АЕК мөлшерінде.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының әлеуметтік, мәдени дамыту мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ"
Павлодар облысы
әкімінің міндетін атқарушы
Д. Тұрғанов
2014 жылғы "18" сәуір