Құжат мәтініне өту

Об установлении перечня памятных дат и праздничных дней для оказания социальной помощи, а также кратности оказания социальной помощи

Өзге акт · № 210 · қабылданған 15.04.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-79572/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об установлении перечня памятных дат и праздничных дней для оказания социальной помощи, а также кратности оказания социальной помощи Күшін жойған Өзге акт ·№ 210 ·15.04.2014
17.04.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.04.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении перечня памятных дат и праздничных дней для оказания социальной помощи, а также кратности оказания социальной помощи

Күшін жойған Өзге акт ·№ 210 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении перечня памятных дат и праздничных дней для оказания социальной помощи, а также кратности оказания социальной помощи
Атауы (қаз.)
Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету еселігін белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
210
Қабылданған күні
15.04.2014
Көрсетілген редакция
17.04.2018 79572_316461.kaz
Соңғы өзгеріс
17.04.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14R0001038
ЭКБ идентификаторы
79572
Редакция идентификаторы
79572_316461
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:05

0 Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету еселігін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-ІV Бюджет кодексінің, сондай-ақ «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ, «Мүгедектерді әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеу» сұрақтары нормативті түрде «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 заңдарының нормативтік ережелеріне, сондай-ақ «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету еселігі белгіленсін.

2 2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты:

1 1) осы шешімді Алматы қаласы мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

2 2) нормативтік құқықтық актіні Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі Н. Мүліковаға және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю. Ильинге (келісім бойынша) жүктелсін.

4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілді:

7 Алматы қаласы мәслихатының

2014 жылғы «15» сәуірдегі № 210
шешіміне қосымша
Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке
күндерінің тізбесі, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету
еселігі мен мөлшері
№ р/с
Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің атауы
Әлеуметтік көмектің еселігі
Алушылардың жекелеген санаттары
Әлеуметтік көмектің мөлшері (теңге)
1.
Ұлы Отан Соғысының Жеңіс күні
Бір жолғы
Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектері
150,0 мың
Мәртебеcі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 25 сәуірдегі № 2247 Заңының 6, 8-баптарымен белгіленген, жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар
30,0 мың
Ұлы Отан Соғысында қайтыс болған (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің қайталап некеге тіркелмеген жесірлері
30,0 мың
Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналары және қайталап некеге тіркелмеген әйелдері (күйеулері)
30,0 мың
2.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
Бір жолғы
Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысып, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңына белгіленген тәртіпте сәйкес ақталған тұлғалар
50,0 мың

Қолданыстағы