Кіру
Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей для участия в сходе местного сообщества Черниговского сельского округа Аулиекольского района Костанайской области

Ереже · № 154 · қабылданған 19.03.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-79652/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей для участия в сходе местного сообщества Черниговского сельского округа Аулиекольского района Костанайской области Күшін жойған Ереже ·№ 154 ·19.03.2014
19.09.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей для участия в сходе местного сообщества Черниговского сельского округа Аулиекольского района Костанайской области

Күшін жойған Ереже ·№ 154 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей для участия в сходе местного сообщества Черниговского сельского округа Аулиекольского района Костанайской области
Атауы (қаз.)
Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Чернигов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
154
Қабылданған күні
19.03.2014
Көрсетілген редакция
19.09.2023 79652_657749.kaz
Соңғы өзгеріс
19.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14NG004668
ЭКБ идентификаторы
79652
Редакция идентификаторы
79652_657749
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:27

0 Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Чернигов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Чернигов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Чернигов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Әулиекөл ауданы Чернигов
ауылдық округінің әкімі
________ К.К. Құсайынова

4 Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Чернигов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

Мәслихаттың
2014 жылғы 19 наурыздағы
№ 154 шешіміне
1-қосымша
Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Чернигов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Чернигов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес әзірленді және Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Чернигов ауылдық округі тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін ауылдық округтің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, көше тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Чернигов ауылдық округінің аумағы учаскелерге (ауылдарға, көшелерге) бөлінеді.

4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

5. Бөлек жиынды Чернигов ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Чернигов ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етіледі.

7. Ауыл, көше шегінде бөлек жиынды өткізуді Чернигов ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауыл, көшенің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

9. Бөлек жиынды Чернигов ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Чернигов ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Әулиекөл аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

11. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

12. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Чернигов ауылдық округінің әкімінің аппаратына береді.

21 Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Чернигов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамы

Мәслихаттың
2014 жылғы 19 наурыздағы
№ 154 шешіміне
2-қосымша
Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Чернигов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамы

р/с
Чернигов ауылдық округінің елді мекендерінің, көшелерінің атауы
Өкілдер саны (адам)
1
Чернигов ауылы
7
Ленин көшесі
1
Черкашин, Пролетарская көшелері
1
Резниченко көшесі
1
Школьная көшесі
1
Новая көшесі
1
Абай, Баймағамбетов, Октябрь көшелері
2
2
Харковь ауылы
3
3
Дүзбай ауылы
3
Барлығы
13

Қолданыстағы