Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые постановления акимата Бородулихинского района Восточно-Казахстанской области

Қаулы · № 74 · қабылданған 27.03.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-79660/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые постановления акимата Бородулихинского района Восточно-Казахстанской области Күшін жойған Қаулы ·№ 74 ·27.03.2014
23.09.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.09.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые постановления акимата Бородулихинского района Восточно-Казахстанской области

Күшін жойған Қаулы ·№ 74 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые постановления акимата Бородулихинского района Восточно-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгертулер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
74
Қабылданған күні
27.03.2014
Көрсетілген редакция
23.09.2016 79660_285824.kaz
Соңғы өзгеріс
23.09.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14VH003286
ЭКБ идентификаторы
79660
Редакция идентификаторы
79660_285824
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:21

0 Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларына

өзгертулер енгізу туралы
«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесімен сәйкестендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі Заңының 1-бабы 34-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Бородулиха ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларына келесі өзгертулер енгізілсін:

«Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 711, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2966 тіркелген, аудандық «Пульс района» газетінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 53 (6675); «Аудан тынысы» газетінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 53 (353)) жарияланған қаулысының кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18-бабы 7) тармақшасы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағы, «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабы 1) тармақшасы негізінде Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
«Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар және қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 29 қазандағы № 807, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-8-118 тіркелген, аудандық «Пульс района» газетінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 66 (6386), «Аудан тынысы» газетінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 65 (65)) жарияланған қаулысының кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 Еңбек кодексінің 18-бабы 7) тармақшасы негізінде, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7-бабы 5-5) және 5-6) тармақшаларына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы С. Лазуринге жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы