Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил субсидирования стоимости гербицидов, биоагентов (энтомофагов) и биопрепаратов, предназначенных для обработки сельскохозяйственных культур в целях защиты растений

Қаулы · № 573 · қабылданған 29.05.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-79697/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении Правил субсидирования стоимости гербицидов, биоагентов (энтомофагов) и биопрепаратов, предназначенных для обработки сельскохозяйственных культур в целях защиты растений Күшін жойған Қаулы ·№ 573 ·29.05.2014
31.10.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.10.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил субсидирования стоимости гербицидов, биоагентов (энтомофагов) и биопрепаратов, предназначенных для обработки сельскохозяйственных культур в целях защиты растений

Күшін жойған Қаулы ·№ 573 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил субсидирования стоимости гербицидов, биоагентов (энтомофагов) и биопрепаратов, предназначенных для обработки сельскохозяйственных культур в целях защиты растений
Атауы (қаз.)
Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
573
Қабылданған күні
29.05.2014
Көрсетілген редакция
31.10.2015 AI79697_2.kaz
Соңғы өзгеріс
31.10.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1400000573
ЭКБ идентификаторы
79697
Редакция идентификаторы
AI79697_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:32

0 Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2014 жылғы 29 мамырдағы
№ 573 қаулысымен
бекiтiлген
Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын арзандату бойынша жергілікті бюджетте тиісті қаржы жылына көзделген қаржы есебінен және шегінде субсидиялар (бұдан әрi – субсидиялар) төлеу тәртібін айқындайды.

2 2. Субсидиялар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (бұдан әрі – АШТӨ) осы Қағидаларда белгiленген тәртiпке сәйкес мынадай бағыттар бойынша:

1 1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген гербицидтердің құнын арзандатуға (50 %-ға дейiн);

2 2) биоагенттер (энтомофагтар) мен биопрепараттардың құнын арзандатуға (40 %-ға дейiн) бөлiнедi.

3

3. Қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен облыстың және Астана мен Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органының шешiмi негiзiнде осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетiлген бағыттарға сәйкес облыстың және Астана мен Алматы қалаларының тиiстi жылға арналған бюджеттерiнде көзделген қаражат шегiнде жүзеге асырылады.
Бұл ретте, облыстың және Астана мен Алматы қалаларының жергілікті бюджеттерінде көзделетін қаражат көлемі республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында тиісті жылға белгіленген, ауыл шаруашылығына бағытталатын ең аз бюджет қаражатының көлемінен төмен болмауы тиіс.

4 4. Қандай да бір аудан бөлінген қаражатты толық игермеген жағдайда, облыстардың әкімдері оларды облыс бойынша бекітілген субсидиялау көлемі шегінде осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша қайта бөле алады.

5 5. АШТӨ-нің субсидиялар алуға арналған тiзiмiн айқындау үшiн әрбiр ауданда (облыстық маңызы бар қалада, Астана және Алматы қалаларында) аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана және Алматы қалалары) әкiмiнiң шешiмiмен ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi – ВАК) құрылады.

ВАК-тің құрамына:

1 1) аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана және Алматы қалалары) әкiмдiгiнiң, оның ішінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, Астана және Алматы қалаларының) ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмдерiнiң немесе басқармаларының;

2 2) агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық инспекциясының;

3 3) тиісті облыстың, облыстық маңызы бар қалалардың, Астана және Алматы қалаларының аудандарындағы облыстар, Астана және Алматы қалалары өңірлік кәсіпкерлер палатасы филиалының (бар болса);

4 4) аграрлық бейіндегі қоғамдық және ғылыми ұйымдардың (бар болса) өкілдері кіреді.

Ауданның ауыл шаруашылығы бөлiмi, ал Астана және Алматы қалалары және облыстық маңызы бар қала бойынша – қала әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы басқармасы немесе бөлiмi (бұдан әрi – бөлiм) ВАК-тың жұмыс органы болып табылады.

6 6. Бөлiм субсидиялар алу үшiн құжаттарды қабылдаудың басталатын және аяқталатын күнін белгілейді және құжаттарды қабылдау мерзiмi мен басқа да қажеттi мәлiметтердi көрсете отырып, ВАК-тың жұмыс тәртiбiн жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етедi.

7 7. Аудандар бойынша субсидиялар көлемдері (басым дақылдардың егістік алқабының болжамды құрылымына қарай) облыстың және Астана мен Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органының шешiмiмен белгіленеді.

8 8. Облыстың және Астана мен Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органының шешiмiмен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) келісімі бойынша:

1 1) субсидияланатын гербицидтердің түрлері және гербицид жеткiзушiлерден сатып алынған гербицидтердiң 1 литрiне (килограмына) арналған субсидиялар нормалары;

2 2) субсидияланатын биоагенттер (энтомофагтар) мен биопрепараттардың түрлері және биоагенттер (энтомофагтар) мен биопрепараттарды жеткізушілерден сатып алынған биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың 1 граммына (данасына) арналған субсидиялар нормалары белгіленеді.

2 2. Гербицидтердің құнын арзандатуға арналған субсидияларды төлеу тәртiбi

1. Субсидия төлеу шарттары

9 9. Гербицидтердің құнын арзандатуға арналған субсидиялар ағымдағы жылы гербицид жеткізушілерден гербицид сатып алған АШТӨ-нің және өткен жылдың төртінші тоқсанында шығындарды ішінара өтеуге субсидия алмаған АШТӨ-нің шығындарын iшiнара өтеуге арналады.

10 10. Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiрудi (формуляциялауды) және (немесе) сатуды жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар гербицид жеткiзушiлер болып табылады.

11 11. Бюджеттік субсидиялар сатып алынған гербицидтердің 1 литрiне (килограмына) арналған субсидиялардың нормаларына сәйкес мынадай мөлшерде беріледі:

1 1) отандық өндірістің гербицидтерін сатып алған кезде субсидиялар АШТӨ-ге сатып алынған гербицид құнының 50 %-на дейінгі мөлшерде төленеді;

2 2) шетелдік өндірістің гербицидтерін сатып алған кезде субсидиялар АШТӨ-ге сатып алынған гербицид құнының 30 %-на дейінгі мөлшерде төленеді.

Осы Қағидалардың 8-тармағының 1) тармақшасында көзделген гербицидтер түрлеріне арналған субсидиялар нормаларын белгілеген кезде гербицид жеткізушілер сататын шетелдік өндірістің гербицидтерінің құны ұқсас отандық өндірістің гербицидтерінің құнынан аспауы тиіс, отандық және шетелдік өндіріс гербицидтеріне арналған субсидиялар мөлшерлері арасындағы айырмашылық осы тармақта белгіленген айырмашылыққа барабар сәйкес болуы тиіс.

12 2. Қажетті құжаттар тізбесі

12. Осы Қағидалардың 9, 10 және 11-тармақтарында белгіленген шарттарды АШТӨ-нің сақтамауы облыстың (Астана және Алматы қалаларының) ауыл шаруашылығы басқармасының (бұдан әрi – басқарма) төленген субсидияларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өндіріп алуы үшін негіз болып табылады.
2. Қажетті құжаттар тізбесі

13

13. АШТӨ бөлiм белгілеген мерзімдерде бөлiмге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға арналған АШТӨ тізіміне (бұдан әрі – АШТӨ тізімі) қосуға өтінім береді, бұл ретте бір уақытта гербицидтерді жеткізуші берген шот-фактуралар мен тауарлық-көліктік жүкқұжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Өтінім қабылданған күні АШТӨ-ге өтінімнің қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Қосымша қаражат бөлінген жағдайда, бөлім жоғарыда көрсетілген құжаттар қоса берілген өтінімдерді қосымша қабылдауды бөлім белгілеген мерзімде жүзеге асырады.

14 14. Осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес субсидиялар алатын, гербицидтердің құнын шартта айтылған мерзімдерде төлейтін АШТӨ де бюджеттік субсидиялар алушылардың тізіміне енгізіледі.

15 15. Мынадай жағдайларда:

1 1) тиісті түрде ресімделмеген өтінім берілгенде;

2 3. ВАК-тың жұмыс тәртібі

2) өтінім берудің осы Қағидалардың 6 және 13-тармақтарында белгіленген мерзімі бұзылғанда субсидиялар берілмейді.
3. ВАК-тың жұмыс тәртібі

16 16. Бөлiм құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде оларды өңдеудi жүзеге асырады және ВАК-тың қарауына ұсынады.

17

17. ВАК сегіз жұмыс күнi iшiнде бөлiм ұсынған құжаттарды қарайды және тиесiлi субсидиялар сомасын көрсете отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АШТӨ тiзiмiн қалыптастырады және оны аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiне, ал Астана мен Алматы қалалары бойынша – қала әкiмiне бекiтуге жiбередi. Бұл ретте, субсидиялауға жататын гербицидтердiң көлемi бөлiнген бюджет қаражаты мен әрбiр АШТӨ-нiң егiс алаңдарының мөлшерi ескерiле отырып, АШТӨ-нiң өтiнiмдерiне барабар белгiленедi.
Аталған АШТӨ тiзiмiне қосудан бас тартылған жағдайда, бөлiм АШТӨ-ге тiзiм жасалған сәттен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей бас тарту себебiн көрсете отырып, жазбаша хабарлама бередi.

18 18. Аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана, Алматы қалалары) әкiмi екi жұмыс күнi iшiнде АШТӨ тiзiмiн бекiтедi.

19

19. Аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана және Алматы қалалары) әкімі АШТӨ тізімін бекіткеннен кейін бөлім ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, Астана және Алматы қалаларының) жергілікті атқарушы органының интернет-ресурсында және ресми баспа басылымдарында тиесілі субсидиялар сомасын көрсете отырып, АШТӨ тізімін орналастырады және оны басқармаға ұсынады.

20 4. Субсидия төлеу тәртібі

20. АШТӨ өтiнiм берiлген гербицидтер көлемiн сатып алудан немесе өтеуден бас тартқан жағдайда, ВАК осы гербицидтер көлемiн АШТӨ тiзiмiне енгізілген басқа АШТӨ арасында әрбiр АШТӨ-нiң егiс алаңдарының мөлшерiне қарай қайта бөледi.
4. Субсидия төлеу тәртібі

21 21. Бөлiм тізімді ұсынғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде басқарма осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ағымдағы жылы және өткен жылдың төртінші тоқсанында гербицидтер жеткізушіден сатып алынған гербицидтер шығындарын өтеуге арналған АШТӨ-нiң жиынтық тiзiлiмiн жасайды.

22 22. Гербицид жеткiзушiлерден сатып алынған гербицидтерге субсидиялар алу үшiн басқарма АШТӨ-нiң жиынтық тiзiлiмдерi негiзiнде оларды жасағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АШТӨ-ге субсидиялар төлеуге арналған ведомость қалыптастырады.

23 23. Тиесілі субсидияларды АШТӨ-нің және өндірушілердің банк шоттарына аударуды басқарма төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес тиісті айдың 30-күніне дейін аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне екi данада төлем шоттарымен қоса төлем шоттарының тiзiлiмiн ұсыну арқылы жүзеге асырады.

Бұл ретте, тиесілі субсидияларды АШТӨ-нің және өндірушілердің банк шоттарына желтоқсан айында аударуды басқарма тиісті жылдың 20 желтоқсанына дейін жүзеге асырады.

24 24. Басқарма тиiстi жылдың 5 шiлдесiне және 25 желтоқсанына дейiнгi мерзiмде уәкiлеттi органға субсидияларды пайдалану туралы жиынтық ақпарат бередi.

3 3. Биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу тәртiбi

1. Субсидия төлеу шарттары

25 25. Субсидиялар биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілерден өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды сатып алған кездегі шығындарын арзандату (40 %-ға дейін) үшін АШТӨ-ге арналады.

26

26. Биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізуші арнайы жарақтандырылған өндірістік биозертханалары мен биофабрикалары бар Қазақстан Республикасында биоагенттерді (энтомофагтарды) өндіруді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар және/немесе биоагенттерді (энтомофагтарды) өткізуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резиденті болып табылады.

27 2. Қажетті құжаттар тізбесі

27. Бюджеттік субсидиялар жеткізушілерден сатып алынған биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың 1 граммына (данасына) арналған субсидиялардың нормаларына сәйкес беріледі.
2. Қажетті құжаттар тізбесі

28

28. АШТӨ бөлiм белгілеген мерзімдерде бөлiмге осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға арналған АШТӨ тізіміне (бұдан әрі – АШТӨ тізімі) қосуға өтінім береді, бұл ретте бір уақытта биоагенттер (энтомофагтар) мен биопрепараттарды жеткізуші берген шот-фактуралар мен тауарлық-көліктік жүкқұжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Өтінім қабылданған күні АШТӨ-ге өтінімнің қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Қосымша қаражат бөлінген жағдайда, бөлім жоғарыда көрсетілген құжаттар қоса берілген өтінімдерді қосымша қабылдауды бөлім белгілеген мерзімде жүзеге асырады.

29 29. Осы Қағидалардың 25-тармағына сәйкес субсидиялар алатын, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын шартта айтылған мерзімдерде төлейтін АШТӨ де бюджеттік субсидиялар алушылардың тізіміне енгізіледі.

30 30. Мынадай жағдайларда:

1 1) тиісті түрде ресімделмеген өтінім берілгенде;

2 3. ВАК-тың жұмыс тәртібі

2) өтінім берудің осы Қағидалардың 28 және 29-тармақтарында белгіленген мерзімі бұзылғанда субсидиялар берілмейді.
3. ВАК-тың жұмыс тәртібі

31 31. Бөлiм құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде оларды өңдеудi жүзеге асырады және ВАК-тың қарауына ұсынады.

32

32. ВАК сегіз жұмыс күнi iшiнде бөлiм ұсынған құжаттарды қарайды және тиесiлi субсидиялар сомасын көрсете отырып, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АШТӨ тiзiмiн қалыптастырады және оны аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiне, ал Астана мен Алматы қалалары бойынша – қала әкiмiне бекiтуге жiбередi. Бұл ретте, субсидиялауға жататын биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың көлемi бөлiнген бюджет қаражаты мен әрбiр АШТӨ-нiң егiс алаңдарының мөлшерi ескерiле отырып, АШТӨ-нiң өтiнiмдерiне барабар белгiленедi.
Аталған АШТӨ тiзiмiне қосудан бас тартылған жағдайда, бөлiм АШТӨ-ге тiзiм жасалған сәттен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей бас тарту себебiн көрсете отырып, жазбаша хабарлама бередi.

33 33. Аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана, Алматы қалалары) әкiмi екi жұмыс күнi iшiнде АШТӨ тiзiмiн бекiтедi.

34

34. Аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана және Алматы қалалары) әкімі АШТӨ тізімін бекіткеннен кейін бөлім ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, Астана және Алматы қалаларының) жергілікті атқарушы органының интернет-ресурсында және ресми баспа басылымдарында тиесілі субсидиялар сомасын көрсете отырып, АШТӨ тізімін орналастырады және оны басқармаға ұсынады.

35 4. Субсидия төлеу тәртібі

35. АШТӨ өтiнiм берiлген биоагенттер (энтомофагтар) және биопрепараттар көлемiн сатып алудан немесе өтеуден бас тартқан жағдайда, ВАК осы биоагенттер (энтомофагтар) және биопрепараттар көлемiн АШТӨ тiзiмiне енгізілген басқа АШТӨ арасында әрбiр АШТӨ-нiң егiс алаңдарының мөлшерiне қарай қайта бөледi.
4. Субсидия төлеу тәртібі

36

36. Бөлім тізімді ұсынғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде басқарма осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ағымдағы жылы биоагенттер (энтомофагтар) және биопрепараттар жеткізушіден биоагенттер (энтомофагтар) және биопрепараттар сатып алған және өткен жылдың төртінші тоқсанында шығындарын ішінара өтеуге субсидиялар алмаған АШТӨ шығындарын ішінара өтеуге арналған АШТӨ-нiң жиынтық тiзiлiмiн жасайды.

37

37. Биоагенттер (энтомофагтар) және биопрепараттар жеткiзушiлерден сатып алынған биоагенттерге (энтомофагтарға) және биопрепараттарға субсидиялар алу үшiн басқарма АШТӨ-нiң жиынтық тiзiлiмдерi негiзiнде оларды жасағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АШТӨ-ге субсидиялар төлеуге арналған ведомость қалыптастырады.

38 38. Тиесілі субсидияларды АШТӨ-нің және өндірушілердің банк шоттарына аударуды басқарма төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес тиісті айдың 30-күніне дейін аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне екi данада төлем шоттарымен қоса төлем шоттарының тiзiлiмiн ұсыну арқылы жүзеге асырады.

Бұл ретте, тиесілі субсидияларды АШТӨ-нің және өндірушілердің банк шоттарына желтоқсан айында аударуды басқарма тиісті жылдың 20 желтоқсанына дейін жүзеге асырады.

39 39. Басқарма тиiстi жылдың 5 шiлдесiне және 25 желтоқсанына дейiнгi мерзiмде уәкiлеттi органға субсидияларды пайдалану туралы жиынтық ақпарат бередi.

1 Өтінім

Өсімдіктерді қорғау мақсатында
ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге
арналған гербицидтердің, биоагенттердің
(энтомофагтардың) және
биопрепараттардың құнын
субсидиялау қағидаларына
1-қосымша
_____________________________________________________________________
(облыс, аудан, қала әкiмдiгiнiң толық атауы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Өтінім
______ л ( кг) көлемiнде ___________________________________________,
                                      (гербицид түрi)
______ л (кг) көлемiнде ____________________________________________,
                                      (гербицид түрi)
______ л (кг) көлемiнде ___________________________________________,
                                      (гербицид түрi)
гербицидтер сатып алу үшiн субсидиялар алуға арналған ауыл
шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң тiзiмiне қосуды сұраймын.
Р/с

Де­ректер кө­зі
Қа­жет­ті мә­лі­мет­тер
Де­ректер
1
2
3
4
1.
Мем­ле­кет­тiк тiр­кеу (қай­та тiр­кеу) ту­ра­лы ку­әлiк неме­се анық­та­ма – заң­ды тұл­ға үшін
тір­кеу нө­мі­рі
тір­кеу кү­ні
ата­уы
ор­на­лас­қан же­рі
мем­ле­кет­тік тір­кеу кү­ні
кім бер­ді
2.
Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат – же­ке тұл­ға үшiн
же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың нө­мі­рі
ЖСН
кім бер­ді
бе­рі­л­ген кү­ні
Да­ра кәс­iп­кер­дi мем­ле­кет­тiк тiр­кеу ту­ра­лы ку­әлiк – же­ке тұл­ға үшiн
ор­на­лас­қан же­рі
тір­кеу кү­ні
кім бер­ді
3.
Жер учас­кесiне сәй­кестен­дi­ру және (неме­се) құқық бел­гiлей­тiн құ­жат
ак­ті­нің нө­мі­рі
ка­дастр­лық нө­мі­рі
бар­лық ауда­ны, га
оның ішін­де егі­стік
ны­са­на­лы мақ­са­ты
сәй­кестен­дi­ру құ­жа­ты­ның нө­мі­рі мен бе­рі­л­ген кү­ні кім бер­ді
жер пай­да­ла­ну­шы­ның ата­уы
4.
Ағым­да­ғы шот­тың бо­луы ту­ра­лы екін­ші дең­гей­де­гі банк­тiң анық­та­ма­сы
ЖСК
Кбе
Банк­тің де­ректе­ме­ле­рі:
банк­тің ата­уы
БСК
К/ш
БСН
Кбе
5.
Сәй­кест­iк сер­ти­фи­ка­ты (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да өн­ді­рі­л­ген са­тып алын­ған гер­би­цид­тер­ге)
сер­ти­фи­кат­тың әре­кет ету мер­зі­мі
нө­мі­рі
сәй­кестен­ді­рі­л­ген өнім (ата­уы, шы­ға­ру­шы ел)
өті­ніш бе­ру­ші (ата­уы, ме­кен­жайы)
кім бер­ді
6.
Шы­ғу те­гі­нің сер­ти­фи­ка­ты/ са­па сер­ти­фи­ка­ты (им­порт­тық гер­би­цид­тер­ге гер­би­цид­тер­ді өң­ді­ру­ші­нің)
экс­порт­та­у­шы/жүк жө­нел­ту­ші
им­порт­шы/жүк алушы
та­у­ар­дың ата­уы
бе­рі­л­ген кү­ні мен ор­ны
7.
Гер­би­цид­тер жет­кі­зу­ші­лер­дің мем­ле­кет­тік ли­цен­зи­я­сы (пе­сти­цид­тер­ді (улы хи­ми­кат­тар­ды) өн­ді­ру (фор­му­ля­ци­я­лау) және өт­кі­зу жө­нін­де­гі қыз­мет­пен ай­на­лы­су­ға)
ли­цен­зи­я­ның нө­мі­рі
то­лық ата­уы
ор­на­лас­қан же­рі
ли­цен­зи­я­ның тү­рі
кі­ші қыз­мет тү­рі­нің (әре­кет) ата­уы
кім бер­ді
бе­рі­л­ген кү­ні
Ауы­л­ша­ру­а­шы­лық да­қыл­дың ата­уы
Ала­ңы, га
1 га-ға гер­би­цид­тер­ді қол­да­ну­дың ғы­лы­ми ұсы­ны­л­ған нор­ма­ла­ры
Өң­де­ле­тін алаң­ның кө­ле­мi, га
Гер­би­цид тү­рі (л, кг)
Ұсынылған ақпараттың дәйектілігін растаймын және дәйекті емес
мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.
______________________________________________________ ______________
         (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))            (қолы)
Басшысы ______________________________________________ ______________
            (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))         (қолы)
      Мөр орны
20__ жылғы «___»______________
Өтiнiм қарауға 20__жылғы «___»____________ қабылданды
_____________________________________________________________________
(өтiнiштi қабылдаған жауапты адамның қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

2 Бюджеттік субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң тiзiмi

Өсімдіктерді қорғау мақсатында
ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге
арналған гербицидтердің, биоагенттердің
(энтомофагтардың) және
биопрепараттардың құнын
субсидиялау қағидаларына
2-қосымша
«Бекiтемiн»
________________________________________
(облыстың атауы)
________________________________________
аудан (облыстық маңызы бар қала,
Астана және Алматы қалалары) әкiмi
_________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, мөрi)
20__жылғы «__» ____________________
Бюджеттік субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң тiзiмi
ағымдағы жылы гербицидтер жеткізушіден гербицидтер сатып алған
АШТӨ және өткен 20__ жылғы төртінші тоқсанда шығындарын ішінара
өтеуге субсидиялар алмаған АШТӨ шығындарын ішінара өтеуге арналады
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­дiру­шiнiң ата­уы
ЖСН/ БСН
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­дiру­шiнiң ағым­да­ғы шо­ты
Гер­би­цид түрi
Са­тып алын­ған гер­би­цид­те рдің кө­ле­мi, (л, кг)
1 л (кг) гер­би­цид­тер­дің құ­ны, тең­ге
Өте­луi тиiс со­ма, тең­ге
БСК
ЖСК
Жиы­ны:
ВАК төрағасы ___________________________________________ ____________
                   (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
ВАК мүшелері: __________________________________________ ____________
                   (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
________________________________________________________ ____________
                   (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
      Мөр орны

3 Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң жиынтық тiзiлiмi

Өсімдіктерді қорғау мақсатында
ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге
арналған гербицидтердің, биоагенттердің
(энтомофагтардың) және
биопрепараттардың құнын
субсидиялау қағидаларына
3-қосымша
Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң жиынтық тiзiлiмi
ағымдағы жылы гербицидтер жеткізушіден гербицидтер сатып алған
АШТӨ және өткен 20__ жылғы төртінші тоқсанда шығындарын ішінара
өтеуге субсидиялар алмаған АШТӨ шығындарын ішінара өтеуге арналады
Аудан (қа­ла)
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­дiру­шiнiң ата­уы
ЖСН/БСН
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­дiру­шiнiң ағым­да­ғы шо­ты
Гер­би­цид түрi
Са­тып алын­ған гер­би­цид­те рдің кө­ле­мi, (л, кг)
1 л (кг) гер­би­цид­тер­дің құ­ны, тең­ге
Өте­луi тиiс со­ма, тең­ге
БСК
ЖСК
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Жиы­ны:
Басқарманың құрылымдық
бөлiмшесiнiң басшысы ___________________________________ ____________
                     (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)

4 20__ жылғы «__» _________ «__» _________ аралығында субсидиялар төлеуге арналған ведомость

Өсімдіктерді қорғау мақсатында
ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге
арналған гербицидтердің, биоагенттердің
(энтомофагтардың) және
биопрепараттардың құнын
субсидиялау қағидаларына
4-қосымша
«Бекiтемiн»
_____________облысының (қаласының)
басқарма басшысы ___________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, мөрi)
20__жылғы «__» ____________________
20__ жылғы «__» _________ «__» _________ аралығында субсидиялар төлеуге арналған ведомость
отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге:
Аудан­ның ата­уы
Отан­дық ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­дiру­шiлер дiң ата­уы
Гер­би­цид түрi
Гер­би­цид тер­дi са­тып ал­ған кү­ні
Са­тып алын­ған гер­би­цид­тер үшiн шы­ғын­ды өте­у­ге нақ­ты берiл­ген құ­жат­тар, (л, кг)
жыл ба­сы­нан бе­рі
20__ж. «__» – «__» ара­лы­ғын­да
1
2
3
4
5
6
Жиы­ны:
кестенің жалғасы
1 л (кг) бюд­жет­тiк суб­си­ди­я­лар­дың нор­ма­тивi, тең­ге
Ти­есiлi бюд­жет­тiк суб­си­ди­я­ла р со­ма­сы, тең­ге
Жыл ба­сы­нан тө­лен­генi , тең­ге
Ти­есiлi бюд­жет­тiк суб­си­ди­я­лар со­ма­сы­ның қал­ды­ғы, тең­ге
20__ ж. «__» ________ тө­ле­у­ге жа­та­ты­ны, тең­ге
7
8
9
10
11
Төлеу сомасы ___________ (цифрмен) __________________ (жазбаша) теңге
Басқарманың құрылымдық
бөлiмшесiнiң басшысы ____________________________________ ___________
                      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
Бас бухгалтер ___________________________________________ __________
                      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)

5 Өтінім

Өсімдіктерді қорғау мақсатында
ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге
арналған гербицидтердің, биоагенттердің
(энтомофагтардың) және
биопрепараттардың құнын
субсидиялау қағидаларына
5-қосымша
_____________________________________________________________________
              (облыс, аудан, қала әкiмдiгiнiң толық атауы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
                              (бар болса))
Өтінім
_________грамм (дана) көлемінде _____________________________________
                                       (биоагент түрі)
биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды сатып алу үшін
субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің
тізіміне қосуды сұраймын.
Р/с

Де­ректер кө­зі
Қа­жет­ті мә­лі­мет­тер
Де­ректер
1
2
3
4
1.
Мем­ле­кет­тiк тiр­кеу (қай­та тiр­кеу) ту­ра­лы ку­әлiк неме­се анық­та­ма – заң­ды тұл­ға үшін
тір­кеу нө­мі­рі
тір­кеу кү­ні
ата­уы
ор­на­лас­қан же­рі
мем­ле­кет­тік тір­ке­удің кү­ні
кім бер­ді
2.
Жер учас­кесiне сәй­кестен­дi­ру және (неме­се) құқық бел­гiлей­тiн құ­жат
ак­ті­нің нө­мі­рі
ка­дастр­лық нө­мі­рі
бар­лық ауда­ны, га
оның ішін­де егі­стік
ны­са­на­лы мақ­са­ты
сәй­кестен­дi­ру құ­жа­ты­ның нө­мі­рі мен бе­рі­л­ген кү­ні,
кім бер­ді
жер пай­да­ла­ну­шы­ның ата­уы
3.
Ағым­да­ғы шот­тың бо­луы ту­ра­лы екін­ші дең­гей­де­гі банк­тiң анық­та­ма­сы
ЖСК
Кбе
Банк­тің де­ректе­ме­ле­рі:
Банк­тің ата­уы
БСК
К/ш
БСН
Кбе
Ауы­л­ша­ру­а­шы­лық да­қыл­дың ата­уы
Ала­ңы, га
1 га био­агент­тер­ді қол­да­ну­дың ғы­лы­ми ұсы­ны­л­ған нор­ма­ла­ры
Өң­де­ле­тін алаң­ның кө­ле­мi, га
Био­агент тү­рі (да­на, гр)
1
2
3
4
5
Ұсынылған ақпараттың дәйектілігін растаймын және дәйекті емес
мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын
_____________________________________________________ _______________
        (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))              (қолы)
Басшысы _____________________________________________ _______________
        (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))               (қолы)
Мөр орны
20___ жылғы «___» _______________
Өтінім қарауға 20__ жылғы «___» ___________ қабылданды.
_____________________________________________________________________
(өтінішті қабылдаған жауапты адамның қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

6 Бюджеттік субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң тiзiмi

Өсімдіктерді қорғау мақсатында
ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге
арналған гербицидтердің, биоагенттердің
(энтомофагтардың) және
биопрепараттардың құнын
субсидиялау қағидаларына
6-қосымша
«Бекiтемiн»
________________________________________
(облыстың атауы)
________________________________________
аудан (облыстық маңызы бар қала,
Астана және Алматы қалалары) әкiмi
________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, мөрi)
20__жылғы «__» ____________________
Бюджеттік субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң тiзiмi
ағымдағы жылы биоагенттер (энтомофагтар) мен биопрепараттарды
жеткізушіден биоагенттер (энтомофагтар) және биопрепараттар сатып
алған АШТӨ және өткен 20__ жылғы төртінші тоқсанда шығындарын ішінара
өтеуге субсидиялар алмаған АШТӨ шығындарын ішінара өтеуге арналады
Ауыл ша­ру­а­шы­лы ғы та­у­а­рын өн­дiру­шiн iң ата­уы
ЖСН/БСН
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­дiру­шiнiң ағым­да­ғы шо­ты
Био­агент (эн­то­мо­фаг) және био­пре­па­рат
түрi
Са­тып алын­ған био­агент­тер­дің (эн­то­мо­фаг­тар­дың) және био­пре­па­рат­тард ың кө­ле­мi, (грамм, да­на)
1 грамм (да­на) био­агент­тер­дің (эн­то­мо­фаг­тар­лың) және био­пре­па­рат­тар­дың құ­ны, тең­ге
Өте­луi тиiс со­ма, тең­ге
БСК
ЖСК
1
2
3
4
5
6
7
8
Жиы­ны:
ВАК төрағасы ___________________________________________ ____________
             (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))          (қолы)
ВАК мүшелері ___________________________________________ ____________
             (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))          (қолы)
________________________________________________________ ____________
             (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))          (қолы)
      Мөр орны

7 Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң жиынтық тiзiлiмi

Өсімдіктерді қорғау мақсатында
ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге
арналған гербицидтердің, биоагенттердің
(энтомофагтардың) және
биопрепараттардың құнын
субсидиялау қағидаларына
7-қосымша
Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң жиынтық тiзiлiмi
ағымдағы жылы биоагенттер (энтомофагтар) мен биопрепараттарды
жеткізушіден биоагенттер (энтомофагтар) және биопрепараттар сатып
алған АШТӨ және өткен 20__ жылғы төртінші тоқсанда шығындарын ішінара
өтеуге субсидиялар алмаған АШТӨ шығындарын ішінара өтеуге арналады
Аудан (қа­ла)
Ауыл ша­ру­а­шы­лы ғы та­у­а­рын өн­дiру­шiн iң ата­уы
ЖСН/БСН
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­дiру­шiнiң ағым­да­ғы шо­ты
Био­агент (эн­то­мо­фаг) және био­пре­па­рат түрi
Са­тып алын­ған био­агент­те  рдің (эн­то­мо­фаг тар­дың) және био­пре­па­ра ттар­дың кө­ле­мi, (грамм, да­на)
1 грамм (да­на) био­агент­тер дің (эн­то­мо­фагт ар­дың) және био­пре­па­рат тар­дың құ­ны, тең­ге
Өте­луi тиiс со­ма, тең­ге
БСК
ЖСК
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Жиы­ны:
ВАК төрағасы __________________________________________ _____________
              (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))        (қолы)
ВАК мүшелері _________________________________________ ______________
              (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))        (қолы)
_______________________________________________________ _____________
              (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))        (қолы)
      Мөр орны

8 20__ жылғы «__» _________ «__» _________ аралығында субсидиялар төлеуге арналған ведомость

Өсімдіктерді қорғау мақсатында
ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге
арналған гербицидтердің, биоагенттердің
(энтомофагтардың) және
биопрепараттардың құнын
субсидиялау қағидаларына
8-қосымша
Бекiтемiн»
_____________облысының (қаласының)
басқарма басшысы___________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)), мөрi)
20__жылғы «__» ____________________
20__ жылғы «__» _________ «__» _________ аралығында субсидиялар төлеуге арналған ведомость
отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге:
Отан­дық ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­дiру­шiлер­дiң ата­уы
Био­агент (эн­то­мо­фаг) және био­пре­па­рат түрi
Био­аген­ті (эн­то­мо­фаг ті) және био­пре­па­ра тті са­тып ал­ған кү­ні
Са­тып алын­ған био­агент­тер (эн­то­мо­фаг­тар) және био­пре­па­рат­тар үшiн шы­ғын­ды өте­у­ге нақ­ты берiл­ген құ­жат­тар, (грамм, да­на)
жыл ба­сы­нан
бе­рі
20__ж. «__» ________ «__»
ара­лы­ғын­да
1
2
3
4
5
Жиы­ны:
кестенің жалғасы
1 грамм (да­на) бюд­жет­тiк суб­си­ди­я­лар­дың нор­ма­тивi, тең­ге
Ти­есiлi бюд­жет­тiк суб­си­ди­я­ла р со­ма­сы, тең­ге
Жыл ба­сы­нан тө­лен­генi, тең­ге
Ти­есiлi бюд­жет­тiк суб­си­ди­я­лар со­ма­сы­ның қал­ды­ғы, тең­ге
20__ ж. «__» ________
тө­ле­у­ге жа­та­ты­ны, тең­ге
6
7
8
9
10
Төлеу сомасы __________ (цифрмен) __________________ (жазбаша) теңге.
Басқарманың құрылымдық
бөлiмшесiнiң басшысы ____________________________________ ___________
                      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
Бас бухгалтер ___________________________________________ ___________
                     (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)

Қолданыстағы