Құжат мәтініне өту

Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы пруда на реке Лосиха и реки Лосиха в Шемонаихинском районе и режима их хозяйственного использования

Қаулы · № 88 · қабылданған 07.04.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-79713/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы пруда на реке Лосиха и реки Лосиха в Шемонаихинском районе и режима их хозяйственного использования Қолданыста Қаулы ·№ 88 ·07.04.2014
22.12.2016 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы пруда на реке Лосиха и реки Лосиха в Шемонаихинском районе и режима их хозяйственного использования

Қолданыста Қаулы ·№ 88 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы пруда на реке Лосиха и реки Лосиха в Шемонаихинском районе и режима их хозяйственного использования
Атауы (қаз.)
Шемонаиха ауданының Лосиха өзені тоғанының және Лосиха өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
88
Қабылданған күні
07.04.2014
Көрсетілген редакция
22.12.2016 79713_165689.kaz
Соңғы өзгеріс
22.12.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14V0003294
ЭКБ идентификаторы
79713
Редакция идентификаторы
79713_165689
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:10

0 Шемонаиха ауданының Лосиха өзені тоғанының және Лосиха өзенінің су қорғау

аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, «Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының Лосиха өзені тоғанының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекараларын анықтау» жобасына сәйкес және жер үсті суларының ластануын, қоқысталуын және сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтау үшін су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес жағдайда ұстау мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мыналар белгіленсін:

1 1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шемонаиха ауданының Лосиха өзені тоғанының және Лосиха өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;

2 2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шемонаиха ауданының Лосиха өзені тоғанының және Лосиха өзенінің су қорғау аймағының аумағында арнайы шаруашылыққа пайдалану режимі мен су қорғау белдеуінің аумағында шектеулі шаруашылық қызмет жүргізу режимі.

2

2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (Қ.Б. Байғонысов) «Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының Лосиха өзені тоғанының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекараларын анықтау» жобасын заңнамамен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Шемонаиха ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға тапсырсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.Ә. Шерубаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі
Су ресурстары жөніндегі комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясы басшысының міндетін атқарушы
М. Мұздыбаев
2014 жылғы «07» 04
Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың
құқықтарын қорғау агенттігінің
Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаменті
басшысының міндетін атқарушы
Ғ. Сүлейменов
2014 жылғы «08» 04

7 Шемонаиха ауданының Лосиха өзені тоғанының және Лосиха өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі

Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2014 жылғы
«7» сәуірдегі
№ 88 қаулысына
қосымша
Шемонаиха ауданының Лосиха өзені тоғанының және
Лосиха өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі

р/с
Су объектісі, оның учаскесі
Су қорғау аймағы
Соның ішінде
су қорғау белдеуі
Шекарасының ұзындығы, (шақырым)
Алаңы, (га)
Орташа ені, (метр)
Шекарасының ұзындығы, (шақырым)
Алаңы, (га)
Орташа ені, (метр)
1
Лосиха өзені тоғаны
3
172,82
500
4,2
14,7
35
2
Глубокое ауданының шекарасынан бастап тоғанға дейінгі Лосиха өзені
2,25
300
500-1000
4,45
22,5
75-175
📌 Ескертпе.
Су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені «Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының Лосиха өзені тоғанының су қорғау аймағы мен белдеуінің шекараларын анықтау» бекітілген жобасының картографиялық материалдарында көрсетілген.

Қолданыстағы