Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества Аршалынского района

Ереже · № 25/6 · қабылданған 27.03.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-79724/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества Аршалынского района Күшін жойған Ереже ·№ 25/6 ·27.03.2014
26.12.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества Аршалынского района

Күшін жойған Ереже ·№ 25/6 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества Аршалынского района
Атауы (қаз.)
Аршалы ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
25/6
Қабылданған күні
27.03.2014
Көрсетілген редакция
26.12.2016 79724_150274.kaz
Соңғы өзгеріс
26.12.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14BD004152
ЭКБ идентификаторы
79724
Редакция идентификаторы
79724_150274
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:22

0 Аршалы ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Аршалы ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Аршалы ауданының әкімі
Қ. Қарауылов
2014 жылғы 27 наурыз

3 Аршалы аудандық мәслихатының

2014 жылғы 27 наурыздағы
№ 25/6 шешімімен
бекітілген
Аршалы ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Аршалы ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары (бұдан - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Аршалы ауданының ауылдардың, кентінің, ауылдық округтердің аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі тәртібін белгілейді.

2 2. Аршалы ауданының ауылдардың, кентінің, ауылдық округтердің аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

3 3. Бөлек жиынды ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі шақырады.

Аршалы ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

4 4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы аудандық «Аршалы айнасы» және «Вперед» газеттері арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

5 5. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.

6 6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

7 7. Бөлек жиынды ауыл, кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Ауыл, кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

8

8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде ұсынады. Жергілікті қоғамдастық жиыны мен жергілікті қоғамдастық жиналысына кәмелетке толмаған адамдардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың қатысуға құқығы жоқ.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

9 9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

10 10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.

Қолданыстағы