Кіру
Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел и улиц для участия в сходе местного сообщества Заречного сельского округа Есильского района Северо-Казахстанской области

Ереже · № 29/177 · қабылданған 27.03.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-79741/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел и улиц для участия в сходе местного сообщества Заречного сельского округа Есильского района Северо-Казахстанской области Күшін жойған Ереже ·№ 29/177 ·27.03.2014
19.09.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел и улиц для участия в сходе местного сообщества Заречного сельского округа Есильского района Северо-Казахстанской области

Күшін жойған Ереже ·№ 29/177 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел и улиц для участия в сходе местного сообщества Заречного сельского округа Есильского района Северо-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Заречный ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар мен көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
29/177
Қабылданған күні
27.03.2014
Көрсетілген редакция
19.09.2023 79741_655483.kaz
Соңғы өзгеріс
19.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14SF002728
ЭКБ идентификаторы
79741
Редакция идентификаторы
79741_655483
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:22

0 Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Заречный ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар мен көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Заречный ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар мен көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Заречный ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қоса берілген Қағидалары бекітілсін.

3. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

1 Солтүстік-Қазақстан облысыЕсіл ауданы Заречный ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидалары

Солтүстік-Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихатының
2014 жылғы 27 наурыздағы
№ 29/177 шешімімен
бекітілген
Солтүстік-Қазақстан облысыЕсіл ауданы Заречный ауылдық округінің
жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу
қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заречный ауылдық округі аумағында ауыл тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтарының бөлек жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.

2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:

1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі

3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер) бөлінеді.

4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заречный ауылдық округінің әкімі шақырып, ұйымдастырады.

6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заречный ауылдық округінің әкімі жергілікті қоғамдастық халқын ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, ақпараттық стендтерде баспа хабарландыруларын орналастыру және әлеуметтік желілерде «Facebook», «WhatsApp» тарату арқылы хабардар етеді.

7. Ауыл ішіндегі жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заречный ауылдық округі әкімінің ұйымдастыруымен өткізеді.

8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында кәмелетке толмаған адамдардан, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардан, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардан басқа, тиісті ауылдың, оған қатысуға құқығы бар көшенің қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан жағдайда өтті деп есептеледі.

9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заречный ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген адам ашады.

Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының төрағасы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заречный ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген адам болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын жасау үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.

10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындарының өкілдеріне кандидаттарды Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылар ұсынады.

11. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидат бойынша жеке жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын алған кандидаттар сайланды деп есептеледі.

12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы үш күнтізбелік күн ішінде қол қояды және Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заречный ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.

2 Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заречный ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Солтүстік-Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихатының
2014 жылғы 27 наурыздағы
№ 29/177 шешімімен
бекітілген
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заречный ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

р\с
Ел­ді ме­кен ата­уы
Өкіл­дер са­ны (адам)
1.
Чи­ри­ков­ка ауы­лы­ның тұр­ғын­да­ры үшін
1.1.
На­бе­реж­ная кө­ше­сі
3
1.2.
Бе­ре­го­вая кө­ше­сі
3
1.3.
Бу­кет­ная кө­ше­сі
3
1.4.
Уә­ли­ха­нов кө­ше­сі
3
1.5.
Мо­ло­деж­ная кө­ше­сі
3
1.6.
Мұ­қа­нов кө­ше­сі
3
1.7.
До­стық кө­ше­сі
3
1.8.
Спор­тив­ная кө­ше­сі
3
1.9.
Степ­ная кө­ше­сі
3
1.10.
Парк кө­ше­сі
3
1.11.
Әу­е­зов кө­ше­сі
3
1.12.
Ра­бо­чая кө­ше­сі
3
1.13.
Цве­точ­ная кө­ше­сі
3
1.14.
По­ле­вая кө­ше­сі
3
2.
Ка­ра­гаш ауы­лы­ның тұр­ғын­да­ры үшін
1.16.
Ал­тын­са­рин кө­ше­сі
3
1.17.
Аб­лай­хан кө­ше­сі
3
1.18.
Бө­кей­хан кө­ше­сі
3
1.19.
Түр­кі­бай кө­ше­сі
3
1.19.
Та­се­тов кө­ше­сі
3
3.
Лу­го­вое ауы­лы­ның тұр­ғын­да­ры үшін
3
4.
Ал­қа ауы­лы­ның тұр­ғын­да­ры үшін
2
5.
Гу­рья­нов­ка ауы­лы­ның тұр­ғын­да­ры үшін
2

Қолданыстағы