Құжат мәтініне өту

Об утверждении норматива отчисления части чистого дохода районных государственных коммунальных предприятий

Қаулы · № 70 · қабылданған 28.03.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-79754/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об утверждении норматива отчисления части чистого дохода районных государственных коммунальных предприятий Күшін жойған Қаулы ·№ 70 ·28.03.2014
11.03.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.03.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении норматива отчисления части чистого дохода районных государственных коммунальных предприятий

Күшін жойған Қаулы ·№ 70 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении норматива отчисления части чистого дохода районных государственных коммунальных предприятий
Атауы (қаз.)
Аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
70
Қабылданған күні
28.03.2014
Көрсетілген редакция
11.03.2016 79754_80990.kaz
Соңғы өзгеріс
11.03.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14MF002411
ЭКБ идентификаторы
79754
Редакция идентификаторы
79754_80990
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:19

0 Аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін бекіту туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін бекіту және «Республикалық бюджетке түсетін түсімдердің алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін соманың, қарыздардың бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1339 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 448 қаулысына және Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 26 желтоқсанындағы № 382 қаулысына сәйкес, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативі бекітілсін.

2 2. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі 2014 жылдың 1 мамырына дейін, коммуналдық меншік жөніндегі бөлімге мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың жергілікті бюджетке аударған таза табысының мөлшерін берсін.

3 3. «Түпқараған аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Ж.Ж.Төлеген) аталған қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауды және Түпқараған ауданының интернет - ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Ерсайынұлына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Түпқараған ауданы әкімінің
орынбасары
Б.Ерсайынұлы
28 наурыз 2014 жыл
«Түпқараған аудандық экономика
және қаржы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Ж.Ж. Төлеген
28 наурыз 2014 жыл
«Түпқараған аудандық тұрғын үй-
коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
М.А. Дощанов
28 наурыз 2014 жыл

6 Түпқараған ауданы әкімдігінің

2014 жылғы 28 наурыздағы
№ 70 қаулысымен бекітілген
Аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың таза
табысының бір бөлігін аудару нормативі

1 1. Аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін жергілікті бюджетке аудару нормативі былайша айқындалады:

Таза табыс 100 001 теңгеден 500 000 теңгеге дейін
Таза табыс сомасынан 3 пайыз
Таза табыс 500 001 теңгеден
1 000 000 теңгеге дейін
Таза табыс сомасынан 5 пайыз
Таза табыс 1 000 001 теңгеден 2 000 000 теңгеге дейін
Таза табыс сомасынан 7 пайыз
Таза табыс 2 000 001 теңгеден 3 000 000 теңгеге дейін
Таза табыс сомасынан 10 пайыз
Таза табыс 3 000 001 теңгеден 10 000 000 теңгеге дейін
300 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшеріндегі таза табыстан асқан сомадан 12 пайыз

Қолданыстағы