Құжат мәтініне өту

Об оказании социальной помощи

Өзге акт · № 247 · қабылданған 17.04.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 31.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-79781/on/2026-08-31/
Басып шығарылды 2026-08-31 · adilet.kz
Об оказании социальной помощи Күшін жойған Өзге акт ·№ 247 ·17.04.2014
20.09.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
31.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании социальной помощи

Күшін жойған Өзге акт ·№ 247 · 31.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании социальной помощи
Атауы (қаз.)
Әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
247
Қабылданған күні
17.04.2014
Көрсетілген редакция
20.09.2023 79781_656487.kaz
Соңғы өзгеріс
20.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14KF002630
ЭКБ идентификаторы
79781
Редакция идентификаторы
79781_656487
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:02

0 Әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындар әр мүгедек балаға тоқсан сайын төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтелсін.

2 2. Әлеуметтік көмек көрсетудің келесі тәртібі белгіленсін:

1 1) үйде оқытылатын мүгедек балаларға шығындарды өтеу (толықтай мемлекет қамтамасыз ететін мүгедек балалар және мүгедек балаларға қатысты ата-анасының ата-ана құқығынан айырылған балалардан басқа) ата-анасының біреуіне және мүгедек баланың басқа заңды өкілдеріне отбасы кірісіне тәуелсіз беріледі;

2 2) шығындарды өтеу өтініш білдірген айдан бастап "Қарағанды облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін беріледі;

3

3) шығындарды өтеу қаржыландырудың түсуіне байланысты өткен айға жүргізіледі. Шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедек баланың 18 жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

3 3. "Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеуді қамтамасыз етілсін.

4

4. "Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жергілікті бюджетте қарастырылған қаржы шегінде міндеттемелер мен төлемдерді қаржыландыру жоспарына сәйкес мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеуді қаржыландыру бойынша мәселесі шешілсін.

5 5. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

6 6. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілді:
2014 жылғы 17 сәуір

Қолданыстағы