Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей улиц и сел для участия в сходе местного сообщества Андреевского сельского округа района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей улиц и сел для участия в сходе местного сообщества Андреевского сельского округа района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Андреев ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын көше және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 23-5
- Қабылданған күні
- 31.03.2014
- Көрсетілген редакция
- 04.09.2023 79804_652621.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.09.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14SE002743
- ЭКБ идентификаторы
- 79804
- Редакция идентификаторы
- 79804_652621
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:17
0 Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Андреев ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көше және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3 бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Үкіметінің қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Андреев ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Андреев ауылдық округінде жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын көше және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Андреев ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданы мәслихатының
2014 жылғы 31 наурыздағы
№ 23-5 шешімімен бекітілді
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Андреев ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Андреев ауылдық округі аумағындағы ауылдар мен көшелерінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің үлгі тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті қоғамдастық – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Андреев ауылдық округі аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, көше тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Андреев ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер) бөлінеді.
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Андреев ауылдық округінің әкімімен шақырылады және ұйымдастырылады.
6. Жергілікті қоғамдастық халқы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Андреев ауылдық округінің әкімімен бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдық орындарға (ауылдық округ әкімдігінде, хабарлама тақтасында, дүкендерде) хабарландырулар ілу арқылы, олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
7. Ауылдарының, көшелердің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынды өткізуді Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Андреев ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың, көшенің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Андреев ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Андреев ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдардың, көшелердің тұрғындарының өкілдерінің кандидатураларын Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатымен бекітілген сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынның қатысушыларымен ұсынылады.
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы екі жұмыс күні ішінде қол қояды және қол қойылғаннан бастап бір жұмыс күні ішінде Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Андреев ауылдық округ әкімінің аппаратына беріледі.
2 Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Андреев ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарына қатысатын көше және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданы мәслихатының
2014 жылғы 31 наурыздағы
№ 23-5 шешіміне
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Андреев ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарына қатысатын көше және ауыл тұрғындары
өкілдерінің сандық құрамы
№
Ауылдар мен көшелер атауы
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Андреев ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарына қатысатын көшелер мен ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
1
Андреев ауылы, Карпухно көшесінің тұрғындарына
2
2
Андреев ауылы, Советская көшесінің тұрғындарына
3
3
Андреев ауылы, Шарық көшесінің тұрғындарына
3
4
Андреев ауылы, Гагарин көшесінің тұрғындарына
1
5
Андреев ауылы, Урицкий көшесінің тұрғындарына
1
6
Андреев ауылы, Юбилейная көшесінің тұрғындарына
1
7
Раисовка ауылы, Ғабдуллин көшесінің тұрғындарына
3
8
Раисовка ауылы, Конституция көшесінің тұрғындарына
1
9
Раисовка ауылы, Д.Қонаев көшесінің тұрғындарына
3
10
Раисовка ауылы, Голопятов көшесінің
тұрғындарына
1
11
Раисовка ауылы, Трубицин көшесінің
тұрғындарына
3
12
Жаңасу ауылының тұрғындарына
2