Об утверждении Правил содержания и выгула собак и кошек в населенных пунктах Восточно-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил содержания и выгула собак и кошек в населенных пунктах Восточно-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 19/220-V
- Қабылданған күні
- 11.04.2014
- Көрсетілген редакция
- 22.08.2022 79816_589634.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.08.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14V0003317
- ЭКБ идентификаторы
- 79816
- Редакция идентификаторы
- 79816_589634
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:07
0 Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2 тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2014 жылғы 11 сәуірдегі
№ 19/220-V шешімімен бекітілді
Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде иттер мен
мысықтарды асырау және серуендету қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендетудің осы қағидалары (бұдан әрі–Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2 тармағына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және облыс елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету тәртібін айқындайды.».
2. Осы Қағидалар меншігінде немесе басқа да иелігінде иттері мен мысықтары бар жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
2. Иттер мен мысықтарды асырау шарттары
3. Иттер мен мысықтарды асырауға ветеринариялық-санитариялық, зоогигиеналық талаптар және осы Қағидалар сақталған жағдайда:
1) бір отбасы тұратын тұрғын үй-жайларда;
2) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына сәйкес, бірнеше отбасы қоныстанған тұрғын үй-жайларда, тек өз тұрғын алаңында (пәтерде тұратын барлық тұрғындардың жазбаша келісімдерімен);
3) жеке тұрғын үй қорының үйлерінде және оларға жақын, жануардың қашуына, адамдарға немесе басқа да жануарларға шабуыл жасауына жол бермейтін қоршалған аумақтағы жер учаскелерінде;
4) кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, бақ өсіру және саяжай серіктестіктері, демалу базалары аумақтарында айналадағылар үшін мазасыздық келтіру және қауіп тудыру мүмкіндігін болдырмайтын жағдайларда иттерді байлап немесе вольерлерде асырауға рұқсат етіледі.
4. Аумақта иттің бар екендігі туралы кіре берісте тиісті жазуы бар ескерту тақтайшасы орнатылады.
5. Иесінің ит немесе мысықпен қонақ үйде тұру тәртібі мен шарттары қонақ үй қызметтерін көрсетуші белгілейтін қонақ үйде тұру ережелерімен анықталады.
6. Жол берілмейді:
1) ортақ пайдаланудағы жерлерде (кіреберістер, баспалдақтар, лифтілер, төбелер, шатырлар, жертөлелер) және үй жанындағы аумақтарда (дара (бөлек) меншіктегі аумақтар мен үй-жайлардан басқа) иттер мен мысықтарды асырауға;
2) иттер мен мысықтарды олардың терісі мен етін сату, қайта өңдеу және тұтыну үшін пайдалану мақсатында өсіруге және аулауға;
3) жануарларға қатысты қатыгездікке жол беретін иттердің төбелесі мен басқа да іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге.
7. Иелерінің иттер мен мысықтарды тұрғын үй қорының пәтерлерінде асырауы басқа тұрғындардың тұру жағдайларын бұзбауы тиіс.
8. Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік мақсатында иттер мен мысықтардың иелері:
1) уақтылы вакцина егуді және диагностиканы;
2) жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына:
жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл туралы;
жануарлар қырылған, бiрнеше жануар бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы хабарлауға және ауру деп күдiк келтiрiлген кезде, ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейiн жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдануды;