Ауыл халқына алғашқы медициналық-санитарлық көмекті жақсарту және аудандық денсаулық сақтау бөлімдерін құру туралы Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.01.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауыл халқына алғашқы медициналық-санитарлық көмекті жақсарту және аудандық денсаулық сақтау бөлімдерін құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 сәуірдегі № 472 «Ауыл халқына алғашқы медициналық-санитарлық көмекті жақсарту шаралары туралы» қаулысын және облыстық маслихаттың екінші шақырылған 1 сессиясының шешімін іске асыру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдеріне 2000 жылдың 1 ақпанына дейін штатында кемінде 3 бірліктен тұратын және аудандардың басқару органдарына бөлінген қаржы көлемінде аудандық денсаулық сақтау бөлімдерін ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Аудандық (қалалық) денсаулық сақтау бөлімі туралы бір үлгідегі ереже қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Аудан әкімдеріне облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе отырып, ауылдық денсаулық сақтау саласын өркендетудің ең аз мөлшердегі мемлекеттік стандарттың орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Н.Ерімбетовке жүктелсін.
Басқа 5
«БЕКІТІЛДІ» облыс әкімінің 2000 жылғы «6» қаңтардағы № 128 шешімімен Аудандық (қалалық) денсаулық сақтау бөлімі туралы бір үлгідегі ереже
Тарау 6
І. Жалпы ержелер
Тармақ 1
1. Аудандық (қалалық) денсаулық сақтау бөлімі аудандық (қалалық) медицина мекемелері мен кәсіпорындарының меншіктің қандай түріне жататынына қарамастан халықтың денсаулығын сақтау жөніндегі жұмыстарын әкімшілік басшылық және бақылау жасайтын аудан (қала) әкімінің атқарушы органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Аудандық, қалалық денсаулық сақтау бөлімі өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау туралы» Заңына, Президенттің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің басқа да заңдарына жарлықтарына, қаулыларына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің қалыпты құқылы актілеріне, бұйрықтарына, нұсқауларына, облыс, қала, аудан (қала) әкімдерінің шешімдеріне, өкімдеріне, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрықтарына және де осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Аудандық, қалалық денсаулық сақтау бөлімі заңды тұлға болып табылады, белгіленген үлгідегі мөрі, мөртабаны, бланкісі және банкілерде есеп шоттары болады.
Тармақ 4
4. Аудандық, қалалық денсаулық сақтау бөлімін қаржыландыру аудандық (қалалық) бюджет есебінен жүзеге асырылады. Қызметкерлер санын облыс және аудан (қала) әкімі бекітеді.
Тармақ 5
5. Аудандық, қалалық денсаулық сақтау бөлімін меңгеруші басқарады, оны қызметке конкурстық комиссия шешімінің негізіне сәйкес тиісті аудан (қала) әкімі тағайындайды және босатады. Құрамы 7 адамнан көп емес конкурстық комиссияны қала, аудан әкімі арқылы құрады, оған лауазымы бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының 3 бас маманы кіреді.
Тармақ 6
6. Аудандық, қалалық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі өзінің қызметінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен аудан (қала) әкіміне бағынады және аудан (қала) халқының денсаулығын қорғаудың барлық мәселелері бойынша олардың алдында есеп беріп отырады.
Тармақ 7
7. Аудандық, қалалық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі аудандық қалалық денсаулық сақтау бөлімі аппаратының, өзіне қарасты медициналық мекемелер мен кәсіпорындардың қызметкерлерін облыстық денсаулық сақтау басқармасымен келісе отырып, қызмет орнына тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 8
8. Аудандық (қалалық) бөлімдері, мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерін смета бойынша, мемлекеттік қазыналық медицина кәсіпорындарын тарифтер, реестрлер, дәрігерлік көрінулерге, халық санына және медициналық қызметтерге төлеу жасаудың басқа да көрсеткіштеріне сәйкес қаржыландыру бағдарламасы бойынша басқарушы болып табылады.
Тармақ 9
9. Аудандық (қалалық) денсаулық сақтау бөлімдерінің қызметіне бақылау және басқару жасау облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен аудан (қала) әкімдеріне жүктеледі.
Тарау 16
ІІ. Аудандық, қалалық денсаулық сақтау бөлімдерінің негізгі міндеттері және құқықтары
Тармақ 1
1. Аудан (қала) халқының денсаулығын сақтау бойынша бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізу.
Тармақ 2
2. Заңдылыққа сәйкес аудан (қала) азаматтарының кепілділік көлемінде тегін медициналық көмек алуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету.
Тармақ 3
3. Халыққа қолайлы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жасауын қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру және олардың орындалуына бақылау жасау.
Тармақ 4
4. Аудан халқының денсаулық жағдайын талдайды, медициналық-статистикалық ақпаратты ұйымдастырудың іс шараларын жүргізеді және есепке алу-есеп беру медициналық құжаттаманың дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Тармақ 5
5. Меншік түріне қарамастан медициналық мекемелердің қызметіне, сонымен қатар жекеменшік медициналық тәжірибелермен айналысатын халық емшілері мен жеке түлғалардың қызметтеріне жалпы бақылау мен байқау жасауды басқарады және үйлестіруді жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Жұқпалы және аса қауіпті жұқпалы аурулардың, туберкулездің алдын алу, төмендету және жою, сонымен қатар жалпы аурушаңдық, еңбекке уақытша жарамсыздық, мүгедектік, балалардың жалпы аурушаңдығы мен елімін төмендету іс-шараларын жүргізеді.
Тармақ 7
7. Халыққа білікті және қолжетерлік шұғыл жедел жәрдем, алғашқы медико-санитарлық мамандандырылған медициналық және кепілділік көлемінде ауруханалық көмек көрсетуді қамтамасыз ету бойынша шаралар қолданады, Қажетті жағдайда дәрігерлік көмектің жылжымалы түрлерін ұйымдастырады.
Тармақ 8
8. Аудан (қала) емдеу мекемелері жүйесінің индикативтік даму жоспарларын жасайды, жоғарғы органдардың Заңдарына, нұсқауларына, бұйрықтарына сәйкес емдеу мекемелерін қайта ұйымдасгыру, ықшамдау жұмыстарын жүргізеді.
Тармақ 9
9. Апаттар және төтенше жағдайларда медициналық көмек керсету мен оны ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Денсаулық сақтау объектілерін жекешелендіру мәселелерін шешуге қатысады.
Тармақ 11
11. Аудан денсаулық сақтау саласы бюджеттің жоба-болжамын жасау және оны бөлу жұмыстарына қатысады.
Тармақ 12
12. Ақылы медициналық қызмет көрсетуге ықпал етеді және одан түскен қаржыны денсаулық сақтау саласының мұқтажына жұмсауды ұйымдастырады.
Тармақ 13
13. Кадрларды дайындау, біліктілігін көтеру және қайта дайындауға шара қолданады.
Тармақ 14
14. Аудан (қала) аумағында орналасқан басқа ведомстводағы медициналық мекемелер мен кәсіпорындардың жұмыстарын үйлестіреді.
Тармақ 15
15. Ведомствоға қарасты ұйымдардың материалдық-техникалық базасын өркендетуге ықпал жасайды, медициналық құрал-жабдықтарға, автокөліктерге, дәрі-дәрмектерге, басқа тауарлар мен қызметтерге уақытылы сатып алуға тапсырыстар жасайды.
Тармақ 16
16. Қажетті жағдайларда емдеу мекемелеріне тауарларды, құрал-жабдықтарды, бұйымдарды алу үшін конкурс (тендер) ұйымдастырады.
Тармақ 17
17. Аудандық, қалалық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі құқылы: -өз қарамағындағы аудан (қала) емдеу мекемелерінің барлық қызметкерлері міндетті түрде орындауы тиіс бұйрықтар және өкімдер шығаруға; -кадрларды іріктеу және орналастыруға; -оларды көтермелеуге және жаза белгілеуге; -аудан (қала) денсаулық сақтау саласының түйінді мәселелері бойынша жоғарғы органдарға ұсыныс енгізуге;
Тармақ 18
18. Аудан (қала) денсаулық сақтау саласын ұтымды басқаруды күшейту үшін аудандық, қалалық денсаулық сақтау бөлімі жанында кеңесші орган - аудандық медициналық кеңес құрылады, оның сандық және жеке құрамын аудандық (қалалық) денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі бекітеді.
Тармақ 19
19. Медициналық кеңестің шешімі көпшілік дауыспен қабылданады. Тең дауыс болған жағдайда төрағаның дауысы басым болады. Талқыланған мәселе бойынша көпшілік дауыспен медициналық кеңестің шешімі қабылданады.
Тармақ 20
20. Жоғарғы ұйымдардың ұлықсаты және келісімімен аудандық, қалалық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі басқа да құқықтық жұмыстарды жүзеге асыра алады.
Тармақ 21
21. Медициналық ғылымның жетістіктерін ендіруді, еңбекті және іс-тәжірибені ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың жаңа түрлерін, жаңа дәрі-дәрмектер енгізу, басқа да аудан (қала) денсаулық сақтау мекемелері жұмыстарының жаңа әдістерін енгізуді іске асырады.
Тармақ 22
22. Ауданның жекелеген мекемелерінің жұмыстарын тексеруді өзі немесе тиісті мамандардың қатыстырылуымен тексереді, бақылайды, талдайды және медициналық кеңесте оның басшылары мен мамандарын тыңдайды.
Тармақ 23
23. Аудандық, қалалық денсаулық сақтау бөлімін қайта қүру және жою аудан (қала) әкімі мен мәслихатының шешімімен жүзеге асырылады.