Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил возмещения ущерба работникам ликвидированных шахт, переданных республиканскому государственному специализированному предприятию "Карагандаликвидшахт"

Қаулы · № 488 · қабылданған 13.05.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-79847/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об утверждении Правил возмещения ущерба работникам ликвидированных шахт, переданных республиканскому государственному специализированному предприятию "Карагандаликвидшахт" Күшін жойған Қаулы ·№ 488 ·13.05.2014
28.04.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил возмещения ущерба работникам ликвидированных шахт, переданных республиканскому государственному специализированному предприятию "Карагандаликвидшахт"

Күшін жойған Қаулы ·№ 488 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил возмещения ущерба работникам ликвидированных шахт, переданных республиканскому государственному специализированному предприятию "Карагандаликвидшахт"
Атауы (қаз.)
"Қарағандышахтатарату" республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорнына берілген, таратылған шахталар қызметкерлеріне келтірілген залалды өтеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
488
Қабылданған күні
13.05.2014
Көрсетілген редакция
28.04.2017 AI79847_6.kaz
Соңғы өзгеріс
28.04.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1400000488
ЭКБ идентификаторы
79847
Редакция идентификаторы
AI79847_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:42

0 "Қарағандышахтатарату" республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорнына берілген, таратылған шахталар қызметкерлеріне келтірілген залалды өтеу қағидаларын бекіту туралы

"2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған "Қарағандышахтатарату" республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорнына берілген, таратылған шахталар қызметкерлеріне келтірілген залалды өтеу қағидалары бекітілсін.

2

2. "Қарағандышахтатарату" республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорнына берілген, таратылған шахталар қызметкерлеріне келтірілген залалды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1711 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 6, 127-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 "Қарағандышахтатарату" республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорнына берілген, таратылған шахталар қызметкерлеріне келтірілген залалды өтеу қағидалары

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Үкі­ме­ті­нің
2014 жы­л­ғы 13 ма­мыр­да­ғы
№ 488 қа­улы­сы­мен
бе­кі­ті­л­ген
"Қарағандышахтатарату" республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорнына берілген, таратылған шахталар қызметкерлеріне келтірілген залалды өтеу қағидалары
Осы "Қарағандышахтатарату" республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорнына берілген, таратылған шахталар қызметкерлеріне келтірілген залалды (зиянды) өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Қарағандышахтатарату" республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорнына (бұдан әрі – "Қарағандышахтатарату" РММК) берілген, таратылған шахталар қызметкерлеріне келтірілген залалды (зиянды) өтеу (сомалар мөлшерін айқындау, оларды қайта есептеу және төлеу тәртібі) тәртібін регламенттейді.

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Зардап шеккен қызметкер жоғалтқан, онда болған не анық иелене алатын табыс (кiрiс), сондай-ақ денсаулығына зақым келтiруден туындаған шығындар (дәрі-дәрмек сатып алуға, медициналық тексерілуге, оңалтуға, бөгде адамның бағып-күтуiне, протез салғызуға, банктердің, почталардың қызметі және өзгелері), егер жәбiрленушi көмек пен күтiмнiң осындай түрлерiне мұқтаж және оларды тегiн алмайды деп танылса, өтелуге тиіс.

2 2. Қызметкер қайтыс болған жағдайда Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 940-бабында (Ерекше бөлім) көрсетілген адамдардың залалдың (зиянның) өтелуіне құқығы бар.

2 2. Залалды (зиянды) өтеу тәртібі

1 1. Залалды (зиянды) өтеу сомасының мөлшерін айқындау тәртібі

3 3. "Қарағандышахтатарату" РММК-ге берілген, таратылған шахталар қызметкерлерінің өміріне және денсаулығына келтірілген залалды өтеу сомалары осы Қағидаларға сәйкес республикалық бюджет есебінен өтелуге тиіс.

Залалды (зиянды) өтеу ай сайынғы төлемдермен жүргізіледі.

4

4. Өтелуге тиіс жоғалтылған табыстың (кiрiстiң) мөлшерi жарақаттануына немесе денсаулығының өзгедей зақымдануына дейiнгi не жәбiрленушiнiң кәсiби еңбек қабiлеттілігін жоғалту дәрежесіне сәйкес еңбек қабілеттілігінен айырылу басталғанға дейiнгi орташа айлық табыстың (кiрiстiң) пайыздарымен анықталады.

2 2. Залалды (зиянды) өтеу сомаларын қайта есептеу тәртібі

5

5. Таратылған шахталар қызметкерлеріне "Қарағандышахтатарату" республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорны төлейтін залалды (зиянды) өтеу сомалары осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген лауазымдар мен кәсіптер, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес қызмет түріне қарамастан Қарағанды облысының аумағында орналасқан, жерасты тәсілімен тас көмірді өндірумен айналысатын ұйымдар бойынша инфляцияның болжамды деңгейінің орташа мәніне пропорционалды түрде жыл сайын ұлғайтылады.

3 3. Залалды (зиянды) өтеу сомаларын төлеу тәртібі

6 6. Залалды (зиянды) өтеу сомаларын есептеуді және төлеуді "Қарағандышахтатарату" РММК жүргізеді.

7 7. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі тиісті жылға бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес ай сайын 7-күніне дейін "Қарағандышахтатарату" республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорны қаржыландыруды жүзеге асырады.

8 8. "Қарағандышахтатарату" РММК залалды (зиянды) өтеудің есептелген сомаларын алушылардың есепшотына қолма-қол емес тәсілмен аударуды жүргізеді.

9 9. Залалды (зиянды) өтеу сомаларын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының басқа мемлекеттеріне жөнелту залалдың (зиянның) өтелуіне құқығы бар қызметкерлердің тұрғылықты жері бойынша жүргізіледі.

"Қарағандышахтатарату" РММК, банк, почта бөлімшелері көрсететін қызмет шығындары қызмет көрсету шарттарымен айқындалады.

10 10. "Қарағандышахтатарату" республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорны бөлінген қаражат бойынша ай сайын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне келесі айдың 20-күніне дейін өткен айдың есебін ұсынады.

11 11. Залалдың (зияның) өтемін алатын, таратылған шахталардың қызметкерлері "Қарағандышахтатарату" РММК-ға нақты тұрғылықты жері туралы ақпаратты тоқсанына бір рет ұсынады.

1 Лауазымдар мен кәсіптердің тізбесі

"Қа­ра­ған­ды­шах­та­та­ра­ту" рес­пуб­ли­ка­лық
мем­ле­кет­тік ма­ман­дан­ды­ры­л­ған
кә­сі­пор­ны­на бе­рі­л­ген, та­ра­ты­л­ған
шах­та­лар қыз­мет­кер­ле­ріне
кел­ті­рі­л­ген за­лал­ды өтеу қа­ғи­да­ла­ры­на
1-қо­сым­ша
Лауазымдар мен кәсіптердің тізбесі
Р\с №
01-2005 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мем­ле­кет­тік жік­те­уі­ші­нің қыз­мет­тер сы­нып­та­уы­шы­на сәй­кес ла­у­а­зым­дар мен кә­сіп­тер­дің ата­уы
Өн­ді­рі­сте­гі жа­за­тай­ым оқи­ға­лар ту­ра­лы ак­ті­лер­де­гі ла­у­а­зым­дар мен кә­сіп­тер­дің ата­уы
1
2
3
1
Учас­ке ба­стығы (өнер­к­ә­сіп­те)
Учас­ке ба­стығы, учас­ке ба­стығ­ы­ның кө­мек­ші­сі, аға ме­ха­ник, ти­еу ба­стығы
2
Тау-кен жұ­мыс­шы­ла­ры және же­ра­с­ты және ашық тә­сіл­дер­мен пай­да­лы қаз­ба­лар өн­ді­ру жө­нін­де­гі бас­қа да кә­сіп­тер жұ­мыс­шы­ла­ры
Же­рү­сті тау-кен жұ­мыс­шы­сы
3
Же­ра­с­ты тау-кен жұ­мыс­шы­сы
Же­ра­с­ты тау-кен жұ­мыс­шы­сы, же­ра­с­ты та­ке­лаж­ни­гі, же­ра­с­ты қон­дыр­ғы­ла­ры­ның ма­ши­ни­сі, шах­та­ға бе­кі­ту ма­те­ри­ал­да­рын жет­кі­зу­ші, тау-кен қаз­ба­ла­рын жөн­деу жө­нін­де­гі тау-кен жұ­мыс­шы­сы
4
Та­зар­ту за­бой­ы­ның тау-кен жұ­мыс­шы­сы
Та­зар­ту­шы за­бой­ы­ның тау-кен жұ­мыс­шы­сы
5
Же­ра­с­ты тау-кен мон­та­ж­шы­сы
Же­ра­с­ты тау-кен мон­та­ж­шы­сы, мон­та­ж­шы
6
Жүк ти­е­у­ші
Жүк ти­е­у­ші­лер
7
Қа­зан­дық ма­ши­ни­сі (ко­че­гар)
Күл­ші
8
Бе­кі­ту­ші
Бе­кі­ту­ші
9
Элек­тро­воз ма­ши­ни­сі
Элек­тро­воз ма­ши­ни­сі
10
Тау-кен қа­зу ма­ши­на­ла­ры­ның ма­ши­ни­сі
Тау-кен қа­зу ма­ши­на­ла­ры­ның ма­ши­ни­сі, ком­байн­шы
11
Бұр­ғы­лау қон­дыр­ғы­ла­ры­ның ма­ши­ни­сі
Бұр­ғы­лау ста­но­гы­ның ма­ши­ни­сі
12
Үң­гі­ле­у­ші
Үң­гі­ле­у­ші
13
Оқ­пан­шы (же­ра­с­ты)
Оқ­пан­шы
14
Сы­лақ­шы
Сы­лақ­шы-ма­ляр
15
Же­ра­с­ты электр сле­са­рі
Же­ра­с­ты электр сле­са­рі, ке­зек­ші сле­сарь
16
Құ­рал-жаб­дық­тар­ды жөн­де­уде­гі және ке­зек­ші электр сле­са­рі (сле­сарь)
Элек­тр­сле­са­рі, элек­трик
17
Ба­қы­лау-өл­шеу ас­пап­та­ры мен ав­то­ма­ти­ка сле­са­рі
Элек­тр­сле­са­рі - ав­то­мат­шы
18
Бас­шы
Ди­рек­тор
19
Гео­лог
Гео­лог
20
Та­ра­зы­шы
Та­ра­зы­шы
21
Тау-кен ше­бе­рі
Тау-кен ше­бе­рі
22
Учас­ке ше­бе­рі
Кө­мір­ді бай­ы­ту ше­бе­рі
23
Жа­ру­шы
Жа­ру­шы-ше­бер
24
Ме­ха­ник
Ме­ха­ник
25
Ең­бек­ті нор­ма­лау жө­нін­де­гі ин­же­нер
Же­ра­с­ты хро­но­мет­ра­жи­сті

2 Шахталар тізбесі

"Қа­ра­ған­ды­шах­та­та­ра­ту" рес­пуб­ли­ка­лық
мем­ле­кет­тік ма­ман­дан­ды­ры­л­ған
кә­сі­пор­ны­на бе­рі­л­ген, та­ра­ты­л­ған
шах­та­лар қыз­мет­кер­ле­ріне кел­ті­рі­л­ген
за­лал­ды өтеу қа­ғи­да­ла­ры­на
2-қо­сым­ша
Шахталар тізбесі
"АрселлорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамы

1 1. Қазақстан

2 2. Шахтинск

3 3. Ленин атындағы

4 4. Тентек

5 5. Саран

6 6. Абай

7 7. Күзембаев атындағы

8 8. Костенко атындағы

"ГЕФЕСТ" көмір өнеркәсібі кәсіпорындарының ассоциациясы

1 1. Западная

2 2. "Батыр" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

"Рапид" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
"Қазақмыс корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы – Ғ.О. Омаров атындағы Шахта өтпе жолдары тресті

Қолданыстағы