Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги "Назначение жилищной помощи"

Қаулы · № 81 · қабылданған 07.04.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-79917/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги "Назначение жилищной помощи" Күшін жойған Қаулы ·№ 81 ·07.04.2014
17.11.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.11.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги "Назначение жилищной помощи"

Күшін жойған Қаулы ·№ 81 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги "Назначение жилищной помощи"
Атауы (қаз.)
"Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
81
Қабылданған күні
07.04.2014
Көрсетілген редакция
17.11.2015 79917_38077.kaz
Соңғы өзгеріс
17.11.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14V0003327
ЭКБ идентификаторы
79917
Редакция идентификаторы
79917_38077
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:11

0 "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулыларына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысының қолданысқа енгізілуінен бұрын емес.

3 «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламент

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2014 жылғы « 07 » сәуірдегі
№ 81 қаулысымен
бекітілген
«Тұрғын үй көмегін тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламент

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсетілетін қызмет берушісі аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) болып табылады. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1

1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және xалыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) арқылы;

2 2) www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама). Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.

Көрсетілетін қызметті алушы қағаз жеткізгіштегі хабарламаны алу үшін жүгінген жағдайда хабарлама электронды нысанда ресімделеді, басып шығарылады және ХҚО-ның уәкілетті тұлғасының қолымен және мөрімен расталады.
Портал арқылы жүгінгенген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» жіберіледі.

2 2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

4

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсімді бастауға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының(бұдан әрі – стандарт) 9-тармағында белгіленген құжаттар тізбесін ұсыну негіз болып табылады.

5 5. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесiнiң құрамына кiретiн iс-қимылдың мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1-ші іс-қимыл - өтінішті және стандарттың 9-тармағында белгіленген құжаттарды қабылдау. Жазбаша келісім алу. «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) сұрау салу. Құжаттар қабылданғаны туралы қолхат беру. Орындалу ұзақтығы – 15 минуттан аспайды;
1-ші шарт - көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
2-ші іс-қимыл – құжаттар пакетін ХҚО-дан көрсетілетін қызметті берушінің маманынажолдау. Орындалу ұзақтығы – 7 сағат 45 минут;
3-ші іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің маманы ХҚО-дан қабылданған құжаттар пакетін тексереді, ХҚО-ның ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ХҚО АЖ) тіркейді. Орындалу ұзақтығы – 15 минуттан аспайды;
4-ші іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің маманы «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысы (бұдан әрі - Ереже) негізінде тұрғын үй көмегінің мөлшеріне есептеу жүргізеді. Орындалу ұзақтығы – 1 жұмыс күні;
5-ші іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің маманы хабарламаны қалыптастырады. Орындалу ұзақтығы – 1 жұмыс күні;
6-шы іс-қимыл – құжаттар пакетін және хабарламаны көрсетілетін қызмет берушінің басшысына қол қою үшін беру. Орындалу ұзақтығы – 1 жұмыс күні;
7-ші іс-қимыл – құжаттар пакетін және хабарламаны қол қойылғаннан кейін көрсетілетін қызмет берушінің басшысынан көрсетілетін қызметті берушінің маманына беру. Орындалу ұзақтығы – 15 минут;
8-ші іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің маманы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ХҚО-ға жолдайды. Орындалу ұзақтығы – 1 жұмыс күні;
9-шы іс-қимыл – ХҚО қызметкері көрсетілетін қызмет берушіден келіп түскен құжаттарды қабылдайды. Орындалу ұзақтығы – 15 минуттан аспайды;
10-шы іс-қимыл – ХҚО қызметкері көрсетілетін қызмет алушыға хабарламаны береді. Орындалу ұзақтығы – 1 минут.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі ХҚО-ға, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап 10 күнтізбелік күн.
Құжаттар пакетін ХҚО-ға тапсыру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады.

6 6. Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 1-ші іс-қимыл бойынша көрсетілетін мемлекеттiк қызметтің нәтижесi құжаттар қоса берілген тіркелген өтініш болып табылады, ол 2-ші іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады.

Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 2-ші іс-қимыл бойынша көрсетілетін мемлекеттiк қызметтің нәтижесi құжаттар пакетін ХҚО-дан көрсетілетін қызметті берушіге тапсыру болып табылады, ол 3-ші іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады.
Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 3-ші іс-қимыл бойынша көрсетілетін мемлекеттiк қызметтің нәтижесi құжаттарды қабылдау және тіркеу болып табылады, ол 4-ші іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады.
Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 4-ші іс-қимыл бойынша көрсетілетін мемлекеттiк қызметтің нәтижесi тұрғын үй көмегінің мөлшерін есептеу жүргізу болып табылады, ол 5-ші іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады.
Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 5-ші іс-қимыл бойынша көрсетілетін мемлекеттiк қызметтің нәтижесi хабарламаны қалыптастыру болып табылады, ол 6-шы іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады.
Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 6-шы іс-қимыл бойынша көрсетілетін мемлекеттiк қызметтіңнәтижесi құжаттар пакетін және хабарламаны қол қою үшін тапсыру болып табылады, ол 7-ші іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады.
Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 7-ші іс-қимыл бойынша көрсетілетін мемлекеттiк қызметтің нәтижесi қол қойылғаннан кейін құжаттар пакеті мен хабарламаны беру болып табылады, ол 8-ші іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады.
Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 8-ші іс-қимыл бойынша көрсетілетін мемлекеттiк қызметтің нәтижесi көрсетілетін қызметті беруші маманының дайын нәтижені ХҚО-ға жолдауы болып табылады, ол 9-шы іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады.
Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 9-шы іс-қимыл бойынша көрсетілетін мемлекеттiк қызметтің нәтижесi ХҚО қызметкерінің көрсетілетін қызмет берушіден құжаттарды қабылдауы болып табылады, ол 10-шы іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады.
Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 10-шы іс-қимыл бойынша көрсетілетін мемлекеттiк қызметтің нәтижесi мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің нәтижесiн көрсетілетін қызмет алушыға беруболып табылады.

3 3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызмет берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

7 7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiне қатысатын көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) тiзбесi:

1 1) уәкілетті тұлға - көрсетілетін қызмет берушінің басшысы;

2 2) көрсетілетін қызмет берушінің маманы.

8 8. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi iс-қимылдардың сипаттамасы:

1-ші іс-қимыл - көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтінішті және стандартта белгіленген құжаттар тізбесін ХҚО-ға ұсынады. ХҚО-ның қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады. ХҚО-ның қызметкері құжаттардың түпнұсқаларының шынайылығын ЗТ МДҚ-дан ұсынылған мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады. ХҚО қызметкері мыналарды көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді: құжаттың нөмірі мен қабылданған күні; сұратылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі; қоса берілген құжаттардың саны мен атауы; мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күні (уақыты) мен құжаттарды беру орны; құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты; көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, көрсетілетін қызметті алушының байланыс деректері (бұдан әрі – қолхат). Орындалу ұзақтығы - 15 минут;
1-ші шарт - көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
2-ші іс-қимыл – ХҚО қызметкері құжаттар пакетін мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды. Орындалу ұзақтығы – 7 сағат 45 минут;
3-ші іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің маманы ХҚО-дан қабылданған құжаттар пакетін тексереді, ХҚО АЖ-да тіркейді. Орындалу ұзақтығы – 15 минут;
4-ші іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің маманы Ереженің негізінде тұрғын үй көмегінің мөлшеріне есептеу жүргізеді. Орындалу ұзақтығы – 1 жұмыс күні;
5-ші іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің маманы хабарламаны қалыптастырады. Орындалу ұзақтығы – 1 жұмыс күні;
6-шы іс-қимыл – құжаттар пакетін және хабарламаны көрсетілетін қызмет берушінің басшысына қол қою үшін беру. Орындалу ұзақтығы – 1 жұмыс күні;
7-ші іс-қимыл – құжаттар пакетін және хабарламаны қол қойылғаннан кейін көрсетілетін қызмет берушінің басшысынан көрсетілетін қызметті берушінің маманына беру. Орындалу ұзақтығы – 15 минут;
8-ші іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің маманы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ХҚО-ға жолдайды.Орындалу ұзақтығы – 1 жұмыс күні;
9-шы іс-қимыл – ХҚО қызметкері көрсетілетін қызмет берушіден келіп түскен құжаттарды қабылдайды. Орындалу ұзақтығы – 15 минуттан аспайды;
10-шы іс-қимыл – ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға хабарламаны береді.Орындалу ұзақтығы – 1 минут.
Іс-қимылдардың реттiлiгiн сипаттау, осы Регламентке 1 қосымшаға сәйкес, әрбiр iс-қимылды өту блок-схемасында көрсетілген.

4 4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

9 9. Көрсетілетін қызметті алушылар (не сенімхат бойынша олардың өкілдері) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ХҚО–ға жүгінеді және стандарттың 9-тармағында белгіленген тізбеге сәйкес құжаттар ұсынады.

Көрсетілетін қызметті берушінің сұрауын дайындау және жолдау тәртібі:

1 1) ХҚО қызметкерінің тұтынушының деректерін ХҚО АЖ енгізуі;

2 2) ЖТ МДҚ-дан тұтынушының деректерін тексеруге сұрау салу;

3 3) ХҚО қызметкерінің тұтынушыда жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы болған жағдайда жеке тұлға жөнінде деректерді қолмен енгізуі.

Көрсетілетін қызметті берушінің сұрауын жолдауға уәкілетті құрылымдық бөлімшелер немесе лауазымды тұлғалар:
көрсетілетін қызмет берушінің маманы.
ХҚО қызметкерінің көрсетілетін қызмет алушының сұрауын ХҚО-ның біріктірілген АЖ-да тiркеу және өңдеу кезiндегi iс-қимылдары осы Регламентке 2 қосымшаға сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-әрекеттесу диаграммасында көрсетілген.
ХҚО-мен өзара iс-қимылдың, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша көрсетілетін қызмет берушiлердiң сұрауларын қалыптастыру және жолдау рәсiмiнің реттiлiгi мен мерзiмдерi:
1-ші іс-қимыл - көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтінішті және стандарттың 9-тармағында белгіленген құжаттар тізбесін ХҚО-ға ұсынады. ХҚО қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады. ХҚО-ның қызметкері құжаттардың түпнұсқаларының шынайылығын ЖТ МДҚ-дан ұсынылған мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқалардыкөрсетілетін қызметті алушыға қайтарады. ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.Орындалу ұзақтығы – 15 минут;
1-ші шарт - көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
2-ші іс-қимыл – ХҚО қызметкері құжаттар пакетін көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету үшін жолдайды. Орындалу ұзақтығы – 7 сағат 45 минут;
3-ші іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің маманы ХҚО-дан қабылданған құжаттар пакетін тексереді, ХҚО АЖ-да тіркейді. Орындалу ұзақтығы – 15 минут;
4-ші іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің маманы Ереженің негізінде тұрғын үй көмегінің мөлшеріне есептеу жүргізеді. Орындалу ұзақтығы – 1 жұмыс күні;
5-ші іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің маманы хабарлама қалыптастырады. Орындалу ұзақтығы – 1 жұмыс күні;
6-шы іс-қимыл – құжаттар пакетін және хабарламаны көрсетілетін қызмет берушінің басшысына қол қою үшін беру. Орындалу ұзақтығы – 1 жұмыс күні;
7-ші іс-қимыл – құжаттар пакетін және хабарламаны қол қойылғаннан кейін көрсетілетін қызмет берушінің басшысынан көрсетілетін қызметті берушінің маманына беру. Орындалу ұзақтығы – 15 минут;
8-ші іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің маманы мемлекеттік көрсетілетін қызметнәтижесін ХҚО-ға жолдайды.Орындалу ұзақтығы – 1 жұмыс күні;
9-шы іс-қимыл – ХҚО қызметкері көрсетілетін қызмет берушіден келіп түскен құжаттарды тіркейді. Орындалу ұзақтығы – 15 минут;
10-шы іс-қимыл – ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға хабарламаны береді.Орындалу ұзақтығы – 1 минут.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі ХҚО-ға құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап 10 күнтізбелік күн.

10 10. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуүшін қажетті іс-қимылдардың сипаттамасы:

1-ші іс-қимыл - көрсетілетін қызметті алушы порталға ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау жолдайды. Стандарттың 9-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген мәліметтер сканерленген түрде электрондық сұрауға бекітіледі. Көрсетілетін қызметті берушінің маманы электрондық құжаттарды ЖТ МДҚ-дан ұсынылған мәліметтермен салыстырып тексереді, қабылданған электрондық құжаттар пакетін тексереді, ХҚО АЖ-да тіркейді. Орындалу ұзақтығы – 15 минуттан аспайды;
2-ші іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің маманы Ереженің негізінде тұрғын үй көмегінің мөлшерін есептеу жүргізеді. Орындалу ұзақтығы – 1 жұмыс күні;
3-ші іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің маманы хабарламаны қалыптастырады. Орындалу ұзақтығы – 1 жұмыс күні;
4-ші іс-қимыл – құжаттар пакетін және хабарламаны көрсетілетін қызмет берушінің басшысына қол қою үшін беру. Орындалу ұзақтығы – 1 жұмыс күні;
5-ші іс-қимыл – құжаттар пакетін және хабарламаны қол қойылғаннан кейін көрсетілетін қызмет берушінің басшысынан көрсетілетін қызметті берушінің маманына беру. Орындалу ұзақтығы – 15 минут;
6-шы іс-қимыл – хабарламаны көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетке» жіберу. Орындалу ұзақтығы – 1 минут.
Порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 10 күнтізбелік күн.

11

11. Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде көрсетiлген қызмет берушi мен көрсетiлген қызмет алушының жүгiну және iс-қимылдарының реттiлiгi тәртiбi осы Регламентке 3 қосымшаға сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-әрекеттесу диаграммасында көрсетілген.

26 ХҚО арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегііс-қимылдардың реттiлiгiн сипаттау блок-схемасы

«Тұрғын үй көмегін тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне
1 қосымша
ХҚО арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегііс-қимылдардың
реттiлiгiн сипаттау блок-схемасы
*көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда

27 ХҚО арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара iс-қимылдың диаграммасы

«Тұрғын үй көмегін тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне
2 қосымша
ХҚО арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету кезіндегі функционалдық
өзара iс-қимылдың диаграммасы

28 Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара iс-қимылдың диаграммасы

«Тұрғын үй көмегін тағайындау»
көрсетілетін мемлекеттік
қызмет регламентіне
3 қосымша
Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету кезіндегі
функционалдық өзара iс-қимылдың диаграммасы
Кесте. Шартты белгілер

Қолданыстағы