О совершенствовании порядка выплаты и доставки пенсий и пособий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О совершенствовании порядка выплаты и доставки пенсий и пособий
- Атауы (қаз.)
- Зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу мен жеткiзу тәртiбiн жетiлдiру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1149
- Қабылданған күні
- 18.09.1996
- Көрсетілген редакция
- 25.04.1999 AI80_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.04.1999
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P960001149_
- ЭКБ идентификаторы
- 80
- Редакция идентификаторы
- AI80_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 02:18
0 Зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу мен жеткiзу тәртiбiн жетiлдiру туралы
📌 Ескерту. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 26.04.1999 № 473 қаулысымен.
Зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу мен жеткiзу тәртiбiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. 1996 жылдың 1 қарашасынан бастап зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеудi ұйымдастыру жөнiндегi қызметке тариф Қазақстан Республикасының Зейнетақы қоры қаражатынан төленетiн төлем сомаларының 0,6 процентiнен аспайтын мөлшерде белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi мен оның жергiлiктi жерлердегi органдары 1996 жылдың 1 қарашасынан бастап зейнетақыларды төлеу мен жеткiзудi тiкелей жүзеге асыратын мекеменi белгiленген тариф пен зейнеткерлерге сапалы қызмет көрсету шарттары бойынша таңдап алсын.
3. 1996 жылдың 1 қарашасынан бастап Республика Үкiметiнiң қоса берiлiп отырған Тiзбеге сәйкес шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.
4 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылдың 1 қарашасынан бастап күшi жойылған шешiмдерiнiң Т I З Б Е С I
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы
19 қыркүйектегi N 1149
қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылдың
1 қарашасынан бастап күшi жойылған шешiмдерiнiң
Т I З Б Е С I
1."Зейнетақы мен жәрдемақы төлеудi жақсарту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 6 қаңтардағы N 34 қаулысы (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 2, 16-құжат).
2. " Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 6 қаңтардағы N 34 қаулысына өзгерту енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 25 мамырдағы N 560 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 23, 243-құжат).
3."Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына қаржы жинауды жақсарту және зейнетақылар мен жәрдемақылардың төленуiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 28 қарашадағы N 1600 қаулысының 4-тармағының үшiншi абзацы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 36, 467-құжат).