Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги "Предоставление инновационных грантов на коммерциализацию технологий"

Бұйрық · № 82 · қабылданған 14.03.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-80001/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги "Предоставление инновационных грантов на коммерциализацию технологий" Күшін жойған Бұйрық ·№ 82 ·14.03.2014
28.05.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги "Предоставление инновационных грантов на коммерциализацию технологий"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 82 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги "Предоставление инновационных грантов на коммерциализацию технологий"
Атауы (қаз.)
"Технологиялық коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
82
Қабылданған күні
14.03.2014
Көрсетілген редакция
28.05.2015 AI80001_2.kaz
Соңғы өзгеріс
28.05.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400009338
ЭКБ идентификаторы
80001
Редакция идентификаторы
AI80001_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:29

0 "Технологиялық коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін кызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Технологиялық коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Жаңа технологиялар және энергия үнемдеу департаменті (Т.Б. Омарбеков) заңнамада белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жарналауға жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Е.К.Сағадиевке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтүзбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 «Технологиялық коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламенті

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
орынбасары - Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа технологиялар министрінің
2014 жылғы 14 наурыздағы
№ 82 бұйрығымен бекітілген
«Технологиялық коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қызмет беруші) көрсетеді.

2 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны - қағаз жүзінде.

3 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушымен технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық грантты беру туралы шартқа қол қою болып табылады.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібінің сипаттамасы

4

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 85 қаулысымен бекітілген «Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар алуға берілетін өтінімі болып табылады.

5 5. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде құрылымдық бөлімшелердің іс-қимыл тәртібі, рәсімдері (іс-қимылдық), және олардың орындалу бірізділігі, оның ішінде әрбір құрылымдық бөлімше бөлінісінде барлық рәсімдердің (іс-қимылдың) өту кезеңдері:

1-рәсім: өтінімді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне тапсырады, тіркеу нөмірі мен және күні беріліп тіркеледі, одан кейін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе көрсетілетін қызметті беруші басшысының жетекшілік ететін орынбасарына беріледі;
2-рәсім: көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе көрсетілетін қызметті беруші басшысының жетекшілік ететін орынбасары Өтінімді қарауға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесіне Өтінімді тапсырады (бұдан әрі - құрылымдық бөлімше);
3-рәсім: Өтінімдерді тіркеу журналын жүргізуге жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің бірі Өтінімді алған күні Өтінімдерді тіркеу журналына тіркейді, одан кейін құрылымдық бөлімше басшысы қарастыру үшін құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысын (бұдан әрі - жауапты орындаушы) тағайындайды;
4-рәсім: жауапты орындаушы Өтінімді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 тамызындағы № 1037 қаулысымен бекітілген Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) талаптарына сәйкестігіне қарастырады;
5-рәсім: жауапты орындаушы Өтінім материалдарын (көрсетілген қызмет алушы туралы деректерді көрсетпей) тәуелсіз сараптамаға қағаз және электрондық тасығышта жібереді;
6-рәсім: көрсетілетін қызметті беруші тартқан тәуелсіз сарапшылар тәуелсіз сараптаманы жүргізеді және сараптама қорытындысын көрсетілетін қызметті берушіге қағаз және электрондық тасығыштарда (PDF немесе JPEG форматында сканерден өткізілген) ұсынады;
7-рәсім: көрсетілетін қызметті беруші тәуелсіз сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін, көрсетілетін қызметті алушының жобасы бойынша мәлімделген шығындардың негізділігіне тексеру жүргізеді және, егер көрсетілетін қызметті алушы жоба тұжырымдамасын негіздеу кезеңінде грант алуға үміткер болса, онда көрсетілетін қызметті беруші грант беру туралы шешім шығарады;
8-рәсім: егер көрсетілетін қызметті алушы өнеркәсіп прототипін жасау және оның коммерциялық көрсетілуі кезеңінде грант алуға үміткер болса, онда ол ұсынылған Өтінімін қорғау үшін сараптамалық кеңестің отырысына қатысады.
Бұл ретте, сараптамалық кеңес Өтінімді және тәуелсіз сараптаманың қорытындысын қарастырады және көрсетілетін қызметті берушіге Өтінімнің коммерциялық перспективасына қатысты ұсынымдар енгізеді;
9-рәсім: көрсетілетін қызметті беруші сараптамалық кеңестің оң ұсынымдарын алған сәттен бастап грант беру туралы шешім шығарады, көрсетілген қызметті алушымен жобаны іске асыру уақытын өзектендіреді және грант беру туралы шарт жасауды жүзеге асырады.

6 6. Келесі рәсімдерді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдың) нәтижесі осы регламентке 1-қосымшада көрсетілген.

3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық

бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3 3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының жетекшілік ететін орынбасары;

4 4) құрылымдық бөлімшелер;

5 5) көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің басшысы;

6 6) Өтінімдерді тіркеу журналын жүргізуге жауапты тұлға;

7 7) жауапты орындаушы.

8 8. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) бірізділігін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, сипаттау осы регламентке 2-қосымшасында көрсетілген.

1 Келесі рәсімдерді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіздеме болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдың) нәтижесі

«Технологияларды коммерцияландыруға
арналған инновациялық гранттарды ұсыну»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Келесі рәсімдерді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіздеме болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдың) нәтижесі
1
Іс-қи­мыл­дың (ба­ры­сы, жұ­мыс ағы­ны) №
1
2
3
4
5
6
7
8
9
2
ҚФБ ата­уы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се­сі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы (орын­ба­са­ры)
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі­нің бас­шы­сы
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­сы
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­сы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­мен тар­ты­ла­тын тәу­ел­сіз са­рап­шы­лар
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­сы
Са­рап­та­ма­лық ке­ңес
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші
3
Іс-қи­мыл­дың (про­це­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және оның си­патта­ма­сы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның өті­ні­мін қа­был­дау
Қа­рар жа­зу және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі­нің бас­шы­сы­на құ­жат­тар­ды жі­бе­ру
Өті­нім­дер­ді тір­кеу жур­на­лы­на өті­нім­ді тір­кеу және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің құ­ры­лым­дық бө­лім­ше бас­шы­сы­ның Өті­нім­ді қа­рас­ты­ру үшін жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­ны та­ғай­ын­да­уы
Өті­нім­нің бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гін қа­рас­ты­ру
Өті­нім­ді және ма­те­ри­ал­дар­ды (көр­се­ті­л­ген қыз­мет алушы ту­ра­лы де­ректер­ді көр­сет­пей) тәу­ел­сіз са­рап­та­ма­ға қа­ғаз және элек­трон­дық та­сығ­ы­шта дай­ын­дау
Тәу­ел­сіз са­рап­та­ма­ны жүр­гі­зу
1) Егер көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жо­ба тұ­жы­рым­да­ма­сын негіз­деу ке­зе­ңін­де грант алу­ға үміт­кер бол­са, он­да қыз­мет бе­ру­ші грант бе­ру ту­ра­лы ше­шім шы­ға­ра­ды.
2) Егер көр­се­ті­ле­тін
қыз­мет­ті алушы өнер­к­ә­сіп про­то­ти­пін жа­сау және оның ком­мер­ци­я­лық көр­се­ті­луі ке­зе­ңін­де грант алу­ға үміт­кер бол­са, он­да ол ұсы­ны­л­ған Өті­ні­мін қор­ғау үшін са­рап­та­ма­лық ке­ңе­стің оты­ры­сы­на қа­ты­са­ды.
Өті­нім­ді са­рап­та­ма­лық ке­ңе­стің қа­рас­ты­руы және тәу­ел­сіз са­рап­та­ма­ның қо­ры­тындысы
Грант­ты бе­ру ту­ра­лы ше­шім қа­был­дау және шарт жа­са­су
4
Аяқ­тау ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­дық-өкім­дік ше­шім)
Өті­нім­ді тір­кеу, нө­мір және күн бе­ру
Қа­рар
Қа­рар
Өті­нім ма­те­ри­ал­да­рын (көр­се­ті­л­ген қыз­мет алушы ту­ра­лы де­ректер­ді көр­сет­пей) қа­ғаз және элек­трон­дық түр­де тәу­ел­сіз са­рап­та­ма­ға жі­бе­ру­ге ше­шім қа­был­дау
Өті­нім­ді және ма­те­ри­ал­дар­ды (көр­се­ті­л­ген қыз­мет алушы ту­ра­лы де­ректер­ді көр­сет­пей) тәу­ел­сіз са­рап­та­ма­ға қа­ғаз және элек­трон­дық түр­де жі­бе­ру
Са­рап­та­ма­лық ке­ңе­сі­тің ұсы­ны­мы
1) Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің грант­ты бе­ру ту­ра­лы ше­ші­мі;
2) са­рап­та­ма­лық ке­ңе­стің
оты­ры­сы­на қа­ты­су
көр­се­ті­л­ген қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге са­рап­та­ма­лық ке­ңе­стің ұсы­ным­да­рын бе­ру
Грант­ты бе­ру
5
Орын­дау мер­зім­де­рі
15 ми­нут
4 са­ғат
4 са­ғат
5 жұ­мыс кү­ні
5 жұ­мыс кү­ні
10 жұ­мыс кү­ні
17 жұ­мыс кү­ні
10 жұ­мыс кү­ні
15 ми­нут
4 са­ғат
4 са­ғат
5 жұ­мыс кү­ні
5 жұ­мыс кү­ні
10 жұ­мыс кү­ні
17 жұ­мыс кү­ні
10 жұ­мыс кү­ні
10 жұ­мыс кү­ні
6
Ке­ле­сі іс-қи­мыл­дың нө­мі­рі
2
3
4
5
6
7
8 - егер көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жо­ба тұ­жы­рым­да­ма­сын негіз­деу ке­зе­ңін­де грант алу­ға үміт­кер бол­са 9 - егер көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы өнер­к­ә­сіп про­то­ти­пін жа­сау және оның ком­мер­ци­я­лық көр­се­ті­луі ке­зе­ңін­де грант алу­ға үміт­кер бол­са
9
-

2 Құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып сипаттау

«Технологияларды коммерцияландыруға
арналған инновациялық гранттарды ұсыну»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып сипаттау

Қолданыстағы