Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения и дополнительных мерах по социальной защите в городе Павлодаре
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения и дополнительных мерах по социальной защите в городе Павлодаре
- Атауы (қаз.)
- Павлодар қаласында әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар мен халықтың нысаналы тобына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 551/2
- Қабылданған күні
- 18.04.2014
- Көрсетілген редакция
- 01.02.2016 80015_234227.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14PA003812
- ЭКБ идентификаторы
- 80015
- Редакция идентификаторы
- 80015_234227
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:59
0 Павлодар қаласында әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар мен халықтың нысаналы тобына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы, 2-тармағына, 7-бабы 2) тармақшасына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2014 жылға арналған Павлодар қаласының аумағында тұратын халықтың мақсатты топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін.
2 2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес халықтың мақсатты топтарынан жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралары мен тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін.
3 3. "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың мақсатты топтарына жататын жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шараларды іске асыруды жүзеге асырсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
6 Павлодар қаласының аумағында тұратын, халықтың мақсатты тобына жататын адамдардың қосымша тізімі
Павлодар қаласы әкімдігінің
2014 жылғы "18" сәуірдегі
№ 551/2 қаулысына 1-қосымша
Павлодар қаласының аумағында тұратын, халықтың
мақсатты тобына жататын адамдардың қосымша тізімі
Павлодар қаласының аумағында тұратын халықтың мақсатты тобына жататын адамдардың қосымша тізбесі:
1 1) дәрігерлік-кеңес комиссиясының анықтамасы бойынша еңбекке шектеулігі бар тұлғалар;
2 2) 50 жастан асқан адамдар;
3 3) жұмыс өтілі жоқ, 25 жасқа дейінгі жастар;
4 4) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемеген тұлғалар.
11 Халықтың мақсатты тобынан жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар және тұлғалардың қосымша тізбесі
Павлодар қаласы әкімдігінің
2014 жылғы "18" сәуірдегі
№ 551/2 қаулысына 2-қосымша
Халықтың мақсатты тобынан жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік
қорғау бойынша қосымша шаралар және тұлғалардың қосымша тізбесі
Халықтың мақсатты тобынан жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар: