Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения и дополнительных мерах по социальной защите в городе Павлодаре
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения и дополнительных мерах по социальной защите в городе Павлодаре
- Атауы (қаз.)
- Павлодар қаласында әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар мен халықтың нысаналы тобына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 551/2
- Қабылданған күні
- 18.04.2014
- Көрсетілген редакция
- 01.02.2016 80015_234227.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14PA003812
- ЭКБ идентификаторы
- 80015
- Редакция идентификаторы
- 80015_234227
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:59
0 Павлодар қаласында әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар мен халықтың нысаналы тобына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы, 2-тармағына, 7-бабы 2) тармақшасына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2014 жылға арналған Павлодар қаласының аумағында тұратын халықтың мақсатты топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес халықтың мақсатты топтарынан жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралары мен тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін.
3. "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың мақсатты топтарына жататын жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шараларды іске асыруды жүзеге асырсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
6 Павлодар қаласының аумағында тұратын, халықтың мақсатты тобына жататын адамдардың қосымша тізімі
Павлодар қаласы әкімдігінің
2014 жылғы "18" сәуірдегі
№ 551/2 қаулысына 1-қосымша
Павлодар қаласының аумағында тұратын, халықтың
мақсатты тобына жататын адамдардың қосымша тізімі
Павлодар қаласының аумағында тұратын халықтың мақсатты тобына жататын адамдардың қосымша тізбесі:
1) дәрігерлік-кеңес комиссиясының анықтамасы бойынша еңбекке шектеулігі бар тұлғалар;
2) 50 жастан асқан адамдар;
3) жұмыс өтілі жоқ, 25 жасқа дейінгі жастар;
4) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемеген тұлғалар.
11 Халықтың мақсатты тобынан жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар және тұлғалардың қосымша тізбесі
Павлодар қаласы әкімдігінің
2014 жылғы "18" сәуірдегі
№ 551/2 қаулысына 2-қосымша
Халықтың мақсатты тобынан жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік
қорғау бойынша қосымша шаралар және тұлғалардың қосымша тізбесі
Халықтың мақсатты тобынан жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар: