Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций

Қаулы · № 335/3 · қабылданған 05.05.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-80020/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций Күшін жойған Қаулы ·№ 335/3 ·05.05.2014
11.01.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.01.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций

Күшін жойған Қаулы ·№ 335/3 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций
Атауы (қаз.)
Қылмыстық-атқару инспекциясында пробация қызметінде есепте тұрған тұлғалар, сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
335/3
Қабылданған күні
05.05.2014
Көрсетілген редакция
11.01.2016 80020_65326.kaz
Соңғы өзгеріс
11.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14PB003814
ЭКБ идентификаторы
80020
Редакция идентификаторы
80020_65326
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:46

0 Қылмыстық-атқару инспекциясында пробация қызметінде есепте тұрған тұлғалар, сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 21–бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабы 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, қылмыстық-атқару инспекциясында пробация қызметінде есепте тұрған тұлғаларының, сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларының және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерінің жұмыспен қамтылуына және қабылдауына жәрдемдесу мақсатында, Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Меншік нысандарына қарамастан Ақсу қаласының ұйымдарындағы жұмыс орындарының жалпы санының екі пайыз мөлшерінде:

қылмыстық-атқару инспекциясында пробация қызметінде есепте тұрған тұлғалар, сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар;
интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

2

2. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі белгіленген квотаға сәйкес қылмыстық-атқару инспекциясында пробация қызметінде есепте тұрған тұлғаларды, сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы