О резервировании земель для создания государственного природного заказника местного значения "Үмбет"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О резервировании земель для создания государственного природного заказника местного значения "Үмбет"
- Атауы (қаз.)
- Жергілікті маңызы бар "Үмбет" мемлекеттік табиғи қаумалын құру үшін жерді резервте қалдыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 78
- Қабылданған күні
- 27.03.2014
- Қолданысқа енгізілген күні
- 23.06.2014
- Көрсетілген редакция
- 27.03.2014 80032_138290.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.03.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14G0002217
- ЭКБ идентификаторы
- 80032
- Редакция идентификаторы
- 80032_138290
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:20
0 Жергілікті маңызы бар "Үмбет" мемлекеттік табиғи қаумалын құру үшін жерді резервте қалдыру туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне және "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Байзақ, Т.Рысқұлов және Меркі аудандарының аумақтарында жергілікті маңызы бар "Үмбет" мемлекеттік табиғи қаумалын құру үшін резервіленген жер учаскелерінің орналасу схемасы мен экспликациясына сәйкес (1, 2 - қосымшалар) шекара шегінде жалпы аланы 298 400 гектар жер учаскелері 8 ай мерзімімен резервте қалдырылсын.
2 2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің құрамына бергенге дейін резервте қалдырылатын жер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдаланылады.
3 3. "Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
3 3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Жолдасбаевқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Қоршаған
орта және су ресурстары министірлігінің
Орман және аншылық шаруашылығы
Комитетінің төрағасы
Г.Азбаев
7 сәуір 2014 жыл
9 Жамбыл облысы әкімдігінің
2014 жылғы 27 наурыздағы
78 қаулысына 1 қосымша
Жамбыл облысының Байзақ, Т.Рысқұлов және Меркі аудандарының аумақтарында ұсынылатын табиғи аумақтарын шекара шегіндегі жер учаскелерінің орналасу жобасы (схемасы)
Масштаб 1:100 000
Жалпы аумағы - 298 400 га
10 Жамбыл облысы әкімдігінің
2014 жылғы 27 наурыздағы
№ 78 қаулысына 2 қосымша
Жобаланып отырған "Үмбет" мемлекеттік табиғи қаумалы жерлерінің экспликациясы
№ р/н
Аудандардың атаулары
Жалпы көлемі, га
Жер санаттары
Ауыл шаруалығы мақсатындағы жерлер мақсатындағы жерлер
Елді мекен жері
Өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жері
Орман қорының жері
Су қорының жері
Босалқы жер
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
1
Байзақ
69 182
69 182
2
Т.Рысқұлов
152 116
94 277
20 331,2
37 507,8
3
Меркі
77 102
2 401,8
74 700,2
Барлығы:
298 400
96 678,8
164 213,4
37 507,8
"Жамбыл облысы әкімдігінің жер
қатынастары басқармасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
басшысы С. Жұмағұлов
"Қазақстан Республикасы Өңірлік даму
министрлігінің Жер ресурстарын басқару
комитетінің "Жер ресурстары
ғылыми-өндірістік орталығы" шаруашылық
жүргізу құқындағы республикалық
мемлекеттік кәсіпорнының
Жамбыл филиалы "Жамбыл ҒОО" РМК"
Жамбыл филиалының директоры Н. Артаев