Құжат мәтініне өту

Об определении перечня целевых групп и установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения города Петропавловска

Қаулы · № 586 · қабылданған 17.04.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-80048/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об определении перечня целевых групп и установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения города Петропавловска Күшін жойған Қаулы ·№ 586 ·17.04.2014
10.03.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.03.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня целевых групп и установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения города Петропавловска

Күшін жойған Қаулы ·№ 586 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня целевых групп и установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения города Петропавловска
Атауы (қаз.)
Петропавл қаласының нысаналы топтарының тізбесін анықтау және нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
586
Қабылданған күні
17.04.2014
Көрсетілген редакция
10.03.2015 AI80048_2.kaz
Соңғы өзгеріс
10.03.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14SA002781
ЭКБ идентификаторы
80048
Редакция идентификаторы
AI80048_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:01

0 Петропавл қаласының нысаналы топтарының тізбесін анықтау және нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына сәйкес, Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2014 жылға арналған Петропавл қаласы тұрғындарының нысаналы топтарының келесі тізбесі анықталсын:

1 1) табысы аз адамдар;

2 2) жиырма бip жасқа дейінгі жастар;

3 3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;

4 4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;

5 5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;

6 6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);

7 7) мүгедектер;

8 8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;

9 9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

10 10) оралмандар;

11 11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;

12 12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;

13 13) қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі есебіне алынған тұлғалар.

2 2. 2014 жылға арналған Петропавл қаласы халқының нысаналы топтарына жататын адамдардың мынадай қосымша тізбесі белгіленсін:

1 1) ұзақ уақыт жұмыс істемеген тұлғалар (бір жылдан астам);

2 2) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастарды қоса;

3 3) елу жастан асқан тұлғалар;

4 4) уақытша және маусымдық жұмыстардың жұмыс шарттарының мерзімдері аяқталған тұлғалар.

3

3. «Петропавл қаласы халқының нысаналы топтарына жататын тұлғаларының қосымша тізбесін белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 17 наурыздағы № 308 қаулысының күші жойылды деп танылсын (2010 жылғы 23 сәуірдегі нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде тіркелген № 13-1-177, 2010 жылғы 21 мамырдағы «Қызылжар нұры» № 23(285), 2010 жылғы 21 мамырдағы «Проспект СК» № 22 (332) газеттерінде жарияланған).

4 4. «Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі нысаналы топтарға қосымша енгізілген тұлғаларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік қорғау жөніндегі шараларды уақытында қамтамасыз етсін.

5 5. Қаулының орындалуын бақылау осы саланы басқаратын қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы