Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходах местного сообщества Железнодорожного сельского округа Карасуского района Костанайской области

Ереже · № 191 · қабылданған 09.04.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-80080/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходах местного сообщества Железнодорожного сельского округа Карасуского района Костанайской области Күшін жойған Ереже ·№ 191 ·09.04.2014
27.12.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходах местного сообщества Железнодорожного сельского округа Карасуского района Костанайской области

Күшін жойған Ереже ·№ 191 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходах местного сообщества Железнодорожного сельского округа Карасуского района Костанайской области
Атауы (қаз.)
Қостанай облысы Қарасу ауданы Железнодорожный ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
191
Қабылданған күні
09.04.2014
Көрсетілген редакция
27.12.2019 80080_435051.kaz
Соңғы өзгеріс
27.12.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14NM004728
ЭКБ идентификаторы
80080
Редакция идентификаторы
80080_435051
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:09

0 Қостанай облысы Қарасу ауданы Железнодорожный ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Қарасу ауданы Железнодорожный ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Қарасу ауданы Железнодорожный ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Қостанай облысы Қарасу ауданы
Железнодорожный ауылдық округінің әкімі
_______________ Ж. Тұматаев

4 Қарасу аудандық мәслихатының

2014 жылғы 9 сәуірдегі
№ 191 шешіміне
қосымша
Қостанай облысы Қарасу ауданы Железнодорожный
ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу
үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы
Өкілдерінің саны (адам)
Железнодорожный тұрғындары үшін
38
Братское ауылының тұрғындары үшін
2
Теректі тұрғындары үшін
8
Жекекөл ауылының тұрғындары үшін
2
Күленсай тұрғындары үшін
2

5 Қарасу аудандық мәслихатының

2014 жылғы 9 сәуірдегі
№ 191 шешімімен
бекітілген
Қостанай облысы Қарасу ауданы Железнодорожный ауылдық округінің
бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қостанай облысы Қарасу ауданы Железнодорожный ауылдық округінің (бұдан әрі - Железнодорожный ауылдық округі) бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Железнодорожный ауылдық округі тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2 2. Железнодорожный ауылдық округінің аумағы тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

3 3. Бөлек жиынды Железнодорожный ауылдық округінің әкімі шақырады.

Қарасу ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

4 4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

5 5. Железнодорожный ауылдық округінің шегінде бөлек жиынды өткізуді Железнодорожный ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

6 6. Бөлек жиынды ашудың алдында Железнодорожный ауылдық округінің тұрғындары қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

7 7. Бөлек жиынды Железнодорожный ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Железнодорожный ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

8 8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Железнодорожный ауылдық округінің тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қарасу аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Железнодорожный ауылдық округінің тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

9 9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

10 10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Железнодорожный ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

Қолданыстағы