Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил определения дополнительного перечня импортируемых товаров, подлежащих обложению акцизами по стране происхождения

Қаулы · № 507 · қабылданған 19.05.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-80099/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
Об утверждении Правил определения дополнительного перечня импортируемых товаров, подлежащих обложению акцизами по стране происхождения Күшін жойған Қаулы ·№ 507 ·19.05.2014
20.04.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил определения дополнительного перечня импортируемых товаров, подлежащих обложению акцизами по стране происхождения

Күшін жойған Қаулы ·№ 507 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил определения дополнительного перечня импортируемых товаров, подлежащих обложению акцизами по стране происхождения
Атауы (қаз.)
Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
507
Қабылданған күні
19.05.2014
Көрсетілген редакция
20.04.2018 80099_313420.kaz
Соңғы өзгеріс
20.04.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1400000507
ЭКБ идентификаторы
80099
Редакция идентификаторы
80099_313420
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:40

0 Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы

2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 279-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қоса беріліп отырған Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.

3 Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидалары

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Үкі­ме­ті­нің
2014 жы­л­ғы 19 ма­мыр­да­ғы
№ 507 қа­улы­сы­мен
бе­кі­ті­л­ген
Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 279-бабына сәйкес әзірленді.

2 2. Қағидалар шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау тәртібін белгілейді.

3 3. Осы Қағидаларда қолданылатын терминдер мен анықтамалар:

1 1) сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – сауда қызметi саласында басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

2 2) импортталатын тауарлардың қосымша тізбесі (бұдан әрi – қосымша тізбе) – Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес акциз салуға жатқызылатын Қазақстан Республикасына импортталатын тауарлардың тізбесі;

3 3) тауар – кез келген жылжымалы мүлік, оның ішінде Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін (жолаушылар мен тауарлардың халықаралық тасымалы үшін қолданылатын көлік құралдарын қоспағанда) көлік құралдары;

4 4) тауардың шығарылған елі – тауар толығымен өндірілген немесе жеткілікті түрде өңдеуге (қайта өңдеуге) ұшыраған ел.

4 4. Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін уәкілетті орган айқындайды.

2 2. Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау тәртібі

5

5. Қазақстан Республикасының кеден органының сыртқы саудасының кедендік статистикасының деректері негізінде уәкiлеттi орган елдер бөлінісінде тауарлар импортының жай-күйі мен серпініне тоқсан сайын талдау жүргізеді, оның негізінде тауарлар импорты көлемінің ұлғаюы, сондай-ақ олардың өсу қарқыны анықталады.

6 6. Талдау нәтижелерінің негізінде уәкiлеттi орган импортының үлесі осы тауардың үшінші елдерден Қазақстан Республикасына импортының жалпы көлемінен 30 пайыздан артық елдер бөлінісінде неғұрлым көп импортталатын тауарлар тізбесін жасайды.

7 7. Уәкiлеттi орган қосымша тізбе қалыптастыру үшін неғұрлым көп импортталатын тауарлардың тізбесін Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келіседі.

8 8. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісудің қорытындылары бойынша импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін қалыптастырады.

9 9. Импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау жөніндегі ұсынысты уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының қарауына шығарады.

10 10. Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы шешімін ескере отырып, уәкiлеттi орган импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін бекітеді.

11 11. Қазақстан Республикасының кеден органының сыртқы саудасының кедендік статистикасының деректері негізінде уәкiлеттi орган тоқсан сайын елдер бөлінісінде қосымша тізбеде көрсетілген тауарлардың импорты бойынша мониторинг жүргізеді.

12

12. Уәкiлеттi орган импортталатын тауарды қосымша тізбеге қосу немесе импортталатын тауарды қосымша тізбеден алып тастау жөніндегі ұсынысты осы Қағидалардың 5 – 9-тармақтарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының қарауына шығарады.

13 13. Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының шешімін ескере отырып, уәкiлеттi орган импортталатын тауарды қосымша тізбеге қосады немесе импортталатын тауарды қосымша тізбеден алып тастайды.

Қолданыстағы