Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача удостоверения качества хлопка-сырца"

Бұйрық · № 6-1/181 · қабылданған 01.04.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-80122/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача удостоверения качества хлопка-сырца" Күшін жойған Бұйрық ·№ 6-1/181 ·01.04.2014
30.10.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.10.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача удостоверения качества хлопка-сырца"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 6-1/181 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача удостоверения качества хлопка-сырца"
Атауы (қаз.)
"Шитті мақта сапасы куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
6-1/181
Қабылданған күні
01.04.2014
Көрсетілген редакция
30.10.2015 AI80122_2.kaz
Соңғы өзгеріс
30.10.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400009363
ЭКБ идентификаторы
80122
Редакция идентификаторы
AI80122_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:14

0 "Шитті мақта сапасы куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 2)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Шитті мақта сапасы куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік етуші Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 «Шитті мақта сапасы куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 1 сәуірдегі
№ 6-1/181 бұйрығымен
бекітілген
«Шитті мақта сапасы куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: «ҚазАгрЭкс» акционерлік қоғамы және оның филиалдары.

2 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі: «Қағаз тасығыштағы шитті мақта сапасы куәлігі».

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

4 4. Рәсімдерді (іс-қимылды) бастауға негіздеме: өтініш беру.

5 5. Мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманымен көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қабылдау және тіркеу, көрсетілетін қызметті берушінің меңгерушісіне өтінім беру - 2 сағат ішінде;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің меңгерушісі шитті мақта сапасына сараптама жүргізу жөніндегі маманды (бұдан әрі – сараптама маманы) анықтайды, оған қабылдаған құжаттар тізімін беру уақыты - 3 сағаттан артық емес;

3

3) сараптама маманымен сынаманы іріктеп алуды жүргізу және осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес № 1 нысандағы шитті мақтаның сынамаларын тіркеу журналында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 868 қаулысымен бекітілген Шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру шитті мақтаның сапасы туралы куәліктің нысанын (үлгісін) және мақта талшығының сапасы паспортының нысанын (үлгісін) бекіту қағидаларына (бұдан әрі – Шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру қағидалары) 3-қосымшаға сәйкес тіркеу - 2 жұмыс күні ішінде;

4 4) сараптама маманымен өтінімде көрсетілген сапа көрсеткіштері және сынау әдістері бойынша органолептикалық (шитті мақтаның сыртқы түрін стандарттық үлгілермен салыстырып байқау арқылы) және құралдық бағалау арқылы сынау жүргізу - 1 жұмыс күнінен артық емес;

5 5) көрсетілетін қызметті беруші меңгерушісінің шитті мақта сапасы туралы куәлікке қол қою, ресімдеу - 3 сағаттан артық емес;

6 6) осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес Шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес куәлікті № 2 нысандағы журналға тіркеу және қызметті алушыға беру - 30 минуттан артық емес.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

6 6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінде келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатыстырылады:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің меңгерушісі;

2 2) сарапта маманы;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы.

7 7. Реттілікті мәтіндік кестелік сипаттау және әр ҚФБ-нің әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдердің) өзара әрекеттестігі әр әкімшілік әрекетті (рәсімді) орындау мерзімін көрсете отырып осы регламентке 3-қосымшада келтірілген.

8 8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үрдісінде әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба осы регламентке 4-қосымшада берілген.

4 4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) басқа да көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

9 9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының халыққа қызмет көрсету орталығына және (немесе) басқа да көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну мүмкіндігі көзделмеген.

10 10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүгіну мүмкіндігі көзделмеген.

1 Шитті мақта сынамаларын тіркеу журналы

«Шитті мақта сапасы куәлігін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне
1-қосымша
№ 1 нысан
Шитті мақта сынамаларын тіркеу журналы
Р/с №
Кү­ні
Өті­ніш бе­ру­ші
Сы­на­ма­лар ірік­теу жүр­гі­зі­л­ген мақ­та өң­деу ұй­ы­мы­ның ата­уы
Пар­тия сал­ма­ғы, тон­на
Сы­на­ма­лар­ды ірік­теу ак­ті­сі­нің № мен кү­ні
Сы­на­ма­ны ірік­те­ген ма­ман­ның қо­лы
1
2
3
4
5
6
7

2 Шитті мақтаның сапасы туралы куәліктерді тіркеу журналы

«Шитті мақта сапасы куәлігін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне
2-қосымша
№ 2 нысан
Шитті мақтаның сапасы туралы куәліктерді тіркеу журналы
Р/с №
Ку­ә­лік­тің бе­рі­л­ген кү­ні және нө­мі­рі
Шит­ті мақ­та ие­сі
Сы­на­ма­лар ірік­тел­ген орын
Сы­на­ма­лар­ды ірік­теу ак­ті­сі­нің № мен кү­ні
Пар­тия № мен сал­ма­ғы
Сы­на­ма­ны ірік­те­ген ма­ман­ның Т.А.Ә. және қо­лы
1
2
3
4
5
6
7

3 1-кесте. ҚФБ-нің іс-әрекетіне сипаттама

«Шитті мақта сапасы куәлігін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне
3-қосымша
1-кесте. ҚФБ-нің іс-әрекетіне сипаттама
Негіз­гі үр­діс (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­мы) әре­кет­те­рі
1
Әре­кет (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­мы) №
1
2
3
4
5
2
ҚФБ ата­уы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се ма­ма­ны
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің мең­ге­ру­ші­сі
Са­рап­та­ма ма­ма­ны
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің мең­ге­ру­ші­сі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се ма­ма­ны
3
Әре­кет (үр­діс, рә­сім, опе­ра­ция) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның өті­ні­мін қа­был­дай­ды және тір­кей­ді. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қол­хат бе­ре­ді.
Шит­ті мақ­та са­па­сы­на са­рап­та­ма жүр­гі­зу жө­нін­де­гі ма­ман­ды анық­тай­ды, оған тап­сыр­ма және өті­нім кө­шір­ме­сі бе­рі­ле­ді
Сы­на­ма­лар ірік­те­уді жүр­гі­зу, ар­найы жур­нал­да сы­на­ма­лар­ды тір­кеу.
Өті­нім­де көр­се­ті­л­ген са­па көр­сет­кіш­те­рі және сы­нау әді­сте­рі бой­ын­ша ор­га­но­леп­ти­ка­лық (шит­ті мақ­та­ның сырт­қы тү­рін стан­дарт­тық үл­гі­лер­мен са­лы­сты­рып бай­қау ар­қы­лы) және құ­рал­дық ба­ға­лау ар­қы­лы сы­нау жүр­гі­зу.
Сы­нау нәти­же­ле­рін қа­рау, ку­ә­лік­ті рә­сім­деу және қол қою.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға ку­ә­лік бе­ру.
4
Аяқ­тау ны­са­ны (мә­лі­мет­тер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру-та­ра­ту ше­ші­мі)
Са­рап­та­ма жүр­гі­зу жө­нін­де­гі ма­ман­ды анық­тау үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің мең­ге­ру­ші­сіне өті­нім­ді жол­дау.
Са­рап­та­ма ма­ма­ны­на тап­сыр­ма мен өті­нім­ді жі­бе­ру.
Сы­на­ма­лар ірік­теу ак­ті, жур­нал­да тір­кеу.
Сы­нау хат­та­ма­сы.
Ку­ә­лік.
Шы­ғыс хат-ха­бар жур­на­лын­да бел­гі­леу
5
Орын­дау мер­зім­де­рі
2 са­ғат шін­де
3 са­ғат­тан ар­тық емес
3 жұ­мыс кү­ні ішін­де;
3 са­ғат­тан ар­тық емес
30 ми­нут­тан ар­тық емес
2-кесте. Пайдалану нұсқасы. Негізгі үдеріс.
Негіз­гі үр­діс (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­мы)
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се ма­ма­ны
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің мең­ге­ру­ші­сі
Са­рап­та­ма ма­ма­ны
№ 1 әре­кет
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның өті­ні­мін қа­был­дай­ды және тір­кей­ді. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қол­хат бе­ре­ді(2 са­ғат ішін­де).
№ 2 әре­кет
Шит­ті мақ­та са­па­сы­на са­рап­та­ма жүр­гі­зу жө­нін­де­гі ма­ман­ды анық­тай­ды (3 са­ғат­тан ар­тық емес).
№ 3 әре­кет
Сы­на­ма­лар ірік­те­уді жүр­гі­зу, ар­найы жур­нал­да сы­на­ма­лар­ды тір­кеу. Өті­нім­де көр­се­ті­л­ген са­па көр­сет­кіш­те­рі және сы­нау әді­сте­рі бой­ын­ша ор­га­но­леп­ти­ка­лық (шит­ті мақ­та­ның сырт­қы тү­рін стан­дарт­тық үл­гі­лер­мен са­лы­сты­рып бай­қау ар­қы­лы) және құ­рал­дық ба­ға­лау ар­қы­лы сы­нау жүр­гі­зу, ку­ә­лік­ті ре­сім­деу (шит­ті мақ­та сы­на­ма­ла­рын ірік­теу – 3 жұ­мыс кү­ні ішін­де).
№ 4 әре­кет
Сы­нау нәти­же­ле­рін қа­рау, ку­ә­лік­ке қол қою (са­рап­та­ма нәти­же­ле­рін ал­ған­нан кей­ін 3 са­ғат­тан ар­тық емес).
№ 5 әре­кет
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға ку­ә­лік бе­ру (30 ми­нут­тан ар­тық емес).

4 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үрдісінде әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба

«Шитті мақта сапасы куәлігін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне
4-қосымша
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үрдісінде әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба

Қолданыстағы