Құжат мәтініне өту

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Қаулы · № а-4/83 · қабылданған 17.04.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-80134/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Күшін жойған Қаулы ·№ а-4/83 ·17.04.2014
20.10.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.10.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Күшін жойған Қаулы ·№ а-4/83 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Атауы (қаз.)
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
а-4/83
Қабылданған күні
17.04.2014
Көрсетілген редакция
20.10.2014 80134_180410.kaz
Соңғы өзгеріс
20.10.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14BH004177
ЭКБ идентификаторы
80134
Редакция идентификаторы
80134_180410
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:01

0 Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18, 238 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Егіндікөл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 5С24-7 «Aуылдық жерде жұмыс істейтін және азаматтық қызметкерлері болатын білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және ветеринария мамандарының лауазымдық тізбесін келісу туралы» шешімінің негізінде, Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

2

2. Егіндікөл ауданы әкімдігінің «Аудандық (селолық) жерде жұмыс істейтін білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет мамандарының лауазымдық тізбесін анықтау туралы» 2012 жылғы 5 шілдедегі № а-7/202 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2012 жылғы 2 тамыздағы № 1-8-133 тіркелді, 2012 жылғы 6 тамыздағы № 28 «Егіндікөл» аудандық газеттерінде жарияланды) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары З.Қ.Жұматоваға жүктелсін.

4 4. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

5 Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

Егіндікөл ауданының әкімдігінің
2014 жылғы 17 сәуірдегі
№ a-4/83 қаулысына
қосымша
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының
тізбесі

1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:

1 1) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

2 2) күтім бойынша әлеуметтік жұмыскер.

2 2. Білім мамандарының лауазымдары:

1 1) мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорын басшысы мен орынбасары;

2 2) барлық мамандықтың мұғалімдері;

3 3) әдістемелік орталықтың әдіскері;

4 4) оқытушы;

5 5) тәрбиеші;

6 6) медбике;

7 7) әдіскер;

8 8) аудармашы;

9 9) музыкалық жетекші;

10 10) психолог;

11 11) диеталық бике;

12 12) зертханашы;

13 13) жетекші;

14 14) кітапхана меңгерушісі, интернат меңгерушісі;

15 15) аға кітапханашы, аға жетекші;

16 16) кітапханашы.

3 3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:

1 1) мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы;

2 2) кітапхана меңгерушісі, клуб меңгерушісі;

3 3) аға кітапханашы, аға жетекші;

4 4) кітапханашы;

5 5) библиограф;

6 6) музыка жетекшісі;

7 7) барлық атаулардың суретшілері;

8 8) аккомпониатор;

9 9) мәдени ұйымдастырушы;

10 10) редактор;

11 11) үйірме жетекшісі.

4 4. Ветеринария мамандарының лауазымдары:

1 1) ветеринарлық дәрігер;

2 2) ветеринарлық фельдшер.

Қолданыстағы