Құжат мәтініне өту

Об определении перечня должностей специалистов в области образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Қаулы · № 126 · қабылданған 23.04.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-80146/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об определении перечня должностей специалистов в области образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Күшін жойған Қаулы ·№ 126 ·23.04.2014
20.01.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.01.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня должностей специалистов в области образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Күшін жойған Қаулы ·№ 126 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня должностей специалистов в области образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Атауы (қаз.)
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
126
Қабылданған күні
23.04.2014
Көрсетілген редакция
20.01.2016 80146_62395.kaz
Соңғы өзгеріс
20.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14BF004187
ЭКБ идентификаторы
80146
Редакция идентификаторы
80146_62395
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:55

0 Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 18, 238 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін келісу туралы» Астрахан аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 5С-28-4 шешімінің негізінде, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі, қосымшаға сәйкес, айқындалсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Қ.Қожахметке жүктелсін.

3 3. Осы қаулы 2014 жылдың 18 ақпанынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға тарайды.

4 4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

5 Астрахан ауданы әкімдігінің

2014 жылғы «23» сәуірдегі
№ 126 қаулысына қосымша
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде
жұмыс істейтін білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет,
спорт және ветеринария саласындағы мамандар
лауазымдарының тізбесі

1 1. Білім беру мамандарының лауазымдары:

1 1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы, мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысының оқу, оқу-өндірістік, оқу-тәрбие, оқу-әдістемелік, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, бөлімше (сектор, бөлімше бөлігі (бөлімі) кабинет) басшысы, кітапхана меңгерушісі;

2 2) мамандар (бас, аға), соның ішінде; барлық мамандықтағы мұғалімдер, кітапханашы, жетекші, тәрбиеші, емдәм бикесі, зертханашы, шебер, медициналық бике, әдістемеші, музыкалық жетекші, оқытушы, психолог.

2 2. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:

1 1) мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшысының орынбасары;

2 2) меңгеруші, оның ішінде үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімшесі;

3 3) мамандар (бас, аға), соның ішінде; күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман.

3 3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:

1 1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшысының орынбасары, бөлімше басшысы, кітапхана, клуб меңгерушісі;

2 2) көркемдік жетекші, үйірме жетекшісі, музыкалық жетекші;

3 3) мамандар (бас, аға), соның ішінде; аккомпаниатор, библиограф, кітапханашы, дыбыс режиссері, мәдени ұйымдастырушы, әдістемеші, редактор, режиссер, барлық атаудағы суретшілер.

4 4. Спорт мамандарының лауазымдары:

1 1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшысының орынбасары;

2 2) мамандар (бас, аға), оның ішінде; барлық мамандықтағы дәрігерлер, нұсқаушы, әдістемеші, медициналық бике, жаттықтырушы.

5 5. Ветеринария мамандарының лауазымдары:

1 1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшысының орынбасары;

2 2) бөлімше басшысы (сектор, бөлімше, филиал);

3 3) мамандар (бас, аға), оның ішінде; мал дәрігері, мал фельдшері, эпизоотолог, техник.

Қолданыстағы