Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества Жаксынского района

Ереже · № 5ВС-27-5 · қабылданған 16.04.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-80149/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества Жаксынского района Күшін жойған Ереже ·№ 5ВС-27-5 ·16.04.2014
31.03.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества Жаксынского района

Күшін жойған Ереже ·№ 5ВС-27-5 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества Жаксынского района
Атауы (қаз.)
Жақсы ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
5ВС-27-5
Қабылданған күні
16.04.2014
Көрсетілген редакция
31.03.2017 80149_183776.kaz
Соңғы өзгеріс
31.03.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14BM004190
ЭКБ идентификаторы
80149
Редакция идентификаторы
80149_183776
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:03

0 Жақсы ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына, аудан әкімінің 2014 жылдың 19 наурыздағы № 01-309 хатына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Жақсы ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛГЕН
Жақсы ауданының әкімі
Қ. Сүйіндіков
2014 жыл 16.04.

3 Жақсы аудандық мәслихатының

2014 жылғы 16 сәуірдегі
№ 5BC-27-5 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН
Жақсы ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Жақсы ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3 бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес әзірленді және Жақсы ауданының ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумағындағы ауылдың, көшенің, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2 2. Жақсы ауданының ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумағындағы ауылдың, көшенің, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2 2. Бөлек жиындарда өткізу тәртібі

3 3. Бөлек жиынды Жақсы ауыл және ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі шақырады.

Жақсы ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

4 4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылуы уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы аудандық «Жақсы жаршысы» газеті арқылы олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

5 5. Ауыл, көше, көп пәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өтізуді Жақсы ауылдың кенттің және ауылдық округ әкімі ұйымдастырады.

6 6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің, көп пәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

7 7. Бөлек жиынды Жақсы ауыл, кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Жақсы ауыл, кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

8

8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Жақсы ауданының ауылдың, кенттің және ауылдық округтің аумағындағы ауылдың, көшенің, көп пәтерлі тұрғын үй сайлаушыларының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде ұсынады. Жергілікті қоғамдастық жиыны мен жергілікті қоғамдастық жиналысына кәмелетке толмаған адамдардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың қатысуға құқығы жоқ.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

9 9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

10 10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мет хатшы қол қояды және оны Жақсы ауылының, ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.

Қолданыстағы