Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества Атбасарского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества Атбасарского района
- Атауы (қаз.)
- Атбасар ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 5C23/2
- Қабылданған күні
- 11.04.2014
- Көрсетілген редакция
- 23.12.2016 80153_138880.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.12.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14BE004193
- ЭКБ идентификаторы
- 80153
- Редакция идентификаторы
- 80153_138880
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:06
0 Атбасар ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген, Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Атбасар ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Атбасар ауданының
әкімі Ж.Нұркенов
11 сәуір 2014 жыл
3 Атбасар аудандық мәслихаттың
2014 жылғы 11 сәуірдегі № 5С 23/2
шешімімен бекітілген
Атбасар ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Атбасар ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген, Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес әзірленді және Атбасар ауданының, ауылдардың, ауылдық округтердің, Атбасар қаласының, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2
2. Атбасар ауданының, ауылдардың, ауылдық округтердің, Атбасар қаласының, аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3 3. Бөлек жиынды Атбасар қаласының, ауылдың, ауылдық округтің әкімі шақырады.
Атбасар ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4 4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы аудандық «Атбасар» және «Простор» газеттері арқылы немесе өзге де тәсілмен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5 5. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді Атбасар ауданының, ауылдың, ауылдық округтің, Атбасар қаласының әкімі ұйымдастырады.
6 6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7 7. Бөлек жиынды Атбасар қаласының, ауыл, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген Атбасар ауданының тұлғасы ашады.
Атбасар қаласының, ауыл, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген Атбасар ауданының тұлғасы бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Атбасар қаласының, ауылдың, ауылдық округтің аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй сайлаушыларының жалпы санының 10 % мөлшерінде ұсынады. Жергілікті қоғамдастық жиыны мен жергілікті қоғамдастық жиналысына кәмелетке толмаған адамдардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың қатысуға құқығы жоқ.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.